ҚР Бас прокуроры А.Қ.Дауылбаевтың назарына!
Павлодар облысының әкімі Б.Ә.Сағынтаевтың назарына!
Павлодардағы №8 лицейдің ұстазы Давид Ганелин ҚР Тәуелсіздігінің жиырма жылдығына керемет «сый» жасады. Жергілікті «Наша Жизнь» газетінің 1 желтоқсандағы санында «Детишкам про любовь» атты мақала жарық көрді. Авторы жоғарыдағы Давид Ганелин.
Жақында Ғылым және Білім министрлігі мектептерге Әнұраннын орындалуы жөніндегі нұсқауын жіберіпті. Онда дүйсенбі күні танертең сабақ басталардан бұрын оқушылардың орындарынан тұрып, қолдарын жүректеріне қойып, бастарын тік ұстап, аяқтарының арасын иық деңгейінде ашып, Әнұранды ұстаздарымен бірге шырқауы жөнінде жазылған. Әрине Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекетшілдік рухты қалыптастыру үшін өте орынды бастама. Бұны баяғыдан қолға алу керек еді.
Ал әлгі ұстазымыз осыны қай-қайдағы әдепсіз қылықтарға теңеген. Мысалы, нұсқауда Әнұранды ұстазы бірге айтуы керек екені жазылған. «Ал біздің мектептерде мұғалімдердің көп бөлігі әйелдер қауымы. Ұстаздары Әнұранды айтарда тақта алдында оқушыларға қарап тұрады. Ал әйел мұғалімдердің юбка киетіні белгілі. Жастары мини-юбка. Қолдарын кеудесіндегі екінші емшегіне (мақалада солай жазылған) қойып, юбкасының арасын ашып тұрған ұстазды көз алдыңызға елестетіңізші. Оны көрген әскер жасына жарап қалған оқушылардың белден төменгі жағындағы махаббат құралы «ояна» бастайды» дейді ұстазымыз. «Осы жағдайдан кейін оқушылардың көз алдында Отанға деген махаббат емес, ұстазының юбкасына деген махаббат тұрады» деп тағы бір лағады. Ол ол ма, «аяғының арасын қай жерге дейін ашу керектігі нұсқамада көрсетілмеген» деп кекетеді Давид Ганелин.
Әнұранды орындауды «жыныс құмарлығын қоздыру» деп білетін ұстаздың балаларға қандай тәлім-тәрбие беретінін құзырлы орындар анықтай жатар. Біз Давид Ганелин ҚазССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, облыс әкімінің бірнеше мәрте марапаттарына ие болғанын естеріңізге салып қояйық.
Аталмыш мақала жарық көрген «Наша Жизнь» газетінің де редакциясына бас сұғуға тура келді. Бас редакторы Елена Васильченко ханым Давид Ганелиннің штаттан тыс автор ретінде жазып тұратынын, әлі де жаза беретінін айтты. Және «өте байыпты жазылған» мақала авторының құрметті ұстаз екенін ескертуді ұмытпады.
Ал біз облыстағы білім саласына қатысты жауапты тұлғалардан мардымды жауап алаалмадық. Бір-біріне сілтеп,үнмемі жабық тұратын кабинеттерін күзетіп, жауап бермейтін телефондарына қоңырау шалып шаршадық. Бізді шенеуніктердіңбойкүйездігі қатты шошытып отыр.
Облыс әкімшілігі де, қала әкімшілігі де дініңді қорлап жатыр ма, тіліңді қорлап жатыр ма, мемлекеттік рәміздеріңнің құнын бес тиын санап жатыр ма, селт етпейді. Жазғандарым мақала емес, фельетон деп беті бүлк етпей отырған анау ұятсыз ұстазды жазғырып, тәртіпке шақырып жатқан ешкім жоқ. Ұлттық мүдде, мемлекеттік мүдде аяққа тапталып жатқаны ешқандай мемлекеттік қызметкердің намысына тиіп отырған жоқ.
Ең сорақысы, елге танымал ұстаздың ыңғайсыз қылығын айыптап, бүгін түсте Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының алдында шағын жиын өткізіп, білім білім министрлігіне талап қоймақшы болған студенттердің белсенді тобын иниститут басшылығы ғимараттан шығармай, жиналған аз топты полиция жасағы қуып таратты.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына санаулы күндер қалғанда Мемлекеттік рәмізімізді аясуыз келемеждеген ұстаз еш жазаланбай, бұдан ары да мемлекетіміздің, еліміздің болашағы – жас ұрпағымызға тәрбие береді дегенге сене де алмаймыз, көне де алмаймыз!
http://masa.kz/article/view/id/2757
Leave a Reply