КӨЛІК ЖӨНДЕУДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАНҒАН ЖӨН

Шымкент қаласының Абай ауданындағы Исмаилов көшесі бойында 18 қаңтарда, сағат 11-30-да «Митцубиси» маркалы автомобильді жөндеу кезінде жеке ТҚС аумағында (автомобильдерге ұсақ-түйекті жөндеу жүргізіледі, жалпы ауданы 48 ш.м.) газ-ауа қоспасының (машина газ жабдығында болды) тарсылы орын алды. Өртсіз. Нәтижесінде ауданы 18 ш.м. үй-жайда есіктер мен төбе жаппалары зақымданған. ТҚС жұмыскері 1974 ж. т. және машина иесі 1974 ж.т. 4% бет пен қол күйігін алды, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД 10 қызметкері мен 2 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы шықты.

Шымкент қаласының ТЖ департаменті мына ережелерді еске салады!

МАҢЫЗДЫ!

Қызмет көрсету қызметкерлері ТҚС-да еңбекті қорғау ережелерін орындауы керек.

  • Жұмыс процесіне тек осы саладағы тиісті біліктілігі бар қызметкерлерге рұқсат етіледі.
  • Барлық қызметкерлерге жұмыс ережелері және жұмыс орнындағы қауіпсіздік туралы нұсқау берілуі керек.
  • Ұйым қабылданған нормаларға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті. Қауіпсіздік ережелері мен нормаларын орындау үшін жауапкершілікті басшы көтереді, ол ТҚС өндірістік учаскесінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.
  • Кәмелетке толмағандар, сондай-ақ жүкті және бала емізетін аналар химиялық заттармен, дәнекерлеумен, электр құралдарымен және пневматикамен, сондай-ақ көтергіш құрылғылармен жұмыс істеуге құқығы жоқ.
  • Жөндеу және қызмет көрсету тек қажетті мөлшердегі арнайы киімде және қажет болған жағдайда қорғаныс құралдарында жүзеге асырылуы мүмкін.

Б.Избасаров

Азаматтық қорғау полковнигі, Шымкент қ.ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика