16.11.2021

ГАЗДЫ ТҰРМЫСТА ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Күн суытып, жылыту маусымы басталысымен тұрғындар  үйді жылыту қамымен газ немесе қатты отынды жиі пайдалана бастайды. Олардың арқасында үй жылығанымен, қауіпсіздік ережелеріне жете назар аудармаудың салдарынан иісті газдан улану жағдайы немесе өрт орын алып жатады.  Мұндай жағдайға жол бермеу үшін бірінші кезекте қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

Құрметті, газ тұтынушылар! Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі туралы ойлаңыздар – газ жабдығына уақытылы қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етіңіздер! Сондай-ақ мына ережелерді қатаң сақтаныңыздар:

Тұрмыста газды қолдану кезінде қажет:

  • Газ аспаптарының, түтіндіктер мен желдеткіштердің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасау, түтіндіктің «қалтасын» мерзімді тазалап отыру;
  • Газды пайдаланып болған соң, газ аспаптарында және олардың алдындағы крандарды жабу;
  • Пәтер ішінде газ иісі пайда болған кезде газ аспаптарын қолдануды дереу тоқтату, аспаптарға жалғанған крандарды жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашу, 104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақырту. От жақпау, темекі тартпау, электр жарығы мен электр құралдарды қоспау және қосулы болса, сөндірмеу, электр қоңырауларды пайдаланбау;
  • Газ құбырлары мен газ жабдықтарын тексеру және жөндеу үшін тәуліктің кез-келген уақытында пәтерге газ шаруашылығы кәсіпорнының қызметкерлерін олар қызметтік куәліктерін көрсеткенде кіргізу.

Тыйым салынады:

Үйлерді (пәтерлер, бау-бақшадағы шағын үйді) газдандыруды өз бетінше жүргізуге, газ аспаптарының, баллон мен бекіту арматураларының орнын ауыстыруға және жөндеуге;

  • Газ аспаптары орнатылған орынжайларда ұйықтау мен демалу үшін қолдануға;
  • Газ шығуын анықтау үшін ашық отты пайдалануға (газ шығуды анықтау сабын эмульсиясымен немесе арнайы аспаппен жүргізіледі);
  • Түтін мен желдету жүйелерінің құрылысын өзгертуге;
  • Екі қабаттан көп қабаттары бар тұрғын ғимараттарының пәтерлерінде баллондарды орналастыруға;
  • Желдету арналарын бітеп тастауға, түтіндіктерді тазалауға арналған «қалталар» мен люктерді бітеп немесе сылап тастауға.

ГАЗ ИІСІ ШЫҒЫП ТҰРСА  НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Пәтерде:

  • Газ құбырындағы вентильді жабыңыз
  • Терезелерді дереу ашыңыз, өтпе жел жасаңыз
  • Жарық немесе тұрмыстық аспаптарды қоспаңыз — ұшқын жарылыс туғызуы мүмкін.
  • 104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақырыңыз.

Кіре берісте:

  • тұрғындарды мүмкін қауіп жөнінде ескертіңіз, орынжайды босатыңыз;
  • кіре берісті ішіне тұтанған темекімен ешкім кірмейтіндей етіп, бақылауда ұстаңыз. 

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Газ жабдығы жақсы желдетілген және ауасы жаңартылған бөлмеде жұмыс істеуі тиіс!

С. Шойманов

Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі