ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ – «ҮЗДІК АЙМАҚ» РЕТІНДЕ ТАНЫЛДЫ
Республика кесіндісінде Шымкент қаласы цифрлық білім беру үдерісінде тағы да көш басынан көрінді. Білім басқармасына қарасты орта білім беру ұйымдарының элекрондық журналды жүйелі толтыруы және цифрлық ақпаратты меңгеруі, цифрлық сауаттылық пен Kundelik.kz электрондық журналын жоғары деңгейде пайдаланғандығы негізінде алғаш рет ұйымдастырылған ҮЗДІК ӨҢІР марапатына ие болды. «Сандық мұғалім көрсеткіші бойынша үздік аймақ» марапатын — оқушылардың тамақтануын автоматтандыру мен ашықтыққа бағытталған прогрессивті жұмысы үшін табыстады. Аталған жетістіктер қала мектептерінің тиянақты жұмысы мен мол жауапкершілік таныта отырып, дамылсыз еңбектерінің жемісі болып табылады. Барша қала педагогтерін Сүйікті Шымқаламыздың цифрландыру үдерісінде білім сапасын арттыруға қосқан орасан зор еңбектері мен кәсіби шеберліктері, күш-жігерлері үшін алғыс білдіреміз. Біз сіздердің күнделікті жұмыстарыңызға жұмсайтын еңбекқорлықтарыңыз, шын жүректен ризамыз. Сіздердің еңбектеріңіз еліміздің заманауи білім беру жүйесін дамытудың іргелі құрамдас бөлігі болып табылады. Цифрлық сауаттылық – цифрлық технологияларды және интернет ресурстарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажет білім мен дағдылардың жиынтығы. Цифрлық технология қоғам өміріне әсерін молынан тигізуде. Соның нәтижесінде денсаулық сақтау мен білім беру, қала тіршілігі, жалпы адамның күнделікті өмірі айтарлықтай өзгеріп, жаңа сипатқа ие болуда. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады. Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру кезеңі бастау алып, еліміздегі барлық саладағы жұмыс істейтін халық толығымен ақпараттық технологияларды игеруде.
Қызмет ақпарат
1718 символ
Leave a Reply