
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Қаратау ауданы ТЖ бөлімінің ұйымдастыруымен zoom арқылы онлайн режимінде дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шара «Адалдық алаңы» жобасының аясында өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталғын. Дөңгелек үстел жұмысына №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қатысты.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Антикор» алаңының өкілі Қамбар Жани Сайдуллаұлы ТЖ мамандарына кездесудің мақсатын сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталғанын алға тарты. Елімізде, қала аумағында осы мақсатта жоспарланған және жүзеге асырылған іс-шаралармен таныстырып өтті.
Онлайн режимінде Қаратау ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері тарапынан 2020 жылғы 6 айында сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмағандығы айтылып, бұл бағытта жеке құраммен үнемі жұмыс жүргізілетіндігі нақтыланды. Сонымен бірге короновирус індеті кезінде ТЖ және өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары күшейтілген режимде жұмыс атқарып, аудан аумағында орын алатын барлық өрттерге уақтылы жетіп, өз міндеттерін атқаруда. Пандемия кезінде қала тұрғындары үйде болуына қарамастан, тұрғын үйлерде өрт оқиғалары орын алатындығы, өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтау туралы ескертілді.
Е.Тасқараев
Қаратау ауданы ТЖ бөлімінің бастығы