«Денсаулық» бағдарламасында көрсетілген осындай шаралар легі Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әрине, «Денсаулық» бағдарламасында аталған мақсатты индикаторларға қол жеткізу – мемлекеттің я болмаса емдеу мекемелерінің, дәрігерлердің ғана құзыретіндегі шаруа емес. Әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы дәрігерге көрінгенде ғана нәтиже болмақ. Ендеше, әркім денсаулықтың қадірін ерте бастан ұғынып, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегені» жөн. ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мерзімі шектеусіз келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторий-курорттық емдеу және медициналық оңалту қызметтерін алуға, ауыр жағдайдағы науқастарды емдеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ортақ келісімнің нәтижесінде жергілікті медициналық мекеме қызметкерлеріне инновациялық технологияларды оқыту, аурулардың алдын алу, диагностикалау, жаңа медициналық технологиялар мен инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Жиында Медициналық орталықтың қызметі туралы баяндама жасалып, бейнеролик көрсетілді. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Медициналық орталықтың бастамасын қолдап, меморандумның алдағы уақытта мегаполис медицинасының дамуына ықпал ететінін атап өтті.
Төрт күн бойы қаладағы ірі медициналық орталықтарда күрделі оталарды жүзеге асырып, науқастарды қабылдаған делегация өкілдері жергілікті емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын, мамандардың біліктіліктерін жоғары бағалады. Шымкенттің денсаулық сақтау жүйесі республикалық деңгейге сәйкес дамып келеді. Қазіргі таңда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 45 емхана қызмет етеді. Былтырғы жылы қалада өлім-жітім 35, нәрестелер өлім-жітімі 21 пайызға азайған. Қалада қан айналым ауруларынан және қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім жағдайлары да едәуір төмендеген.
Қызмет ақпарат
(1851)
Leave a Reply