«БҮГІНГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ МЕН БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРДІ САЛЫСТЫРУ ДҰРЫС ЕМЕС»

Рашид Аюпов, Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы:

«Бүгінгі мемлекеттік қызметші мен бұрынғы қызметкерді салыстыру дұрыс емес»

tories/jMP_VhPhT58.jpg» width=»299″ height=»448″ alt=»jMP_VhPhT58″ style=»float: left;» />Мемлекеттік қызмет порталы құрылады

-Әңгімені «Ашық үкімет», «Ашық әкімдіктен» бастасақ. Кейінгі кезде қолданысқа енген бұл ұғымдар біреуге таныс, біреуге бейтаныс дегендей…

-Бүгінгі таңда елімізде мемлекетке деген халықтың сенімін арттыру тәсілдерінің бірі ретінде әкімшілік кедергілерді азайту және ашықтықты арттыру бойынша шаралар қолға алынғаны бәріне белгілі. «Ашық үкімет», «Ашық әкімдік» осы бағытта атқарылып отырған жұмыстардың бірі десек жаңылыспаймыз. Ал, енді жергілікті әкімдік қызметінің маңызды салаларының бірі ретінде халықпен жұмыс және кері байланысты айтып кетуге болады. Біз қазір осыған баса назар аударып отырмыз. Осы мақсаттағы алғашқы жаңалықтарымыздың бірі Шымкент қалалық әкімдігінің WhatsApp және ресепшн қызметі болып табылады. Бұдан басқа, әкімдікке келіп түсіп жатқан хаттар мен өтініштерді қадағалаудың бірыңғай жүйесін құру жоспары да бар. Мұндай жағдайда аталған қызметті тұтынушы азаматтар нақты уақыт режимінде кімнің өтініші орындалу үстінде екенін және қанша уақытта орындалатынын көре алады.

 

Оған қоса қаламыздың тұрғындары үшін әкімшілік фронт офис ашуды жоспарлап отыр. Яғни қәзір азаматтар әкімшілік немесе оның құрылымдық бөлімшесіне барып қызмет алатын болса, барлық қызмет түрлері бір офистан қызмет көрсететін болады. ХҚКО секілді уақыт үнемдеумен қызмет алу тездетіледі.

Қоғамдағы билік ашықтығына қол жеткізудің тағы да бір маңызды қадамы ретінде әкімдік жанындағы қоғамдық кеңестің жұмыс істей бастағанын да айтуға болады. 

 «Ашық әкімдік» жобасын осындай жаңашылдықтармен тәжірибелік тұрғыдан жүзеге асыруды көздеп отырмыз, оның мақсаты әкімдік қабылдаған шешімдердің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, барлық мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және мемлекеттік органдардың қызметі туралы нақты мәліметтер алу үшін мемлекеттік қызметтер порталын құру болып табылады. 

Қәзіргі таңда әкімшіліктің интернет парақшасында , егер әкім болсам деген тақырыптағы рубрикасы арқылы кез-келген азаматтар ұсыныстарын жеткізе алады. Барлығы қала әкімінің жеке бақылауында.

-СҰРАҚ: Өзіңіз айтып отырғандай билік халыққа жақындау үшін маңызды қадамдар жасап отыр екен. Жаңа тәжірибелік тұрғыдан деп жақсы айттыңыз. Хаттар мен өтініштерді қадағалаудың бірыңғай жүйесі болжамды түрде қай уақыттан бастап жұмыс істейді және халық ол үшін не істеу керек? Жүйені түсіндіру, насихаттау жұмыстары қалай жүреді?

-Хаттар мен өтініштерді және басқа құжаттарды қадағалау жүйесі үстіміздегі жылдың бірінші қазанынан бастап іске қосылады. Азаматтар өз өтінішін қанша уақыттыа орындалуын, қай қызметкердің қарауында екенін интернет арқылы қадағалап отыра алады. Ол жүйеде регламент бойынша қанша уақытта қаралуы керектігі туралы мәлімет ала алады. Құжат өткізген кезінде аранйы код беріледі. Халықпен Үкімет арасын жақындатады және мемлекеттік қызметкерді құжаттардың уақытылы қаралуына әсер етеді. Насихаттау жұмыстары интернет арқылы, әлеуметтік желілер арқылы және телеканалдар арқылы жүргізілетін болады. Барлық жаңа жүйелер елімізде алғаш рет енгізілуде. Келешекте жүйе ары қарай дамитын болады, яғни мектепке және бала бақшаға кезекке тұру, орын бөлу секілді функциялар қосылады.

 -Мемлекеттік қызметтің қыр-сырын бір кісідей білесіз. Еңбек жолыңыздың бір бөлігі осы саламен байланысты. Осыдан он жыл бұрынғы мемлекеттік қызметкермен бүгінгі мемлекеттік қызметшіні салыстыруға бола ма? Не өзгерді, нені өзгерту керек?

 Қазақстандағы мемлекеттік қызмет институтының жиырма жылға жуық тарихы бар, осы уақыт ішінде аталған институт құрылымы мен тұжырымдамасы тұрғысынан көптеген өзгерістер мен реформаларға ұшырады. Бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызметкерлер мен осыдан он жыл бұрынғы қызметкерді салыстыру дұрыс емес. Бұл сол жылдары шыққан компьютер мен ұялы телефондарды бүгінгі нұсқаларымен салыстыру секілді. 

Олай болатыны он жыл уақыт бұрын мемлекеттік қызметкердің қызметіне қойылатын талаптар басқа болды және ол сол уақытта қойылған талаптарға сәйкес болды. Біз дәл қазір бұрынғы және қазіргі мемлекеттік қызметкерлерді салыстыру арқылы адам әлеуеті мен кәсібиліктің сапалы дамуын және меритократия ұстанымдарын көре аламыз. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлердің дербестігі мен жеке қасиеттерін дамытуға баса назар аударылып отыр. Және осы қасиеттеріне мансап жолындағы өсуі мен еңбек ақысы тәуелді болады. Ал, мемлекеттік қызметтің тұрақты атқаруға тиісті жұмыстары туралы айтсақ, ол басқару сапасын жақсарту және техникалық және экономикалық дамумен қатар жүру керек. Себебі , мемлекеттің дамуына орай мемлекеттік қызметті тұтынушылардың талғамдары да, азаматтар мен қоғамның мемлекеттік аппарат жұмысының сапасына қоятын талаптары да дамып отыр. Мемлекеттік қызмет соған жауап беруі және сай болуы, түрленуі керек.Ол солай болып отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметті тек қана төлқұжат орны немесе АХАЖ түріндегі қызмет түрімен елестетудің өзі қиын.

Әлеуметтік желілердегі бақылаусыз жұмыстардың зиянды салдарын да ұмытпаған дұрыс

— Әлеуметтік желіден байқап отырамыз, әлеуметтен түскен сұрақтардан жалтарып қашпайсыз, бұғып үнсіз қалмайсыз. Мұндай ашықтық мемлекеттік қызметшіге қаншалықты керек?

-Қазіргі таңда әлеуметтік желілер ғаламтордың қарқынды дамып отырған сегменті екеніне талас жоқ. Бұл оларды қарым-қатынастың қызықты және тиімді арнасы етіп отыр.Бұған да шүбә жоқ. Сол себепті де мемлекеттік органдар аталмыш құралды толықтай пайдалануы тиіс. Оның артықшылығы мемлекеттік органның қандай да бір қызметін пайдаланушылар әрекетіне мониторинг жүргізу барысында керек кері байланыс алуда ерекше байқалады. Сондай-ақ ресми ақпаратты кеңінен тарату; бұқаралықты дамыту және мемлекеттік орган қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етуде әзірге таптырмайтын тиімді әдіс.

Дегенмен, осы орайда әлеуметтік желілердегі бақылаусыз және реттелмеген жұмыстардың зиянды салдарын да ұмытпаған дұрыс. Осы мақсатта үкімет Ғаламтор желісінде, оның ішінде, әлеуметтік желілер мен блог-платформаларда жұмыс жасау бойынша мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметкерлеріне мемлекеттік қатысу арқылы жадынама дайындады. Әкімдік жұмысы барысында аталмыш ережелерді ұстанамыз. Мемлекеттік қызметкердің ашық болуы, атқарып отырған қызметінің аясында түскен сауалдарға жауап беруі негізгі міндеттерінің бірі деп қабылдау керек.

 БАҚ өкілдері бірден өкілетті лауазымды тұлғаларға жүгінуі керек

 —Міндетін өз деңгейінде атқармайтын мемқызметшілер де бар. Соның салдарынан мемқызметшілер жайлы пікір де саналуан. Даттайтындар да бар. Бірақ мемлекет беделді болу үшін мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджін кім қалыптастыру керек. Осы имиджді мемқызметшінің өзі қалыптастыра ма жоқ халық арасындағы пікір ме, әлде басқа да пиар технологиялар бар ма? Журналистердің жұмысына қатысты айтайық, көбіне мемлекеттік қызметшілер жұмысының көптігін айтып, сұхбат беруді кейінге қалдырып, бір-біріне сілтеп жұмысты сөзбұйдаға салып жібереді. Бұл қаншалықты мемлекеттік қызметшінің этикалық принциптеріне сай? Осындай жағдайда ол этикалық нормалардың қандай талаптарын бұзады немесе орындайды?

-Мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджін қалыптастыру мәселесі – билік органдарының халықпен өзара әрекеттестігінің маңызды түйткілдерінің бірі. 

Халық тарапынан жоғары сенім деңгейі болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет өз қызметтерін тиімді жүзеге асыруға қабілетсіз болады. 

Имиджді қалыптастыру және нығайту – тұрақты жұмыс жасау мен сапалы шешімді қажет ететін күрделі мәселе. Бұл жұмыстарды тек мемлекеттік органдар ғана емес, мемлекеттік қызметкерлердің өздері өзін-өзі жетілдіру мен оқыту арқылы жүзеге асыруы керек. Осы орайда айта кететін мәселе, халық тарапынан берілген нұсқаулар мен ескертулердің рөлі зор және олар аталмыш саладағы кемшіліктер мен олқылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. 

Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдебі ережелеріне сәйкес, мемлекеттік орган қызметі мәселелері бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеуді мемлекеттік органның басшысы немесе өкілетті лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. Мұнда мемлекеттік қызметкер қандай жағдайда мемлекеттік саясат және қызмет бабы мәселелері бойынша өз пікірін бұқара алдында айтпауы тиісті жағдайлар да сипатталған. Сол себепті БАҚ өкілдері бірден өкілетті лауазымды тұлғаларға жүгінуі керек.

 —Ұлт жоспары атанған 100 нақты қадамның негізгі бір бөлігі кәсіби мемлекет құруға бағытталған. Оның орындалуын біз мемлекеттік мекемелердегі қызмет көрсетушілердің біліктілігі, білімі, жүріс-тұрысы, көрсеткен қызметінен көреміз. Осы қызмет көрсету сапасы қаншалықты өсті. Өзіңіз отырған жергілікті билікте осы қаншалықты байқалады? Қалалық әкімдіктегілер қаншалықты тұрғындарға жақын, ашық.

 -Мен жоғарыда айтып кеткенімдей, мемлекеттік қызметті жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады. 

«100 қадамның» бірінде мемлекеттік қызметкерлердің ынтасын күшейту, олардың кадрлық және кәсіби әлеуеті деңгейін арттыру дер кезінде анықталған және ол мемлекеттік органның жалпы имиджіне және тиімділігіне ықпал етеді. Мемлекеттік аппаратты реформалаудың маңызды құралдарының бірі меритократия – «лайықтылар билігі» ұстанымдарын белсенді қолдану болып отыр.

Қазіргі кезде мемлекеттік қызметкерлер олардың жетістігі мен мансабы өздерінің оқу мен біліктілігін арттыруға дайындығына, халыққа ашықтығы мен көрсететін мемлекеттік қызметтерінің сапасына тікелей тәуелді екенін түсінген. Сол себепті, біз біршама кәсіби деңгейге жоғарыладық деп ойлаймыз және оны тұтынушыларымыз, қала тұрғындары бағалайды деген үміттемін. 

Абыроймен келіп абыроймен кету және қонақта болу этикасын ұмытпау

 -Бұрынырақта мансапқор деген сөз жағымсыз естілетін, қазір мансап баспалдағымен көтерілуді жоспарлау қажеттілік. Мемлекеттік қызметші мансап жолын жоспарлауда нені ескеру керек?

 -Бірінші кезекте, мемлекеттік қызметкердің басты мақсаты – халыққа қызмет ету екенін ешқашан естен шығармау керек. Мысал ретінде айтсақ, мемлекеттік қызметкер ол қонақ секілді, ең маңыздысы абыроймен келіп абыроймен кету және қонақта болу этикасын ұмытпау. Қазақта қонаққа барған кезде этиканы сақтап, абыроймен барып абыроймен қайту маңызды. Әрбір мемлекеттік қызметкер ол мемлекет алдында қонақ.

Мемлекеттік қызметкер – сөздің тура мағынасына сәйкес мемлекеттің «қызметшісі». Мемлекеттік қызмет агенттігі басшылары мен қызметкерлерінің семинарлар мен оқыту курстарын өткізу барысындағы өз «ерекшеліктері» болған – олар «мемлекеттік қызмет» терминінің ағылшын тіліндегі аудармасын «Civil Service» немесе жай ғана «сервис» мысалға келтірген. Бұл сөз мемлекеттік басқару органдарымен өзара қатынастағы қоғамға қызмет көрсету ұғымының нақты мағынасын дәл сипаттайды. Шын мәнінде, аталған мысал мемлекеттік қызметкерлердің басты қызметін білдіреді.

-Шетелде Қазақстанның имиджін жасауға азды-көпті үлес қостыңыз. «Казальянстағы» жұмысыңызды айтып отырмын. Осы тәжірибеңізді қазіргі атқарып отырған қызметіңізге пайдалана алдыңыз ба? Қала әкімдігіне жаңа көзқарастағы, жаңашыл басқарушылар келді, не өзгерді? Басқару жүйесі, тәсілдеріндегі жаңашылдықтар қандай және ол әкімдік қызметкерлерінің жұмысы мен көзқарасына қалай әсер етуде. Бюрократтық бар, бюрократ мемқызметшілер бар, оларды қалай өзгертуге болады? 

-«КазАльянс» бірлестігі шеңберіндегі қоғамдық қызмет ең бірінші кезекте шетелде білім алып жүрген талантты жастарға бағытталған коммуникацияның тағы бір құралы. Ұлыбританияда оқып жүргенде, мен өкінішке орай, қазақстандықтардың қандай да бір бөлігі өзінің болашақ еңбек жолын Қазақстанда бастауды жоспарламайтынын байқадым. Бұдан басқа, біздің мемлекетіміздің шетелдік имиджі күнделікті қолдау мен дамытуды қажет етті. Бірлестік осы мақсаттарға шетелдегі қазақстандықтарды біріктіру арқылы қол жеткізуді көздейді.

Мүмкіндігіне қарай, «КазАльянс» әлеуетін пайдаланып мен шетелде білім алушылар өз Отанына пайда әкелуі үшін оларды жұмыспен және сенімді келешекпен қызықтыруға тырысамын. 

Жаңа басқарушылар келгеннен кейін әкімдікте бюрократияны азайту және оңтайландыру бойынша ауқымы кең акция басталғанын сенімді түрде жеткізе аламын, жаңа технологиялар да қарқынды түрде қолданыла бастады. Оның нәтижесі де көп күттірген жоқ. Жаңа ұйымдастырушылық құрылым басқарудың артық деңгейлері мен қызметті көшіру үшін жауапкершілік мәселесінің шешімін табуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа жұмыс үдерістерін оңтайландыру қағаз шығындарын азайтып, басқа мемлекеттік құрылымдарға үлгі болды.

Кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мемлекеттік басқару жүйесінде орталықтандырылған шешім қабылдаудан ұжымдық түрге, басқарудың бюрократиялық ұстанымдарынан менеджерлік бағалау жүйесіне ауысуды білдіреді. Мемлекеттік органдарға енгізілетін осы тұжырымдама дербестікті, креативті ойлауды, өзін-өзі көрсету мен дамытуды мадақтап, өз кезегінде жұмыс үдерістеріндегі бюрократияны азайтады.

Тағы бір мысал шет елде кез келген бағытқа 20-50 жылға жоспар жасайды және он жыл сайын нақтылап отырады, сол секілді көптеген тәжірибелерді елімізге xалқымызға жеткізуіміз қажет.

Мемлекеттік қызметтің жоғары беделі мемлекет пен ұлт беделінің туындысы болып табылады.

-Мемлекеттік қызметтің мәртебесі туралы не айтасыз?

-Мемлекеттік қызметтің беделі көптеген факторлар әсерінен қалыптасады, олардың ішінде, бастысы іскерлік және тұлғаның жеке қасиеттері, қызметі мен артықшылықтары арқылы танылған және құрметке ие болған мемлекеттік қызметкер болып табылады. Соңында бұл әрбір басшының және мемлекеттік қызметкердің ең жоғарғы мақсатына айналуы тиіс. Біз осы мақсат жолында жұмыс жасап отырмыз. Мемлекеттік қызметтің жоғары беделі мемлекет пен ұлт беделінің туындысы болып табылады. 

 -Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері қандай?

 -Мемлекеттік қызметкерлердің маңызды ұстанымдарының бірі мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы болып табылады. 

Осы ұстанымға сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына ортақ құқықтар мен міндеттерге және қызметі үшін сыйақы алу, демалыс алу құқығы. Қауіпсіз еңбек жағдайлары құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқықтарына ие болады. Екіншіден, мемлекеттік қызметкерлерге «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда көрсетілген, мемлекеттік қызмет ерекшеліктеріне негізделген құқықтар мен міндеттер жүктеледі. 

Мемлекеттік қызметкерлердің нақты құқықтары мен міндеттері типтік біліктілік талаптары негізінде анықталады және сәйкес мемлекеттік органдар басшылары бекітетін лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетіледі. 

 —Жалпы қызметтік этиканың сақталу барысы туралы айтсаңыз?

-Мемлекеттік қызметкерлердің әдебі және олардың өз қызметтік міндеттемелерін қатысты адалдығы қоғамның жалпы жағдайы мен сыбайластық деңгейінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. 

Ақпараттандыру мен алдын алу бойынша стандартты үдерістерден басқа, бұл тұрғыда анықтаушы рөлді тек әдеп бойынша өкілетті тұлғалар ғана емес, қоғамдық кеңес пен халық та иеленеді. Өзара әрекеттестік арналары, оның ішінде, сенім телефондары, колл-орталық және WhatsApp қызметі мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын бұзуы фактісі бойынша арыздарын қабылдауға бағытталған.

-Жаңаша ойлау, жаңа көзқарас сөз саптасыңыздан байқалып отыр. Сол сөзді түсінетін қоғамдық сананы қалыптастыру да өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда атқаратын жұмыстарыңызға тек қана сәттілік серік болсын.

Бейсенкүл Нарымбетова

  • Related Posts

    ШЫМКЕНТ: КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІКТЕГІ ҮШ КӘСІПОРЫН ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫНАН АЛЫНЫП ТАСТАЛҒАН

    Бүгін Шымкент қалалық қаржы басқармасының басшылық құрамы БАҚ-ы мен әлеуметтік желілердегі коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендіру туралы таралған ақпарат бойынша арнайы брифинг берді. «Қазіргі таңда, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланып…

    ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ ДАУЫС БЕРГЕН ДАУЫС БЕРУШІЛЕРГЕ СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫСТАЛДЫ

      Шымкент қаласында 293 сайлау учаскесі таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмысын бастады. Қала тұрғындары таң азанымен белсенділік танытып, кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентін сайлауда өз таңдауларын жасап жатыр. Шымкенттегі 4…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика