Білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Еліміздің бұл бағытта дайындаған мемлекеттік бағдарламалар жүйесі біріктірілген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда халқымыздың дүниетанымы мен өмірлік ұстанымдарының өзгеруі ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратынын айтты. Президент «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» мызғымас қағидаты шеңберіндегі өміршең құндылықтар жүйесін айқындап берді. Шымкентте ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Ғалымқызы Балаеваның жетекшілігімен Шымкент қаласының атқарушы және өкілді мемлекеттік органдар басшыларымен, жоғары оқу орындарының жетекшілерімен, қоғамдастық ұйымдар белсенділерімен, ақпарат саласы қызметкерлерімен мәні терең, мазмұны орнықты кездесулер өтті. Жиындарда отаншыл рухы бар, жасампаздық істерге дайын, білім игеруге құштар, өмірлік жолын адал еңбекпен өрісті ететін қоғамдастықты тәрбиелеу, ішкі тұрақтылықты мығым етуде жұртшылықтың ахуалдық жай-күйін талдау, сарапшылық қызметтің сапалық құрамын арттыру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Жиынның панелдік отырысында сөз алып, Шымкенттегі іргелі жоғары орны ретінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің заманның озық ойын меңгерген, педагогиканың жаңашыл бағыттарымен дайындалған, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеудегі жұмысын баяндадым. Білім алушыларымыздың қайталанбас ұлттық өнер түрлерін меңгерудегі аяқалысын, бірегей ұлттық болмыстың рухымен сіңісті болудағы бастамаларымен таныстырдым. Ұлттық рухты жаңғыртуда археологиялық жасақтың жар салуға лайықты жетістіктері жөнінде кеңінен мағлұмат бердім. Университеттің алдағы межелі міндеттерін белгілеуде оқу орнымызда ғылыми талдау-сараптау қызметін жолға қоюдағы бастамаларымыз жөнінде айтып өттім.
Қызмет ақпарат
1625 символ
Leave a Reply