ЖАСТАРҒА АРТАР ЖАУАПКЕРШІЛІК МОЛ!

 Өрт сөндіру қызметінің негізгі қызметі өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу. Барынша тез өрт сөндіру құралдарының қанат жаюын  іске  асыру, адамдарды құтқару, құндылықтарды қауіпсіз аймаққа шығару, биіктерде, түтінге оранға ортада және жоғары температурада жұмыс жасау, қиын жағдайларда түрлі кедергілерден өту жеке құрамнан тек өз міндетіне деген жоғары жауапкершілікті  ғана емес, жақсы денсаулықты, төзімділікті, батырлықты, тез әрекет етуді талап етеді. 

Бұл қасиеттердің барлығы Шымкенттік өрт сөндіруші-құтқарушылардың бойында бар. Өйткені олар барлық  кезде белсенді, тұрақты түрде өздерінің дағдыларын  жетілдіруге және спортпен айналысуға көңіл бөледі,  спорт адамның моральдық-жігерлік қасиетін дамытуға көмектеседі. Сондай жастардың бірі – Бабахан Абылай Бабаханұлы. 

Шымкент қаласында   1995 жылы 23 наурызда дүниеге келген Абылайхан азаматтық қорғау органының құрдасы, яғни 2020 жылы 25 жасқа толды. 2013 жылы Көкшетау техникалық институтына оқуға түсіп, 2017 жылы оны аяқтаған жас маман алғашқы еңбек жолын Шымкент қаласындағы өрт сөндіру қызметіне қарасты №44 өрт сөндіру бекетінде қарауыл бастығы лауазымынан  бастайды. 2018 жылы №2 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл лауазымында ауыстырылады. Қызметке алғаш қадам басқаннан-ақ ол өзінің өжеттілігін танытып, жақсы жағынан көрінді. Одан 2018 жылы Қызметтің әскери-жұмылдыру жұмыстары тобының аға инженері лауазымына ауысады. Қазіргі таңда аға инженер қызметінде. Барлық іс-шарада белсенділік танытып, өз ізін тиянақты орындайтын Абылайхан  тәжірибелі мамандардан үйренуден әрдайым жалыққан емес. Қала аумағында орын алған өрттерде, оқу-жаттығуларда алдыңғы шепте көрініп жүрген Абылайхан Бабаханұлы 2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай кезінде басқа да өрт сөндірші-құтқарушылармен бірге  көмекке аттанды.  Оқиға орнында ең басты міндеті- адамдардың өмірін құтқару үшін қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстарын белсенді жүргізді. Анаға да, балаға да, қарт пен жасқа да өз көмегін аямай,   күн-түн демей, басқа да өрт сөндірушілермен бірге   қызмет етті. Өзінің  антына адал, қызметтік міндетін бұлжытпай орындайтындығын осылайша дәлелдей білді. Осы үшін де  Бабахан Абылай Бабаханұлы Ішкі істер министірінің алғыс хатымен марапатталды.            

Осындай жаңа серпіннің бастауына айналған жас ұрпаққа еліміздің қашанда артар сенімі де аға буынның артар жауапкершілігі де мол! Боламын деген баланың белін буу  біздің-аға буынның міндеті деп білемін. 

А. Бейсембаев

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің  бастығы,  азаматтық қорғау полковнигі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика