ОҚУШЫЛАР ҚУАТ ӨНДІРУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБА ӘЗІРЛЕДІ

Енді ғарыш кеңістігінде зымыранды экологияға зиянды отынсыз-ақ  қозғалтуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ жаңбыр мен су тамшыларынан тұрмысқа қажетті электр қуаты өндіріледі. Шымкенттік мектеп оқушылары бірнеше жылдан бері осы жобаларды ғылыми негіздеп, оларды жетілдіру үстінде.

Ақжүністің ғылыми жобасына негіз болған  физикалық теория. Ғалымдар әртүрлі зарядталған денеге ток жібергенде ионды жел пайда болатынын дәлелдегенмен оны ешкім іс жүзінде сынап көрмеген болатын.  Ақжүніс ұстазының жетекшілігімен осыны қолға алды. Екі жыл бойына қажетті бөлшектерді жинақтап, ионды жел арқылы жеңіл денелерді суда да қозғалысқа келтіруге болатынына көз жеткізді. 10 сыныпта оқитын Ақжүніс Болатқызы өздері құрастырған қозғалтқыш туралы былай дейді:

Бұл қозғалтқышта өте аз қуат 3,8 вольтаж пайдаланылды. Сондықтан да дәл осы 40-50 сантиметр жолды 10-12 секундта жүріп өтеді.

Зымырандар отын арқылы қозғалатыны әмбеге аян. Одан ауа ластанады. Ал ионды қозғалтқыштың қоршаған ортаға ешбір зияны жоқ,-дейді оқушы. Енді олар жобаны ауасыз кеңістікте сынап көрмек.

Қазір жасаған қозғалтқышымыз суда қозғалады. Енді осыны осыны вакумда қозғалтсақ қалай болады екен деген деген оймен  құрылғымызды жетілдіре түсуді мақсат етіп отырмыз. Ол үшін жоғары вакум қажет. Ондай жағдай бізде бомағандықтан университеттермен байланысып жұмыс жасамақпыз, дейді ФИЗИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ ДАНА ЖҮНІСБЕКОВА.

Мектеп оқушыларының тағы бір жобасы баламалы энергия  көзіне байланысты. Бұл да көптің көптің қызығушылығын тудырды. Мұндағы тәсіл, суды тамшылату арқылы денелерді үйкеліске келтіру. Қолданыстағы гидроэлектростансалар судың күшін тек генераторды айналдыру үшін ғана пайдаланады.  Жаңашыл процестің пайдалы әсер коэфеценті 13 пайызға, яғни күн батареясынан алынған қуаттыкіні тең. Ал жұмсалатын шығын онымен салыстырғанда анағұрлым аз.

МӨЛДІР ЫСМАЙЫЛ 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Тамшы неғұрлым көбейсе, қуат та соғұрлым көбейеді. Қуат көбейген жағдайда ұялы телефонды да зарядттауға болады, мұндай қуат болған жағдайда диодтты шамдарды да қосуға болады. Біз жасаған  құрылғы өте қарапайым. Жартылай өткізгіштер ғана қажет.

Халықаралық білім олимпиадасында  шымкенттік оқушылардың бұл жобалары  екінші және үшінші орынды иеленген. Ғылыми жұмыстар плагиаттық тексерістен өткен. Пайдасы мен қажеттелігі туралы мамандардың мақұлдауын алған. Білім және ғылым саласы қазіргі заман талабына сай үлкен трансформацияны талап етеді. Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың тап осы саланы жандандыруға байланысты берген тапсырмасы аясында, білім ошақтары инновациялық жетістіктерге қадам басуда. Жуырда, Шымкенттік мектеп оқушылары пластикті жейтін бактерия ойлап тапты. Бұл ғылыми жоба әлемде экологиялық деп танылып отыр. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары гендік-инженерлік машиналар халықаралық байқауында дәл осы ғылыми еңбегімен Парижден алтын медальмен оралды. Онда олар жақсартылған бактерияларды негізге ала отырып жұмыс жасаған. Бұл бактериялардың ұқсастары табиғатта бар,  бірақ олардың метаболикалық процестері баяу, -дейді зерттеушілер.  Зияткер оқушылар оларды жылдамдатудың жолын ойлап тапты. Көптеген зерттеулер жүргізілді. Соның ішінде еліміздегі ірі университеттің базасында біраз тер төгуге тура келген. Өйткені бұл мақсатқа әзірге мектепте қажетті зертханалар қарастырылмаған. Алайда, жасалған бактерия табиғатқа шығарыла алмайды, оны тек өнеркәсіптік жағдайларда биореакторда қолдануға болады. «Прототипті оқушылар өздері жасады. Тіпті қоқыс өңдейтін зауыттардың бірі жобаға қызығушылық танытып та үлгерді. Өйткені, пластик ғасырлар бойы ыдырап, қоршаған ортаны ластайтыны белгілі. Адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиянсыз Pseudomonas putida сияқты бактерия бар, оның ыдырауына жауап беретін Ideonella sakaiensis бактериясының генін алуды жөн көрдік. Біздің бактериялардың метаболизм жылдамдығы жоғары болады. Мәселен, бактериялардың бір граммы биореакторда 1-2 сағат ішінде 80 грамм пластикті ыдыратады. Осылайша әлемді алаңдатқан экология мәселесін оңтайландыруға мүмкіндік тумақ», — дейді жобаның ғылыми жетекшісі. Шымкент қаласындағы №41 мектеп-лицейінің жоғары  сынып оқушылары болашақ энергиясы, «Табиғатқа зиянсыз сұрыптау» жобасы шеңберінде «Жылыжай өсімдіктерін суғаруды автоматтандыру» секілді ғылыми жобаны жүзеге асыруда. Жастарға ізденуге бағыт беріп, жетекшілік етіп отырған ұстаз – Гүлназ Сертаева, – деп хабарлайды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мектепте физика пәніне сабақ беретін Гүлназ  Сертаеваның еңбек өтілі 10 жыл. Осы жыл аралығында талай белесті бағындырып, шәкірттеріне білім нәрін беру жолында түрлі тәсілдерді қолдану үшін ізденіп жүреді. Шәкірттерін ғылым жолына бағыттауды мақсат еткен Гүлназ Асылханқызы «Болашақ энаргиясы» тақырыбы бойынша күн сәулесінен электр қуатын алу жөнінде ғылыми жобаны бастаған. Аталған жоба негізінде оқушылары түрлі байқауларда топ жарып, жүлделі орыннан көрініп келеді. Оқушысы Ақмаржан Құнанбай KazRoboSport-2017 Республикалық чемпионатының облыстық кезеңінде ғылыми жоба категориясында I-орын алған. Кейін «Өндірістік технологиялар және инжиниринг» атты IV Халықаралық конференциясы аясында үздік жобаларының көрмесінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. «Халықаралық білім беру корпорациясы» және  «Қазақ архитектура-құрыс академиясының» ұйымдастыруымен өткен шығармашылық байқауда 11 сынып оқушысы Арайлым Жумартова «Жылыжай өсімдіктерін суғаруды автоматтандыру» жобасы жоғары бағаланып,  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Бөбек» ҰҒПББСО Обсерваториясы Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика және астрономиядан ғылыми байқауында екі оқушысы Арайлым Жумартова мен Айгерім Жумартова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. Тәжірибелі мұғалім өз ұжымында да үлкен абыройға ие. Білім саласындағы жетістіктері мен республикалық марапаты да аз емес. Балаларды жастайынан ғылымға баулыған ұстаз жас мамандарға үлгі, ұжымда абыройлы.

Қызмет ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика