Бүгін Шымкент қаласында Теннис орталығының жетекші мамандары еріктілерге үлкен теннистен шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шараныңбастымақсаты – қала жастарының спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып, оларға теннис ойнауды үйрету. Аталған спорттық ойын «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «SportVolunteers» жобасы аясында өтті.
– Шаһарда еріктілердің арасында үлкен тенниске қызығушылық танытып жүрген жастар көп. Осыны ескере келе, олардың бос уақытын тиімді пайдалануда бірқатар жобаларды қолға алдық. Алдағыуақытта спорттың бұл түріне қатысамын деген жастарға теннис орталығына тегін жазылуына көмекб ереміз, – деді Абай аудандық Жастар ресурстық орталығының бөлім жетекшісі ӘйгерімАсанқызы.
Бүгінгііс-шарада еріктілер жаттықтырушыларымен бірге ойнап, теннистің техникасын үйренді.
– Жалпыүлкен теннис – адамның физикалық және психологиялы қденсаулығына өте пайдалы. Бүгінгі жобада жастар спортты жылдам игеріп жатыр. Олар болашақта әуесқой теннисшілер қатарынан табылса таң қалмаңыздар, – деді Теннис орталығының жаттықтырушысы Талғат Арыстанов.
Жастар техникасын үйреніп жүргенде БАСКЕТБОЛШЫЛАР – ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ атанды.Баскетболдан 2006-2007 жылы туған қыздар арасында Қазақстан Республикасының күзгі чемпионатыҚажымұқан атындағы орталық стадионда өтті. Ел біріншілігіне Астана қаласы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облысы және Шымкент қаласынан 2 команда қатысып, бақтарын сынады.
17-23 қараша аралығында өткен бәсекеде жерлестеріміз сәтті өнер көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласы бірінші орынды жеңіп алды. Астана қаласы 2-ші, Маңғыстау облысының командасы 3-ші орынға ие болды.
СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚР КУБОГЫнда қоржынға 1 АЛТЫН, 1 ҚОЛА медаль түсті.
Алматы қаласында семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы басталды. 22-28 қараша аралығына жоспарланған сайыста шымкенттік спортшылар жүлделі орындардан көрінуде.
Шпагадан ерлер арасындағы жеке біріншіліктің қорытындысы бойынша Ерлік Сертай жеңімпаз атанып, мерейі үстем болды. Ал Эльмир Әлімжанов қола жүлдеге ие болды. Әзірге спортшыларымыз 1 алтын, 1 қола жүлдені қоржынға салды. Байрақты додада еліміздің әнұраны көптеп шырқалады деп сенейік.
ҚР Кубогі «Самұрық-Қазына» қайырымдылық қоры мен «Спорт Қоры» қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Шымкенттіктердің спорт саласындағы жетістіктері жыл соңына қарай осылай айшықталып отыр.
Leave a Reply