
Балалардың отпен ойнауы көбінесе ата-аналардың өзінен болады. Қараусыз үйде жалғыз қалған жасөспірімдер рұқсат етілмеген сіріңке сияқты қауіпті заттармен қызығып ойнайды, ал мұндай ойынның ауыр салдарын олар ойламайды.
Осы сияқты жағдайлар ата-аналар балаларға қол жетімді орындарда сіріңкені, тұтағышты алып тастауды ұмытқанда, сөнбеген электр құрылғыларын, жанып жатқан пешті қараусыз қалдырғанда болады. Ата-аналар кейде балаларының отқа деген үлкен ермектерінің барын ұмытатын жағдайлар болады, кейбір ата-ана баласының көзінше сіріңкені ойынға айналдырады. Ал кейбіреулері сіріңкені жандырып, оны өзінің баласына сөндіруге рұқсат ететіні ағатты болады, жасөспірімдердің көзінше жанғыш сұйықтардың көмегімен алау жандырады. Әрине, бұл баланың қызығушылығын оятады, жақсы тұтанған алау көпке дейін олардың есінен кетпейді. Бір көргеннен қауіпсіз деп саналатын бірнеше іс-әрекеттен кейін балаларда отпен ойнау әдет пайда болады. Жасөспірім отпен рұқсат етілмеген ойындардың қауіптілігін жақсы меңгеруі үшін оған бұл жайлы тұрақты ескеріп отыруы қажет.
Жасөспірімдердің отпен ойынының қаупі айқындалып айтылатын кітапті ұсынуға болады. Олар зерігіп ермек іздемеу үшін, әлдеқандай тапсырма беріп, қажетті ойыншықтар мен қызықты суреттері бар кітаптар сатып алу қажет. Естен шығармаңыз: бүлдіршін балаларға олардың жас шамасына әлдеқандай үлкен тапсырмалар беруге болмайды: пеш жағу, электр жылыту құрылғыларын жандыру. Бұл тапсырманы орындай келе, балалар өрттің пайда болғанына еріксіз кінәлі болады. Отпен көбінесе жас балалар ғана емес, ересек жастағы балалар да ойнауды ермек етеді. Кейбір оқушылар аулаларда алау жағып, содан кейін ойнап от шашу жасайды. Олардың қолына бензин, керосин және басқа да тез тұтанатын материалдар жиі түседі. Бұлардың бәрі қайғылы оқиғаларға әкеледі, балалардың отпен ойнау әзілдеріне қарсы күрес – бұл отпен күрес қана емес, ол ең алдымен біздің балаларымыздың бақытты, қуанышты, денсаулығы мықты өмірі үшін күрес.
Мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында, бүлдіршін жастағы балалары бар ата-аналар өз балаларымен отпен ойнауға әкелетін қауіпсіздік туралы сұхбат, әңгімелер жүргізуі қажет.
Шынарбай Даулет Ержанұлы
Азаматтық қорғау лейтенанты, Абай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері