Байқау жеңімпаздары анықталды

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани Жаңғыру» бөлімі мен «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы қорытындыланды. Кітап оқушылар сайысы 15 қазанда бастау алып, екі кезең бойынша өткізілген болатын.

tories/20122019-2.jpg» border=»0″ />

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, кітапқа деген қызығушылық пен кітап оқу мәдениетін арттыру, оқырмандардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, қолдау көрсету және үздік көркем шығармаларды кеңінен насихаттауды мақсат еткен шараға қаладағы кітап сүйер қауым белсенділік танытты.
Байқаудың бірінші кезеңі бойынша үміткерлер өзінің сүйікті шығармасын мәнерлеп оқып, бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған болатын. Екінші кезеңде көп пікір жинаған қатысушылар Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасы мен Әбілда Тәжібаевтың лирикасын талқылады.

Байқау қорытындысы бойынша көш ілгері озып шыққан қатысушылар жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды. І орынды Ұлықбек атындағы №3 мектептің оқушысы Айжан Сұлтанболатқызы жеңіп алса, ІІ орын Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының оқушысы Арсен Абдулланың еншісінде кетті. Жүлделі ІІІ орын да №47 мектеп – гимназиясының оқушысы Әділет Өменовке бұйырды.

Байқауға қатысушылардың ынтасын жоғары бағалаған ұйымдастырушылар «Үздік оқырман» номинациясын бірден 5 оқушыға табыстады. Олар: №98 жалпы орта мектептің оқушысы Ақниет Жайынбай, Ұлықбек атындағы №3 мектеп оқушысы Айзада Жалынбекқызы, №112 мектеп оқушысы Сардар Назирхан, №68 мектеп тәлімгері Абилаш Жанайса.

Ал «Шымкент шайырларының ойлы оқырманы» номинациясына Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-лицейінің оқушысы Аят Ғалымұлы лайық деп танылды.
Жеңімпаздар мен наминанттарға арнайы сыйлықтар табыс етілді. Және оқушыларды сайысқа дайындаған кітапханашылар да ұйымдастырушылар назарынан тыс қалмады.
Өскелең ұрпақтың танымын кеңей¬тіп, өресін биіктету мақса¬тында өткізіліп отырған шара келер жылы да өз жалғасын таппақ.

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика