ШЫМКЕНТТЕ ПАТРИОТ ЖАСТАР ӨСІП КЕЛЕДІ

Ел ордасы Астана қаласының 25 жыл мерейтойына арналған «Айбын-2023» ІХ әскери-патриоттық жастар жиыны биыл халықаралық деңгейде өткізілді. Қарағанды қаласы СПАССК оқу-жаттығу базасында өткен басқосуға14-17 жас аралығындағы  жастар қатысты.  Олардың ішінде шымкенттік мектеп оқушылары да болды.  Патриоттық жиынға барлығы 43 команда   қатысты . Оның 41-і еліміздің барлық өңірлерінен келген командалар болса, олардың қатарын Өзбекстан, Әзірбайжан мемлекеттерінен келген жас патриоттар толықтырып, жиынды халықаралық дәрежеге көтерді. Жиынға барлығы 650 ге жуық жас сарбаз қатысты. «Айбын-2023» ІХ әскери-патриоттық жастар жиынында  Шымкент қаласының намысын №7,9,26,27,68,69,96,99 мектептің оқушылары қорғады. Қалалық іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен олар әскери клубтарын  «АРЫСТАН» «Жас Сарбаз»деп ат тағып, айдарлап алды. Айбын-2023 ІХ халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны он тур бойынша өткізілді. Қатысушылар арқаға жатып денені көтеру (пресс), кермеге тартылу (турник), автоматты жартылай бөлшектеу және жинақтау, әскерилендірілген эстафета, зияткерлік ойын (білімділер сайысы), пневматика қаруынан дәлдікке ату , жеке қорғаныш плащін кию (ОЗК), робототехника, арқан тарту, айбын жұлдызы турлары бойынша өткізілді. Шымкент қаласының «Арыстан» әскери-патриоттық клубы командалық есепте арқан тарту, кермеге (турник) тартылу , АК-74 автоматын бөлшектеп-жинау тәртібі бойынша бірінші орын алды. Ал, арқаға жатып денені көтеру (пресс) қыздарымыз ІІ орынды иеленді. Зияткерлік білімділер сайысындада  ІІ орын шымкенттіктердің еншісінде қалды. Жекеленген тәртіпте кремеге тартылу бойынша √68 ЖОББМ оқушысы Шархан Ерқанат -51 рет тартылып рекорд жаңартты. АК-74 қаруын бөлшектеп қайта жинауда  Әмзеұлы Нұрсұлтан 1-орын, Әліпбай Пердеғали 2-орын, Мырзақұл Балжан 3-орындарды иеленді. Арқаға жатып денені көтеру (пресс) бойынша  Мырзақұл Балжан- екінші орыннан көрінді. Арқаға жатып денені көтеру (пресс)  жарысында № 99 мектеп оқушысы Айдархан Дильназ бір минутта 75 рет көтеріліп, көрсеткіші  үшінші орынға лайық болды.  Шымкенттік жас сарбаздардың халықаралық патриоттар жиынындағы көрсеткіштері осындай. Жүлдегер командаға 99-шы және №68 –шы мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің  мұғалімдері Таскурманов Бауыржан Ергазыұлы мен  Иманқұлов Асанбай Тәтішұлы жетекшілік етті.

Қызмет ақпарат

2000 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика