Халықаралық дәрежеде кез келген елдің екі жағдайда туы көтеріліп, Әнұраны шырқалады. Оның бірі Мемлекет басшысы өзге елге ресми сапармен барғанда, екіншісі спорттық жарыстарда спортшысы жеңіске жеткенде. Демек, жоғарыдағыдай құрмет тәуелсіз ел екеніңді мойындағанда, сосын мықтылығыңды дәлелдегенде ғана көрсетіледі. Демек, осының екеуі де маңызды. Президенттерге көрсетілетін мемлекеттік дәрежедегі сый-құрметтің жөні белгілі, ал спортшылардың ел мерейін асқақтатуы – күллі әлемнің көз алдында өтіп, тікелей танылатын ерекше құбылыс. Бүгін Қала күніне орай Бозарық шағынауданында №20 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Қала әкімі М.Әйтенов бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік беретін заманауи талапқа сай жабдықталған жаңа ғимаратты аралап көрді. Спортты серік еткен елдімекен жастары енді қала орталығына қатынамай, жақын аумақтағы жаңа үлгіде бой көтерген нысанда спортпен шұғылданады. Спорт мектебі 3 ауысымда жумыс істейді. Әр ауысымда 10-23 жас аралығындағы 100 спортшы жаттыға алады. Сәулетті нысанның төменгі қабатында қажетті платформалармен жабдықталған ауыр атлетикаға арналған спорт залы мен әмбебап залдар қарастырылған. Ал жоғары қабатта жаттығу алаңдары, теннис үстелі, өрмелеу арқаны, дзюдо татамиі, бокс рингі және ауыр атлетикамен белсенді айналысуға қажетті қосымша жабдықтар орнатылған. Сонымен қатар ғимаратта асхана, медпункт, массаж кабинеттері де бар. Спорт кешенінде ауыр атлетикадан, бокстан, еркін күрес пен грек-римнен, дзюдодан, пауэрлифтингтен, қол күресінен топтар ашылатын болады. Озық үлгіде бой көтерген бұл мектеп жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.
Қызмет ақпарат
1523 символ
Leave a Reply