Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы – дәстүрді дәріптейтін мекеме!

Шымкент қаласындағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы 2014 жылы сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен, зиялы қауым өкілдерінің демеуімен ашыл­ған. Яғни мұндай мекеме еліміз бойынша тек Шымкентте ғана бар. Негізгі атқаратын қызметі – қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, жөн-жоралғысын насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, халықтың бойында ұлттық кодты қайта жаңғырту. Өйтке­ні салт-дәстүр болмаса, ол елдің болашағы бұлыңғыр, келешегі күңгірт. Тілді қалай қорғаштасақ, әдет-ғұрып, салт-сананы да дәл солай қызғыштай қоруымыз керек. Аталған орталықтың дирек­торы Бахтияр Спановтың пі­кі­рі осындай. Оның айтуынша, жер бетінде қаншама ұлт болған, бі­рақ өкінішке қарай, тағдырдың түрлі тауқыметімен көбісі тілін жоғалтып, салт-дәстүрінен айрылып, ұлттық бірегейлігін сақтай алмай басқа ұлттарға сіңіп кетті немесе саны азайып, біржолата жоғалды. Бұл ретте салт-дәстүр ор­талығының қазақи болмысымызды сақтап қалудағы пайдасы көл-көсір. Әсіресе жаһанда­ну дәуірінде өмір сүріп, түрлі идеологиялық қақтығыстар ортасында өсіп келе жатқан жастар үшін орталықтың берер пайдасы мол. Мекеме республикада жалғыз осындай ұйым болғандықтан, оған еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар келіп, көріп таңға­лып жатады. Әсіресе еліміздің бас қаласынан, ару Алматыдан және басқа да өңірлерден зиялы қауым өкілдері көп зиярат жасайды. Осындағы жұмыстармен танысып, ішін аралап көріп, «шіркін-ай!» десіп қайтады. Былайша айт­қанда, Оңтүстікке табан тіреген кісілердің көпшілігінің ат басын бұрып тұратын жері. Қазақтың салт-дәстүрін дәріп­теумен бірге ұлттық ойындарды насихаттау ісінде де орталық алдына жан салмай келеді. Мәсе­лен, асық ату, ақсүйек, алтыбақан, ләң­гі, тағы басқаларды айтуға бо­лады. Орталық мамандары осындай ұлттық дәстүр мен ойын­дарымыздың бар екенін халық­тың есіне салып қана қоймай, сонымен бірге, тарихшы, өлкетанушылармен бірлесіп зерттеу, зерделеу жұмыстарымен де айналысады.

Қызмет ақпарат

1763 символ

 

  • Related Posts

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Жұмысшы мамандықтарының маңызы: Шымкентте жастарға арналған шаралар кешені өтті

    1000-нан астам жасты қамтыған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, ірі кәсіпорындарға экскурсия, кәсіби дағдыларды жетілдіру бойынша ментисессиялар, «Bir Tolqynda» диалог алаңындағы талқылаулар. Аталған шаралар кешенін Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы мен «Жастар…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика