Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бірнеше рет қайта құруларды басынан кешіріп, алдағы уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт денсаулығы – еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде, жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізілуде, дәрігерлерді оқыту мен олардың қызығушылығын арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасуда, осының бәрі қолданыстағызаңаясындаөзараүйлесімділікпен дамуда. Қазақстан тәуелсіздік алуымен бірге мұраға бұрынғы Кеңес Одағынан денсаулық сақтаудың орасан зор жүйесін де алды. Көптеген емханалар мен ауруханалар, сол кезде материалдық және кадрлық жағынан құнды болып табылып, бүгінге дейін қолданыста жүрген ескі техникаларды да иеленген еді. Ақ халаттылардың кәсіби мерекесіне орай өткізілген салтанатты шарада қалалық денсаулық басқармасы атқарылған жұмыстарды баяндап, саладағы үздіктерді марапатталды. Мерекелік шарада Шымкент қаласы әкімі мен мәслихат атынан алғыс хат, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің салалық наградаларымен, атап айтқанда «Еңбек ардагері» , «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, ДСМ-нің Алғыс хат және Құрмет грамотасымен үздік сала мамандары марапатталды. Айта кетейік, медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қалада 2020 жылдан бастап 15 жаңа денсаулық сақтау ұйымы ашылған. 2022 жылы қала медицинасы елеулі жетістіктерге жетті, соның ішінде онкогематология, нейрохирургия бөлімшелері және қалалық балалар клиникалық ауруханасында интервенциялық кардиология, ангиохирургия бөлімшелері ашылып, қызмет көрсетуде. 2023 жылдың 5 айының қорытындысымен Шымкент қаласында жалпы өлім көрсеткіші 12,5%-ға, нәресте өлімі 20,6% — ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 6,5% — ға төмендеп, жыл басынан бері қалада ана өлімі тіркелмеді. Алдағы жоспарлар, 4 қалалық емханада үздік тәжірибелер орталығының жобасын енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Қызмет ақпарат
1902 символ
Leave a Reply