Елімізде жастар үшін атқарылып жатқан ірі жобалар мен бағдарламалар – жарқын болашағымыз үшін жасалып жатқан игілік. Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жас отбасыларға қолдау көрсету, жұмыспен қамту, сапалы білім мәселесі жыл сайын мемлекет назарынан тыс қалған емес. Былтыр «Жастар жылы», биыл «Еріктілер жылы» деп аталуы осыны айғақтайды. Жастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бесжылдық «Жастар – Отанға!» бағдарламасының қабылдануы жастарды ортақ мақсат төңірегінде топтастырады. Жастардың игілігіне жасалып жатқан істер аз емес, әлі де жалғасатыны анық. Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың маңызды бір тармағы. Жастардың сапалы білім алып, спортпен, өнермен шұғылданып, кәсіби маман атанып, мүмкіндіктерді мүлт жібермеуге дағдылануы жоспарлы жұмыстардың сапалы жүзеге асуына тікелей әсер етеді. Себебі елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын жастарға артылар міндет ауқымды, жүктелетін жұмыс жеткілікті. Осы орайда Мағжан Жұмабаев шығармашылығын насихаттауға арналған республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы 2023 жылғы 23-25 маусым аралығында Петропавл қаласында өтті. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында өтетін республикалық байқауға Шымкент қаласынан 3 оқушы қатысты. Олар № 83 ЖОББМ 10-сынып оқушысы – Ұзақберген Ақберен «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясы бойынша, екіншісі Т.Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназияның 10- сынып оқушысы – Сансызбай Еркежан «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша, Дарынды балаларға арналған № 1 мамандандырылған IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Қанат Ұлдана “Жасынан оқу оқып, өнер қуған” номинациясы бойынша өнер көрсететті. Нәтижесінде Т.Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназияның 10- сынып оқушысы – Сансызбай Еркежан «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша I орынды иеленді. Шымкенттік дарынды зияткерді лайықты жеңісімен құттықтаймыз!
Қызмет ақпарат
1707 символ
Leave a Reply