Үздік педагог 3 миллион 450 мың теңге көлемінде сыйақы  алады

КОНКУРС ТУРАЛЫ: Республикалық «Үздік педагог» конкурсы педагог мәртебесін арттыру, үздік педагогтерді танымал ету, озық тәжірибелерді трансляциялау үшін өткізіледі.

Конкурстың мақсаты — педагогтердің мәртебесін көтеру, олардың кәсіби біліктілігін және кәсіби өсуін қолдау және ынтыландыру, кәсіби шебер педагогтерді елге танымал ету, үздік педагогикалық практикаларды жариялау, тарату және насихаттау.

Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс атқаратын педагогтер қатыса алады.

Бұл конкурс  2012 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Осы уақытқа дейін 700-ге жуық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды.

«Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл — балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі.

«Үздік педагог» атағының иегерлеріне 1 мың АЕК көлеміндегі ақшалай сыйақы  және төсбелгілер беріледі.

Күні кеше аталған конкурстың екінші кезеңі Шымкент қаласында өтіп, үздіктер анықталды. Енді олар республикада бақтарын сынайтыын болады.

Республикалық байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздарының арасында екі бірдей  Ы.Алтынсарин атындағы 65 мектеп-гимназияның педагогтары бар. Олар мектеп директорының бейін ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балтабекова Раушан Тұрсынбаевна мен бастауыш сынып мұғалімі Қарынбаева Жанар Рахымбайқызы.

Балтабекова Раушан Турсынбаевна Ы.Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты жобасын  «Қазақ тілінде оқытатын мектептердің 2-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі пәнінен мәтінге кешенді лексика-грамматикалық талдау жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу сарапшысы. «Қазақ тілі пәнінен 6-сыныпқа (Т1) арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жинағының», «Графикалық органайзер — оқылым дағдысын дамыту құралы», «Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудың тиімді тәсілдері»  мен «Айтылым дағдысын дамытудағы рөлдік ойындардың әсері» әдістемелік әзірлемелерінің авторы. Оқушылары республикалық  байқаулардың жеңімпаздары.  Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы мен  «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті»  пәндері бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша сертификатталған тренері.

 

Қарынбаева Жанар Рахымбайқызы Ы.Алтынсарин атындағыатындағы № 65 мектеп-гимназияның бастауыш сынып  мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер. Қарынбаева Жанар Рахымбаевна «НЗМ» ДББҰ Шымкент филиалы Педагогикалық шеберлік орталығының мектептен тартылған тренері, 2 сыныптарға арналаған «Оқу сауаттылығы» авторлық бағдарламасы республикалық сараптау кеңесінде бекітілген. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы  Ұлттық білім академиясы жанынан құрылған 2-11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен мәтінге кешенді лексика-грамматикалық талдау жасау бойынша әдістемелік  ұсынымдар, сондай-ақ, 1-11 сыныптарына арналған  «Қазақ тілі» пәнінен «Өзге тілде оқытатын мектептерде азақ тілін оқытуды деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асыру бойынша» тақырыбындағы әдістемелік  ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобында сарапшы. «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша сертификатталған тренері. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының ІІІ дәрежелі жүлдегері, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Орта білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломы иегері.

Қызмет-Ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика