ШЫМСАЯ ШАТҚАЛЫНА КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Шымкентте шатқал көп. Осыдан үш-төрт жыл бұрын қолға алынған шатқалдар, назардан тыс қалған емес. Биыл Шымсая щатқалына төрт мыңға жуық көшет егілді. Игі шара  «Ағаш отырғызу – сауапты іс» атты тал егу акциясы аясында өтті.
Шымсая шатқалында өткен сенбілікке қалалық әкімдіктің басқармаларына, оларға қарасты мекемелер мен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық өкілдігі мүшелері, этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттарының өкілдері мен волонтерлар, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамына енгізілген этнос жастары – жалпы 300-ге жуық адам қатысты.
Нұрсұлтан Сейтжанов, Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім басшысы: » Президенттің бастамасымен 2025 жылға дейін Шымкент қаласында жыл сайын 120 мың түп ағаш егілуі қажет. Әрі Шымсая шатқалын жандандыру да басты назарда тұр. Осы шатқалдағы 11 гектар жер «Жасыл белдеу» мекемесіне тиесілі. Жалпы биыл күзде осында 8 378 көшет егу жоспарланған. Бүгінгі сенбілік те соның аясында өткізілуде. Осы акция аясында 4 мыңға жуық терек отырғызылды. Көшеттің барлығы «Жасыл белдеу» мекемесінің тұқымбағынан жеткізілген».
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жылға елдегі орман қорында 2 миллиард және елді мекендерде 15 миллион ағаш көшеттерін егу ісі қолға алынған.
Жоспар бойынша үшінші мегаполисте 5 қарашадан бастап,  жаппай ағаш егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нәтижесінде қала аумағына жалпы 160 696 ағаш көшетін егу жоспарланған. Оның ішінде Дендросаябақ аумағына – 5000 көшет, аудан әкімдіктері тарапынан көше бойларына – 35 696 көшет, «Жасыл белдеу» мекемесінің жеріне 120 000 көшет егілмек.
Еске сала кетейік,«Шатқал» бағдарламасы аясында  қала аумағындағы 14 шатқалдың көлемі 226 гектарды құрайды. Көгалдандыру ісінің бірінші кезеңінде ағаш егіліп, тамшылатып суару әдісі орнатылуы тиіс. Абаттандыру жұмыстарының екінші кезеңінде жауапты мекемелер шатқалдарға жол салып, жарықтандыру ісімен айналысатын болады. Дамыту жұмыстарының үшінші кезеңінде демалыс орындары мен балалар ойын алаңдарының құрылыс жүргізуі жоспарланып отыр.

Related Posts

Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика