«БАЛАДА МЕКТЕПТЕН ШЫҚҚАН КЕЗДЕ КЕРАҒАР ДІНИ АҒЫМНАН ҚОРҒАЙТЫН ИММУНИТЕТ БОЛУ КЕРЕК»

tom: 0pt;»>Құрмет Керімбеков,

tom: 0pt;»>«Жалын жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

tom: 0pt;»> 

tom: 0pt;»>«Балада мектептен шыққан кезде керағар діни ағымнан қорғайтын иммунитет болу керек»

tom: 0pt;»>DSC_1817tories/DSC_1817.jpg» />Азаматтық қоғам. Бұл туралы айтылып жүр. Бірақ көп жағдайда қарапайым халық осы ұғымды өздеріне мүлдем қатысы жоқтай қабылдайды. Ал, шындап келгенде азаматтық қоғам дегенді әр азаматтың өз еліне адал қызмет етуіне мүмкіндік беретін орта деп түсінуге әбден болады. Өйткені, бұл орындалмайтын,айтылып қана қойыла салатын мәселе емес.Бұл біздің өміріміз.

tom: 0pt;»>Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында «Балдыберек» атты ауыл бар. Таудың етегінде табиғаты тамаша жерде орналасқан. «Ақсу Жабағалы» қорығымен шектесіп жатыр. Екімыңыншы жылдарға дейін бұл ауылда тау бөктерінде теледидар көрудің өзі үлкен жаңалық есептелетін бұйығы жатқан көп ауылдың бірі болатын. Бір күні бәрі өзгерді де кетті. 2002 жылы ауылға «жоба» келді. Жоба «Батыс Тянь-Шянның табиғатының алуан түрлілігін сақтау туралы трансшекаралық жоба» деп аталады. Қаржыландырушысы «Бүкіләлемдік Экологиялық Қор» мен «БҰҰ Даму Бағдарламасы» делінетін халықаралық ұйымдар болса, орындаушысы өзіміздің елдің азаматтары. Қолдарында алып тауды жағалай қонған ауылдардың карталары бар.Алдымен ауыл тұрғындарын жиналысқа шақырып бастамашыл топтар құрылды. Қоғамдық бірлестіктер құрыңдар, кіші жобаларға қатысасыздар, қаржыландыру бізден болады,-дейді. Алғашында шын мәнінде бұл тірліктің түсініксіз болғаны рас.

tom: 0pt;»>Бірақ кейінірек іс алға баса бастады. Ауыл адамдары жоғарыды біз айтқан азаматтық қоғамның белсенділеріне айналды. Сол кезде құрылған қоғамдық бірлестіктердің бірі «Жалын жастар ұйымы» ауылда тіркеленіне қарамастан бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы белсенді үкіметтік емес ұйымдардың қатарына кіреді. Жалпы азаматтық қоғамның белсендісі болу не үшін керек? Бұл сұрақты біз аталған қоғамдық бірлестіктің төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысының Үкіметтік емес ұйымдарының АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫның басшысы Құрмет Керімбековке қойған едік.

tom: 0pt;»>— Үкіметтік емес ұйымдарының ақпараттық ресурстық орталығы туралы айтып отырсыз. Бұл орталық екі жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Облыстағы қоғамдық – саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету» және «Азаматтық секторды және тұрғындардардың азаматтық бастамаларын қолдау» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Негізгі мақсатымыз облыста бар үкіметтік емес ұйымдар жұмысының тәжірибесін насихаттау, ауыл-аймақта құрылған осындай ұйымдарға бағыт-бағдар беру, азаматтық қоғам дегеніміз не соны түсіндіру болып табылады. Менің негізгі мамандығым мұғалім. Ауыл мұғалімі болдым. 2002 жылы ауылға бір жоба келді де, тыныш жатқан ауыл тұрғындары абыр-сабыр болды да кетті. «Жоба жазу керек, өз ісімізді ашамыз» деушілер көбейді. Біреуі тігін цехын ашқысы келеді, ал, бірі қонақ үй ашпаққа ниеттенді. Осылай ауылда экотуризм дамуға бет алды. Қолмен жазылған жоба қабылданбайды, ауылда бар бір компьютер мектепте болғандықтан информатика пәнінің мұғалімі маған осы жұмыстың бәрін үйлестіріп отыруға тура келді. Ауылдастарымның айтқан идеясын жүйелеп, компьтерде теріп шығамын. Оларға жоба аясында үш жүзден он мың долларға дейін грант берілді. Тігін цехтары, шағын қонақ үйлер ашылды, бал арасын өсіру қанат жайды, тіпті бидайдың жоғары сортын егу қолға алынды. Жалпы ауыл бойынша 20 жоба қаржыландырылды. Астанаға, Алматыға барып білім мен біліктілік көтеру мақсатында семинарларға қатыстық. 300 доллар аламыз деп барып, басқа да бір жобалар ашуға болатынын үйреніп қайтамыз. Ауылдың әлеуметтік жағдайы жақсара бастады. Мен өзім жасаған жоба бойынша ауылға телемұнара салынып, теледидарды емін-еркін көретін жағдай туды.Осылай-осылай мен азаматтық қоғамның белсендісіне айналып шыға келдім.Ауыл-азаматтық қоғамның бір бөлшегі. Табиғатқа деген жанашырлық оянып, халықтың кәсіпке деген көзқарасы өзгеріп, адамдар мүддесіне, идеясына қарай қоғамдық бірлестіктерге бірігіп жатса, осының өзін белсенді азаматтық қоғам деуге болады. Сол жылдары кішкене ғана ауылда бірнеше қоғамдық бірлестіктер құрылды, соның екеуі біз және «Табиғат» ҚБ-гі осы күнге дейін жұмысын жалғастырып келеді.

tom: 0pt;»>-Жоба табиғатты қорғауға арналған, бірақ тігін цехтары ашылып жатыр. Екеуінің арасында қандай байланыс бар?

tom: 0pt;»>-Шетелдік гранттардың артықшылығы жоба бүге-шігесіне дейін зерттеледі. Егер ауыл адамдарының әлеуметтік жағдайы жоғары болса, ол, табиғатқа зиян келтірмейді. Кеспейді, отамайды. Бұдан шығатыны елдің әлеуетін көтеру арқылы табиғатқа аз кедергі келтіру мәселесі. Осылай болды да. Арамызда табиғатқа жаны ашитын азаматтар көбейді,олар табиғаттың өздерін асырайтынын түсінді, ойлау жүйесі өзгерді. Жоба көздеген мақсатына жетті деуге болады.Біздің ауылда бизнестің өркендеп, азаматтық қоғамның дамуына әсер еткен халықтаың арасында қозғалыс туғызған осы жоба болды. Сол кезде ашылған тігін шеберханалары, қонақ үйлер бүгінге дейін жұмыс істеп тұр. Ауылдықтар бүгінде туризм арқылы ақша табудың біраз сырын ашып алған. Біздің ауылға қазір асфальт жол салынған. 3 қабатты сәулеті жарасқан мектебіміз бар. Осы жерде айта кетерім осының бәрі ел Тәуелсіздігімен ілесе келді. Тәуелсіздік болмаса біз халықаралық жобаларға қатыса алмас едік.

tom: 0pt;»>-Ауылдықтарға экотуризм өте жақын ұғым деп отырсыз, бұл саланы меңгерудің қыр-сырына қалай қанықтыңыздар?

tom: 0pt;»>Экотуризм туралы ұғымды санамызға алғашқы жоба әбден сіңіріп кетті. Мұнан кейін 2005-2008 жылдар аралығында БҰҰ-ның Даму бағдарламасы бойынша жұмыс істедік. Арша деген ағаш болады. Көп жерде кездеспейді, қызыл кітапқа енген. Бізден басқа Қырғызстанда ғана бар. Емдік қасиеті жоғары. Оны өсіру өте қиын шаруа. Екінші жоба аясында осы ағашты дәнінен және қалемшеден өсіруді Қазақстанда бірінші болып біз қолға алдық. Өскіндерді таудағы аршасы сиреп қалған жерлерге апарып отырғыздық. Мұнан кейін таудағы жабайы алмаларды қорғау мақсатында дәнінен өсіруді бастап, қажет еткендерге тараттық.

tom: 0pt;»>-Қазіргі жұмыстарыңыз дін мәселесі төңірегінде өрбіп жатыр, ақпараттық ресурс орталығының жұмысы сіз үшін жат емес, іргетасын ауылда қалағансыз, сонда сіз үшін экотуризммен діннің де бір байланысы бар болғаны ғой…

tom: 0pt;»>-Жалпы мен идеяның адамымын. Әр адамның өзіндік ойы болады. Баста айттым, мен мұғаліммін. Оқушылармен жұмыс істедім, олардың психологиясын бір кісідей білемін. Қазіргі қоғамдағы жат ағымдар бала санасына қалай шабуыл жасайтынын да өзімше топшылаймын. Осындай жағдайлар дін саласындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға алып келді. Негізгі мақсатымыз мектеп жасынағы балаларды керағар діни ағым ықпалынан сақтау.Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Ағашты өсіре білген адам, бала жүрегіне де жол таба алады. Біздің ата-бабаларымыз тәрбиеге келгенде бала жас шыбық сияқты деп бекер айтпайды.

tom: 0pt;»>-Төрт жылдан бері мектептерді, ауыл тұрғындарын аралап, кездесулерде жүрсіз, дін тақырыбына байланысты не түйдіңіз, жат ағымдарға кетудің себебі не?

tom: 0pt;»>-Мына мәселеге назар аударғым келеді. Бала еліктегіш. Егер бір мектепте бір қыз хиджап киіп жүрсе, басқа балада міндетті түрде «неге» деген сұрақ туады. Содан жауабын іздейді. Мұғалімге барады қанағаттанатындай жауап ала алмайды, ата-анасынан сұрайды оларда егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Енді не істеу керек? Мешітке баруы мүмкін немесе тегін таратылатын діни кітаптарға жүгінеді. Өзін толғандырған сұраққа майын тамызып бала тілінде, баланың ойына сай түсіндірген адам ол үшін нағыз білімпаз. Осылай мәселе күрделене береді.

tom: 0pt;»>-Мектептерде теологтар бар, оқулық та бар…

tom: 0pt;»>-Қазір біз мектептерді 100 пайыз білікті діннен хабары бар мамандармен қамтып отырмыз деп айта алмаймыз. Ал, оқулығымыз баланың танымына, жас ерекшелігіне сай ма, бұл да үлкен сұрақ.

tom: 0pt;»>Мектеп тек білім берумен емес, тәрбиемен де айналысады. Менің ойымша, балаға баланың жасына сай ақпарат беру керек. Және ақпараттар түсінікті, нақты-нақты, дұрыс өмірлік ұстанымын қалыптасуына әсер ету керек. Сабақта балада дұрыс ұстаным қалыптасу үшін түрлі педагогикалық әдістер, құралдар пайдаланылады. Сондықтан түсіндіру жұмыстары кезінде көрнекіліктер, фильмдер т.б құралдар керек. Дінтану пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге әдістемеліктер керек. Жалпы осы пәнді оқытуға мән беріліп, теологтар мен педогтардың жұмыс тобын құрып қайта қараудың уақыты келіп тұр. Менің байқағаным соған қажеттілік бар. Көптеген мектептерде өткізген кездесулерден байқағаным, оқушылардың дінге деген қызығушылығы жоғары. Биыл мемлекеттік тапсырыс шеңберінде белгілі теолог Асылбек Ноғаевтың жасөспірімдер қабілетін ескере отырып жазған «Ланкестерге алданба?» деп аталатын кітабын шығарып, тараттық, жақсы қабылданды.

tom: 0pt;»>-Төрт жылдық жұмыстың қорытындысы дегенде не айтар едіңіз?

tom: 0pt;»>-Балада мектептен шыққан кезде кереғар діни ағымнан қорғайтын иммунитет болу керек. Ал, оны мектеп, ата-ана қалыптастыруға үлкен үлес қоса алады. Бар жұмысты дін істері басқармасы мен мешіт имамдарына арта салуға болмайды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Ата-ана, мектеп, теологтар жұмылып бір бағытта жұмыс істегеніміз дұрыс.

tom: 0pt;»>-Ақпараттың ресурстық орталықтың жұмысына да тоқтала кетсек. Облыста бар үкіметтік емес ұйымдарға сараптама жүргіздіңіздер, нәтиже қандай?

tom: 0pt;»>— Мәліметтер арнайы сараптама емес, жалпы бақылау нәтижесінде алынды. Биыл облыста тиісті органда тіркелген 700 аса қоғамдық ұйымның белсенділігін сараладық. Өкінішке орай солардың біразы ғана белсенді жұмыс істеп отыр. Облыс орталығындағы ұйымдар белсенді. Ал, ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі төмен. Алдағы уақытта облыс көлеміндегі қоғамдық ұйымдарға арнайы сараптау жүргізетін уақыт келген секілді.

tom: 0pt;»>-Сізге бір азамат қоғамдық ұйым ашамын деп келді, немесе ұйымы бар, бірақ жұмысын үйлестіре алмай отыр. Қандай көмек көрсетесіз.

Бүгінгі таңда АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТЫҚ ОРтАЛЫҚТА төмендегідей қызмет түрлері көрсетілуде:

     Тегін заңгерлік қызмет көрсету;

     ОҚО -дағы Үкіметтік ұйымдарға ақпараттық көмек көрсету:

     ОҚО –дағы Үкіметтік емес ұйымдарға семинар – тренингтер өткізу;

     Тегін интернет жүйесі;

      Үкіметтік емес ұйымдардың жаңалықтарын 2015 жылдың 1 тамызынан бастап құрылып, жұмыс істеп отырғана www.orc-npo.kz сайтына орналастыра аламыз.

Сіздерді қайдан табуға болады?

      Үкіметтік емес ұйымдардың АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ-ның кеңсесі Шымкент қаласы, Б.Момышұлы көшесі 25/4 ғимаратында орналасқан. Екі маман күнделікті жұмыс істеп отыр.

      Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

      Біздің осылай еркін ойлауымыз және идеяларымызды жүзеге асыруымыз еліміздің Тәуелсіздігінің арқасында мүмкін болып отыр. Сондықтан да мен отандастарымызды белсенді азаматтық қоғамды бірге құруға шақырамын. Ол мүмкін және оны құру біздің қолымыздан келеді!

 

Бейсенкүл Жақсыбекқызы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика