Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының оқушылары экскурсияға шықты. Оларды қаланың көрікті жерлері мен мәдени нысандарымен таныстырып, арнайы қызметтер ұсынылды. Іс-шараға 30-ға жуық ерекше жас тартылды.⠀
⠀
— Шымкент қаласынын көрікті жеріне барған балалар өте қуанышты.⠀Бүгінгі саяхат оқушылар үшін өте пайдалы болды деп ойлаймын. Еліміздің тарихымен танысып, білімін арттырды. Іс-шараны ұйымдастырған ұжымға алғысым шексіз, – деді есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Нұрлыбайқызы. ⠀
⠀
Аталмыш бағдарламаға сәйкес жастар Шымкент Ескі қалашығын (Цитадель), «ShymQala» этно ауылына, Тарихи-өлкетану мұражайы, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы және Бәйдібек би этносаябағын аралап, арнайы гидтердің бөліскен тарихи ақпараттарын тыңдап, қаламыздың көрікті орындарын тамашалады.
Айта кетейік, 20-25 қазан күндері мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған іс-шаралар кешені аясында мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті меңгеру бойынша оқыту курсы ұйымдастырылады. Курсқа 100-ге жуық жас қатысады деп жоспарланып отыр.
Есту қабілеті бұзылған балалардың бірнеше ерекшеліктері бар. Есту қабілеті бұзылған балалары есте сақтау үшін көмекші құралдарды қолданады. Еліміздің қоғамдық өмірінде болып жатқан өзгерістер мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендірудің объективті жағдайларын айтарлықтай өзгертеді.Бұл мақалада осы процестердің анықтамалары келтірілген, сонымен қатар мектеп – жасындағы оқушыларға психологиялық — педагогикалық сипаттама берілген.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіруге арналған зерттеулер санының көбеюі кезінде әлі күнге дейін мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ықпалдастыру әдістемелерінің жүйесі жоқ екеніне негізделеді. Маңызды әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешу мақсатында оны дамытудың жаңа кезіңінде мамандандырылған білім беру мекемелері мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін іздестіру мәселесі алдында тұр. Қазіргі қазақстандық қоғам мәселелерінің бірі мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру мәселесі болып табылады. Бүгінгі әлемде бұл мәселе тек ғылыми ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәнге ие.
Leave a Reply