Ой тастады, ойландық

Біртұтас тәрбие

Қазір не көп, челлендж көп. Біреуі бір күндік, кейбірі бір айлық, кейбірі дәстүрлі. Жылда өткізіледі. Метептерде өтіп жататын челендждердің ішінде оқушыларға ерекше ұнағаны «Бұрымды қыз» челленджі.

Жалпы челлендж деген не? Алдымен осыған тоқтала кетейін. Челлендж-интернет жанрының бір түрі. «Бұрымды қыз» челленджі Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында былтыр Шымкенттегі №52 –ші мектептен басталды. Мектепте оқитын қыздарға, мұғалімдерге ұнағанының дәлелі –ол биыл да жалғасып жатыр.

             ҚЫЗ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ

Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі-жалы, қыздың көркі-шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты». Қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге бәріміз бірдей мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулумыз керек.»Қыздың көркі-шаш, шаштың көркі-шаштеңге» демекші, дана халқымыз шашты сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, әйелдер қауымына берілген Алланың айрықша сыйы деп ерекше қарап, құрметтеген. Ақындар «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», –  деп жырға қосқан. Одан қалса, данагөй ата-бабаларымыз «шаштың киесі бар» деп қыз-келіншектерді жалаңбас жүргізбеген және шашының бір талын да кез келген жерге тастамаған. Бұрым деп әйел адамдардың өрілген ұзын шашын айтады.

БҰРЫМНЫҒ МӘН-ЖАЙЫ

Бұрым – сұлулықтың сәні деген ата-бабаларымыз қыздарының жас кезінен-ақ бұрымын айрықша күтімге алып, ұзын етіп өсіруге түрлі шөп тұнбаларын, халық рецептерін пайдаланған. Бұрымды жалғыз өрім, қос өрім  деп бөліп, шаштың қалың болуы  мен жұқа болуына қарай үлкен бұрым, кіші бұрым деп бөлген. Қыз баланың бұрымын жас кезінде өруге шешесі, жеңгесі, әпкесі, әжесі, құрбылары көмектескен. Соған сәйкес қазақта Қосбұрым деген де қыздың есімі бар. Бұрым – қыз-келіншектердің бақыты мен абыройы деп санаған халқымыз көп бұрымның қасиеті де көп болады деген. Адам шашының құпия қасиеттерін зерттеуші ғалымдар «көп бұрымды шаш сол баланың отбасындағы тұрмыс-тіршілікке оң ықпалын тигізіп, жақсартады» деп ғылыми тұрғыда нақты деректермен дәлелдейді.

Осы орайда мен бұрым жалпы шаш туралы қызға кішкентай кезінен, балабақшадан айтқан жөн деп санаймын. Жұмыс барысында байқағаным бүлдіршін қыздар шаш өруге үлкен қызығушылықпен қарайды. Сұрақтары көп болады. Шаш күтімі туралы да айтамыз.  Қыздар бізден естігендерін үйге барып аналарымен бөліседі екен. Міне, бұрымның тәрбиелік мәні. «Бұрымды қыз» челленджі ұрпақ тәрбиесіне  үлесін осылай қосып отыр. Ой тастады, ойландық.

№60 «Тараз» бөбекжай бақшасының

«Балауса» ортаңғы тобының тәрбиеленушісі

Ербол Іңкәр Жандосқызы. 3 жаста.

 

Бектурова Гулжан Нурмахановна

№60 «Тараз» бөбекжай бақшасының

МКҚК-нің тәрбиешісі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика