ШЫМКЕНТТЕ «ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР» АНЫҚТАЛДЫ

№89 IT лицейі базасында жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтері арасында педагогикалық шеберлікті арттыру, тәрбие жұмысының тиімді тәжірибелерін, әдістерін, технологияларын анықтау,  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы инновациялық озық тәжірибені тарату мақсатында республикалық «Үздік сынып жетекші — 2024» байқауының қалалық кезеңі өтті.   56 білім беру мекемесінен қатысқан сынып  жетекшілердің жұмыстары  байқау ережесінің —  педагогтің педагогикалық идеялары туралы және ата-аналармен ынтымақтастық критерийлеріне сәйкес бағаланды.  Қатысушылар өздерінің педагогикалық идеяларының маңыздылығын, жаңашылдығын, басқа әдіс-тәсілдерден ерекшелігін көрсетумен қатар,  балаларды тәрбиелеу, дамыту және оқыту мәселелерінде ата-аналарға қолдау көрсетуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастырудың  тиімді жолдарын көрсетті.

Байқау нәтижесі бойынша республикалық кезеңге өткен үміткерлер  анықталды:

1 орын — №130 жоббм  Бейсеева М., 2 орын — №89 IT лицейі Конспаева Ж., №137 жоббм Тұрсынбай А., 3 орын – Макаренко атындағы №41 м/л Құрмашова А., №14 жоббм Абдурахманова Д., №1 мамандандырылған IT лицей-интернаты Жолдасова А.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда шығармашылық ізденісін жоғары деңгейде көрсеткен басқа да педагогтер «Жаңашыл сынып жетекші», «Көшбасшы сынып жетекші», «Дарынды сынып жетекші», «Ізденімпаз сынып жетекші» номинациялы дипломдары және алғыс хаттармен марапатталды. «Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір болмақ емес» деп Ж.Аймауытов атамыз айтқандай бала тәрбиелі болмаса берілген білімнің нәтижесі болмайды.

Мектеп, ата – ана, сынып жетекші өзара бірлесе, ынтымақтаса, әрекеттесе жұмыс жасаса, оқушыларға табысты оқу ортасын құру арқылы мына ағаш секілді өнімді жеміс беруге болады. Енді осы жеміс ағашының тамырларын оқушылар деп алатын болсақ, оқушылардың өсіп – өнуіне, тәрбиелі болуына, жетістіктерге жетуіне жеміс ағашын суару арқылы жетеміз. Ол үшін «үштік одақ » болу керек. Яғни үштік одақ дегеніміз мектеп, оқушы, ата-ана.

Баланың біліміне қоса тәрбиесіне сынып жетекші жауапты. Ал сынып жетекші қандай болуы қажет?

Сынып жетекші білімге толы, үш тұғырлы тілді, қатал бірақ мейірімді, шебер ұйымдастырушы, тәрбиелеуші, ізденімпаз, жан-жақты болуы қажет.

Тәрбиенің негізгі мақсаты— дені сау, ұлттық сана- сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да жақсы қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбиенің мазмұны негізінен адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық. Сол себепті сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде алатын орны зор.

 

Мектептегі білім мен тәрбие – егіз ұғымдар. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз-оның жүрегі . Мұғалім жас ұрпақтың жан-жақты терең білім алуымен қатар саналы да тәрбиелі, зерделілік деңгейі жоғары болуы үшін тер төгіп, еңбек етеді.. Өз тәжірибемнен байқағаным, сынып жетекшісінен үлкен жауапкершілік талап етіледі.

 

Сынып жетекшісі: оқушы идеалы,  адами қасиетті бойға дарытушы,   рухани тәрбие беріп,

мәдениетке шақырушы. Ең биік шыңында жеке тұлға қалыптастырады. Оқушы бойындағы өзін — өзі тәрбиелеу және дамытуға саналы көзқарасты қалыптастыру үшін жоспарлы тәрбиелік шаралар жүйелі өткізу уақыт өте келе өз нәтижесін береді. Сыныпта  отырған оқушыларыма  5-сыныптан бастап жетекшілік еткен кезімде бірін- бірі көре алмау, қызғаныш, бұйырып сөйлеу, кемсіту секілді келеңсіз әрекеттер көптеп кездесті. Балалар бойындағы талантын, дарынын ашу үшін намысын қайрап, жақсы оқуға толық мүмкіндігі бар екендігіне көздерін жеткіздім. Нәтижесінде 5 сыныпта  үлгермей жүрген оқушым, (бітіріп кеткен түлек) жоғары сыныпта  екпінділер қатарына қосылып, кейіннен зияткерлік мектепке түсті. Бір-бірімен қарым- қатынас жасауға, достасуға, қайырымдылыққа үйретіп, ұлы адамдар өмірінен мысалдар келтірдім. Қатігездікке, құқық бұзушылыққа қарсы тұруға, өз тәртіптерін, істерін бағалай білуге барынша үйреттім. Сынып оқушылары бір үйдің баласындай тату болу керектігін санасына құйдым. Нәтижесінде сыныпта «Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» принципі қалыптасты. Кезекті ашық сабақтарымды өз сыныбыма өткізу дәстүрге айналды. Мақсатым— оларды топ алдында қысылмай еркін сөйлеуге қалыптастыру, білімін молайту, іздендіру, шығармашылық қабілетін ояту. Әрбір сабақта психологиялық тренинг немесе  сергіту сәті арқылы оқушылардың қызығушылығын дамыта отырып сабақты түсіндіру.

Әр уақытта ата-анамен байланыс дәптерін жүргізіп, балалар бойындағы жақсылы- жаманды қасиеттерін байқап, дер кезінде қателігін түзеуге тырыстық..

 

Тәрбиелік шараның түрлері өте көп. Қолымыз тисе оқушыларды демалыс уақытында теңіз жағасына серуендеп қайтып және туған жердің тарихи жерлерін көзбен көріп есте қалатындай туған өлкені толық танып, түсіну патриоттық сезім қалыптастыру. Сынып сағатын да түрлендіріп өткізу атап айтсақ, таңғажайып алаң, кездесу, лидер, пікірталас, дөңгелек үстел, ауызша журнал, әдеби кеш, ойын, мнемоника, т.б. түрінде.

 

Пікірталастың оқушы өмірі үшін , сынып жетекшісіне баланың ішкі жан- дүниесін зерттеп, білу үшін де көп пайдасы бар. Оқушылардың ойын ауызша да, жазбаша да, сурет салу арқылы да жарыққа шығартып, ситуациялық жағдаяттарды, өмірдегі таза шындықты көрсету арқылы олардың жүрегіндегі ақ пен қараны айыра білу, еңбекқорлыққа баулу, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойға жиып, қатігездіктен аулақ болуға шақырады. 7 сыныпта  «Мен кіммін?» тақырыбында пікірталасты ұйымдастырдым. Мақсатым – сыныптағы әрбір оқушының өзін- өзі тануына, сын көзбен қарай білуіне жол ашу; өзін тәрбиелеуші ортадағы адамдарға құрметпен қарауға, айтылған ақыл — кеңестерді ыждағаттылықпен тыңдап, жеке адам боп қалыптасуына мүмкіндік туғызу болатын. Оқушыларға ойланатындай 4 түрлі сұрақтар қойдым. 1) Абай айтқан 5 асыл қасиеті ( талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) өз бойыңнан табыла ма, ойланып көрдің бе? 2) Ата- ана алдындағы парыз деген не? 3) Өзіңді қоршаған ортада, -өзіңді қалай ұстайсың? 4) Жеке тұлғаларда қандай адам жаныңа жақын немесе кімге еліктейсің? Жазбаша түрде пікірлерін оқығанымда, сыныптың  ой- санасының қалай қалыптасқанын ,  өмірге деген  көзқарасының қандай екенін байқап дер кезінде бағыт беруге болатынын  байқадым. Кейбіреуі өмірде жақсы адамдарға еліктесе, тағы біреулері ата- ана алдындағы парызын түсінетіндігі, ең асыл адам деп танып,өскесін бар жақсылықты жасайтындығын туған өлкесін  қорғайтынын жазған. Сынып жетекшісі оқушыларға ұрсып емес, саналы тәрбие, аз сөзге көп мағына сыйғызып түсіндіру арқылы өзін- өзі тәрбиелеуге, жіберген қателігін түзеп, қайталамайтын жағдайға жеткізуге үйретуге болады. Әр шәкіртінің бойындағы қабілет, дарынын уақытында байқап, пән мұғалімдерімен, ата- анамен тығыз байланыс жасап, болашақ өмір жолына пайдасы тиетіндей олимпиада, ғылыми жоба жарыстарына қатысуын қадағаласа, орасан пайда келтіргені.. Қай ортада жүрсе де , өнегелі тәрбиемен өскендігін таныта алса, ұрпағына үлгі болса дегім келеді. Білім беру қоғам дамуының маңызды әлеуметтік-экономикалық факторы болып саналады, ол кез- келген мемлекеттің саясатының басым аспектілерінежатады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «… жалпы білім беретін мектептерде білім берудің мақсаты – Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту», – деп  атап көрсетілген. Жас ұрпақты тәуелсіз Қазақстанның даму тарихының субъектісі ретінде, өзгерістердің бірыңғай маңызды факторы ретінде, жаңа идеялар мен
бағдарламаларды тасымалдаушы ретінде, ерекше түрдегі әлеуметтік құндылық, «Мәңгілік Ел» монолитінің өкілі ретінде қабылдау қажет.
Тәрбие процесінің тиімділігі тікелей мұғалімге, сынып жетекшісіне
байланысты. Әйгілі психолог Дж. Маккензи мұғалімнің іс-әрекетінің
маңыздылығы туралы «Білім беру жүйесінің сапасы онда қызмет ететін мұғалімдердің сапасынан жоғары болуы тиіс» деген болатын. Мектептегі тәрбие формаларын сынып жетекші ұйымдастырады. Сынып жетекшілік – ерекше ұйымдық форма, ол орта мектептегі әлеуметтік және психологиялық өзгерістерге қарамастан дәстүрлі түрде қалыптасты және дамыды. Сынып жетекшісінің қызметі әр баланың жеке дамуына қамқорлық және жеке қабілетін неғұрлым дамытуға әсер ету қажет болатын тәрбие үрдісінде туындайды. Сынып жетекшісінің кәсіптік мақсаты топтың тіршілік әрекетін әр түрлі топтың әрекетін ұйымдастыру, жалпы адамзаттық, әлеуметтік, жеке өмірін ұйымдастыру. Осы міндеттерді орындаған кезде сынып жетекшісі балаға әлеуметтік-психологиялық тәрбиелеу қалай әсер ететінін аңғарады. Ол баламен жеке түзету және педагогикалық көмек көрсету мақсатында жұмыс істейді. Өкінішке орай, бүгінгі күні жасөспірімдер мен жастардың ортасында ішімдік қолдану, нашақорлық, темекі шегу, суицид жағдайлары сияқты
фактілер кездеседі. Бұған тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз
етілуінің жеткіліксіздігі және тәрбие саласындағы педагогтердің кәсіби
деңгейінің төмендігі, сол сияқты ата-аналармен, жұртшылықпен байланыстыңәлсіздігі ықпал етеді.Жас ұрпақ тәрбиесінде басты рөл сынып жетекшісіне жүктелетін міндеттер артып отыр: ол – тұлғаның қалыптасуына, оның нәтижелі түрде әлеуметтенуіне қатынасатын тәлімгер, ол бүгінгі күн талаптарына жауап береді және болуы мүмкін тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді алдын ала көре біледі. Қазіргі күні мектеп сынып жетекшілерінің белсенді позициясын қалыптастыруды күшейту, жалпы білім беру жүйесіндегі тәрбие процесін жетілдіру мен тиімділігін арттыру қажеттілігі туындапотыр. Заманауи білім берудегі өзекті мәселе – сынып жетекшісінің жаңа моделін жасау болып отыр. Қазақстандық білім беруді жаңғыртудағы бағдарламалық шаралар
әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірілген және тұлға мен қоғамның
қажеттіліктерін қанағаттандыратын көпдеңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық
моделін қалыптастырудағы білім беруді дамытудың стратегиялық
басымдықтарын анықтауға бағытталған «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  Мемлекеттік бағдарламасында» айқындалған. Бұл процестегі мұғалімнің, сынып жетекшісінің, тәлімгердің рөліне бағажетпейді. Білім беруді жаңғыртуды кәсіби, құзыретті педагогсыз шешу қиынжәне мүмкін де емес. Заманауи әлемде сынып жетекшісіне, тәрбиешіге өтеқатал талап қойылады, себебі қазақстандық білім беруді жаңғыртуда мұғалімбасты тұлға болып табылады. Мұғалім қызметіне жаңаша көзқарастағыбастыайырмашылық – оның кәсіби шеберлігіне көп көңіл бөлінуі. Сынып жетекшісінің, тәрбиешінің беделі оның зияткерлік және кәсібидеңгейімен,тұлғалық қасиеттерімен анықталады Соңғы жылдары қазақстандық мектептерде міндеті оқушыларды тәрбиелеу болып табылатын жаңа мамандар пайда бола бастады: педагог-
ұйымдастырушылар, қосымша білім беру педагогтары, әлеуметтік педагогтер,сынып тәрбиешілері. Бірақ, соған қарамастан мектепте тек сынып жетекшісіғана тұлғаның тәрбие процесін анықтайтын басты адам болған жәнебола береді. Ол оқушы, мұғалімдер мен ата-аналардың, кей кезде тіпті балалардың арасындағы байланыстырушы буын болуы тиіс.Сынып жетекшісін ересек дос және дана тәлімгер ретінде санаған оқушылар ең алдымен, кейде тек сонан ғана ақыл-кеңес, көмек, қолдау күтеді. Сынып жетекшісі іс-әрекетінің зерттеулері көрсеткендей-ақ, егер ол оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатын, бағытын дұрыс анықтаған кезде, өз сыныбының қызығушылығы мен мүмкіндігін жақсы білген жағдайда сынып толығынан  мектептің тәрбие жүйесімен кірігеді, шағын ауданның тәрбие кеңістігіне қосылады, отбасы сынып пен мектеп өміріне белсене араласады. Сынып – мектептегі негізгі құрылымдық элемент болып саналады. Осы ортада оқушылардың танымдық іс-әрекеті ұйымдастырылады, олардың арасындағы әлеуметтік қарым-қатынас қалыптасады. Мектептік өзін-өзі басқару органдарының өкілеттік қызметтері көп жағдайда сынып атынан жүзеге асырылады. Сыныптарда оқушылардың әлеуметтік саулығына қамқорлық жасалады, олардың демалысын ұйымдастыру, ұжымдардың алғаштоптасу проблемалары шешіледі, сәйкес әсерлі (эмоционалдық) орта қалыптасады. Әр сыныпқа мектеп бойынша бұйрық негізінде осы сыныпта табысты жұмыс жасап жүрген мұғалімдердің бірі бекітіледі. Бұл – сынып жетекшісі. Қазіргі кезде Сынып жетекшісі туралы ереже сынып
жетекшілігінде басшылыққа алатын құжат болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы білім беру бүгінгі таңда айтарлықтай
өзгеріске ұшырады:

– білім беру мазмұны жаңаруда;

– педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа тәртібі енгізілуде;

– мемлекеттік білім беру стандарттарының жаңа буындары жасалуда;

– қолданысқа оқытудың, тәрбие мен басқарудың жаңа әдістері, құралдары және технологиялары жаппай кіргізілуде;

– республикада білім беру сапасын бағалау жүйесі және т.б. құрылуда.
Алайда сынып жетекшісінің рөлі білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып болып қала береді.

Республиканың бірқатар мектептері және Назарбаев Зияткерлік
мектептері тәжірибесінің талдауы көрсеткендей-ақ сынып жетекшісі қызметінің бағыттары:

– білімалушылармен;

– ата-аналарменжәнежұртшылықпен;

– сыныпжетекшісініңпәнмұғалімдерімен өзара әрекет;

– сыныпжетекшісініңәдістемелікбірлестік шеңберінде;

– құжаттамалардыресімдеубойыншажұмысорындауболыптабылады.
Сыныпжетекшісініңбілімалушыларменжұмысыеңәуелісыныпқажәне
жекелегеноқушыларғажасағанталдаужұмысынанбасталады. Сынып
жетекшісінеоқушыларменжұмыстыңмақсаткерлікжәнеәрекеттікжоспарын
құрастырғанжеңіл, өйткеніолоқушылардыңқызығушылықтарын,
ерекшіліктері мен бейімділіктерінжәнетәрбиелікдеңгейінбіледі. Сынып
жетекшілері тек қиыноқушылармен, тәртіпбұзушыларменғанажекежұмыс
жүргізуітиісдегенқатепікірлер бар деректеркездесіпқалады. Оларөздеріне
ерекшекөңілбөлудіқажетететінбасқаоқушылардың бар екенінұмытып
кетеді, кейдепроблемалар мен терісқылықтар сырт көзге байқалмауы мүмкін. Сыныпты және ондағы әрбір оқушыны жеке зерттеген соң сынып жетекшісіөзінің тікелей қызметін – балалармен жүргізілетін жұмыс формасын таңдаудыжүзеге асырады. Заманауи мектеп сынып жетекшісінің моделін төмендегіше көрсетуге болады: Сынып жетекшісінің жалпы сипаттамалары:
1. Сынып жетекшісінің зиялылығы – оның тәрбиелілігінің өлшемі
болып табылады.

Ол – арсыздық пен надандыққа қарама-қайшы ұғым.

Тәрбиеші – қатал, бірақ мейірімді болуы тиіс.

Егер өзін сыйласын десе, тәрбиеші ең алдымен өзгелердің адами
қасиетін сыйлауы қажет.

Өзіне көңіл аударуды талап етпес бұрын тәрбиеші өзін
қоршағандарға ықылас көрсетуі, балалардың қызығушылықтарын, мүдделері
мен қажеттіліктерін ескеруі тиіс.

Сынып жетекшісінде болуы тиіс қасиеттер:
1. Ішкі адамгершілік еркіндігі.

Ой тәуелсіздігі.

Ойлау бейнесі мен мінез-құлық таңдау еркіндігі.

Өз қылығы үшін толық жауапкершілік түсінігі.

Сынып жетекшісі білуі тиіс:

Өз кәсіби іс-әрекетін, қызықты әрі шабыттандыратын сыныптан тыс
өмірді, әр тәрбиеленушінің тұлғалық бейнесін жоспарлауды.

Өз қызметінің нәтижесін талдауды және болжауды.
Әр тәрбиеленушінің тұлғалық қалыптасуында көмек көрсетуді.
4. Тәрбиеленушілерді өзінің сабақтан тыс іс-әрекетін талдауға
үйретуді.
5. Ата-аналармен, сыныбындағы пән мұғалімдерімен,
қауымдастықпен әлеуметтік байланыс орнатуды.

Балалармен қарым-қатынаста сынып жетекшісінде болуы тиіс
негізгі қасиеттер:
– жоғары адамгершілік және қайырымдылық;
– ықылас;
– қамқорлық,
– түсінушілік;
– елгезектік;
– коммуникативтілік;
– тілектестік;
– жауапкершілік;
– ашықтық;
– ізгілік;
– адалдық;
– мысқыл сезім;
– байыптылық, ұстамдылық;
– әділдік;
– мақсаттылық.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым-қатынаста қажет басты
қасиеттері:
– шыншылдық және әділеттілік;
– шыдамдылық;
– байсалдылық;
– әдептілік;
– сыпайылық;
– мәдениеттің жоғары деңгейі.
Сынып жетекшісі жұмысының басты принциптері:
– ізгілік;
– кәсіби құзыреттілік;
– әділдік;
– тұлғаға құрметпен қарау;
– жауапкершілік және т.б.
Сынып жетекшісі болу, ол:
– өзіне үлкен жауапкершілік алуды;
– тыңдай және түсіне білуді;
– сыныптағы әр тәрбиеленушінің психикалық, дене бітімі және
адамгершілік жай-күйіне қамқор болуды;
– көмек көрсетуді (оқуда, сыныппен және қоршаған социуммен, ата-
аналармен қарым-қатынаста, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі дамытуда);
– жетекшілік жасау және тәртіпті қадағалауды;
– үнемі әділдік жағында болуды білдіреді.
Сынып жетекшісі құқылы:
1. Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымдары: педкеңес, мектеп кеңесі,
кәсіподақ және мектептегі басқа органдар жұмыстарына қатысуға.
2. Мектеп қызметін жетілдіру бойынша бастама көтеруге, ұсыныстар
енгізуге.
3. Өзінің тәрбие жүйелері мен бағдарламаларын құруға, «кесіріңді
тигізбе» адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, тәрбиенің жаңаәдістерін, формалары мен тәсілдерін шығармашылықпен қолдануға.
4. Мектептің өзін-өзі басқару органдарында өз ары мен абыройын
қорғауға.
5. Еңбектің түрлі көлемі мен нәтижесі үшін материалдық қосымша ақы
және ынталандыру жүйесін анықтайтын құжаттарды дайындауға қатысуға.
Сынып жетекшісінің құқысы жоқ:
1. Тәрбиеленушінің жеке басының абыройын кемітуге, оны іс-
әрекетімен немесе сөзбен қорлауға.
2. Бағаны (мектептік балл) оқушыны жазалау мақсатында қолдануға.
3. Баланың сенімін аяққа басуға, тәрбиеленушіге берген уәдені бұзуға.
4. Баланы жазалау үшін оның отбасын (ата-анасын немесе
туысқандарын) пайдалануға.
5. Өзәріптестерітуралы «сыртынан» жамандауға, олардыңнамысына
тиюге;

Заманауи жағдайдағы сынып жетекшісінің тиімді қызметінің моделін
сипаттай келе, модельде берілген модельдік түсініктер білімді, адамгершілікті,жігерлі, көшбасшылық қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, Стратегия-2050 басты мақсатына қол жеткізуге белсенді қатысатын адамды қалыптастыруға бағытталғанын көруге болады. Мектепте ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының негізгі формасы –сынып немесе тәрбие сағаты. Сынып сағаты оқушылардың дүниетанымын, мәдениетін, іс-әрекетін қалыптастырады. Сынып сағаты ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдық және қалыптастырушылық қызмет атқарады. Білім берудегі басты міндет – өзінің кәсіби
қызметінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қолдануға қабілетті жоғары
білікті мамандарды, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кәсіпқорларды
даярлау. Сынып жетекшісінің дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие іс-әрекеті –тұлға тәрбиесінде жоғары нәтижеге қол жеткізудің негізі. Заманауи сынып
жетекшісі тәрбиенің 3 қызметін атқарады: сыныпта түрлі іс-әрекетті
ұйымдастырады, әр баланың дамуына қамқорлық жасайды, балаларға
проблемаларды шешуіне көмектеседі. Сынып жетекшісі балалармен бірге
олардың қызығушылықтарын, қабілеттерін, тілектерін ескере отыра, сыныптың тәрбие жүйесін жобалайды, ата-аналармен өзара қарым-қатынас орнатады, ортаның этномәдени жағдайларын ескереді. Өз ісін шебер меңгерген нағыз сынып жетекшісі – ол өз тәрбиеленушісінің әрқайсысының бойынан қайталанбас, дара тұлғаны көре білетін; тұлғалық-бағдарлы тәсілге сүйене отыра педагогикалық диагностика негізінде әр оқушыны терең зерттейтін, олармен байланысын үйлестіретін, балалар ұжымының қалыптасуына ықпал ететін ақылды тәрбиеші.

Қызмет ақпарат

16 657 символ

 

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика