СЫРҒЫМА ҚАУПІН ЕСКЕРЕ ЖҮРІҢІЗ

Сырғыма – жер қыртыстарының ауырлық күйінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сай, қырлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай сырғуы.

Көбінесе, жыралардың сумен шайылуы, топырақтың жауын-шашынмен шектен тыс мол ылғалдануы, жер сілкінуі немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстары, жар қабаттарынан топырақ қазу, жол салу), т.б. жағдайларда сырғыма туындайды. Нәтижесінде, топырақ массаларының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, инженерлік жол құрылымдарының, магистральды құбырлар мен электр тасымалдау бағаналары қирап құлауына, сондай-ақ, адамдардың зақымданып, немесе мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.

Сырғыма қаупінің белгілері: төбе, жар беткейлерінде жаңа сызаттар мен жарық іздері пайда болуы, немесе жер асты суларының жер бетіне шығуы болып табылады.       

Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика