ҚАЛАҒА ҚАР ЖАУҒАНДА

Шымкентке қар жауды. Жауған аппақ қармен шырайлы шаһар түні де одан сайын ажарлана түсті. Осындай бір ерекше сәтте Ерлан Жүніс ақынның «Қар жауды ма?» деп аталатын өлеңі шумақталып, ойыңа орала кетеді екен. Көркем Шымқала түні мен көрікті өлең үйлескенде айнала тіпті жарқырай кеткендей…

Сен тұратын қалаға қар жауды ма,

Жауған қарға жанарың арбаулы ма?

…Қалай-қалай жол енді түсер екен,

Қарай-қарай жанарым талды-ау мына.

Назым ба екен, бұл маусым насыр ма екен,

Қай тарауда қандай сыр жасырды екен?!.

…Ерініңе қонған қар еріді ме,

Еріді ме, жоқ əлде ол жасың ба екен?..

Моншақ-моншақ жасыңнан мұз қалды ма,

Мөлдір-мөлдір сезімнен сыз қалды ма?

Қар жауды ма, жауды ма жаумағандай,

Жалғыз аяқ сол қарда із қалды ма?

Сен тұратын қалаға қар түсті ме,

Былтырғыдан жауған қар зор түсті ме?

Енді көктем келместей…

…көрместей боп,

Қармен бірге ішіңе зар түсті ме?

Қалың-қалың қаланы қар басты ма,

Қап-қара аспан қабағын зорға ашты ма?

Қар жауды ма, жауды ма жау секілді,

Жауған қармен жас жаның арбасты ма?

Кім біледі, сол қала қарлы ма екен,

Қарлы күннің салқыны шалды ма екен,

Жанарыңды тұмшалап алды ма екен,

Жүрегіңді құрсаулап алды ма екен?..

Шілде – қаңтар, о, неге, қаңтар – қаңтар,

Аязды күн аяғым тартар-тартар.

Сен тұратын қалада, бәлкім, көктем,

Мен тұратын қалада қар!

Қар! Қар! Қар!..

(с) Erlan Jùnis

Суреттерді түсірген Серик Косаев

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика