Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің географиялық тиімді орналасу жағдайымен, ірі көлік жол торабымен және дамыған экономикасымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, Шымшаһардың әсем әрі алуан түрлі ерекше табиғаты, бай тарихи-мәдени мұрасы, сапалы көлік, туристік, сервистік және өзге де инфрақұрылымы қаланың болашақтағы даму әлеуетінің зор екендігін көрсетеді. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан миллионды қала арқылы Еуропа мен Азия арасындағы байланыстарын нығайтуға бағытталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансұлттық көлік дәлізі өтеді. Бұл мүмкіндік үшінші мегаполистің Орталық Азияда инвестициялар, технологиялар мен зияткерлік ресурстарды тартудың жаңа орталығына айналуына жол ашары сөзсіз. Тәуелсіздік жылдарында өзге өңірлермен қатар Шымкентте де өнеркәсіпті өркендетіп, экономиканың нақты секторын дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында бүкіл өндірісі тоқырап, тоқтап қалған қала бүгінде ішкі нарыққа ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де түрлі тауарлар экспорттайтын деңгейге көтерілді. Әсіресе, 2018 жылғы 19 маусымда Шымкенттің республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болуы – қаланың жаңа қарқынмен дамуына тың серпін берген елеулі тарихи оқиға болды. Республика басшыларының осы көреген шешімі қаланың екінші тынысын ашты деп айтуға әбден болады. Біріншіден, қала бюджеті 4,6 есеге өсіп, 131,2 млрд теңгеден биыл 613 млрд теңгеге жетті. Қалада өнеркәсіп өнімі 70 пайызға артып, сондай-ақ аумағы 3 миллион шаршы метрден асатын жаңа тұрғын үйлер салынды. Сонымен қатар, заманауи тұрғын үйлер мен офистер кешенін салу үшін «Шымкент Сити» деген арнайы экономикалық аймақ құру жобасы іске асырылып жатыр. Қазіргі күнде Шымкент аумағы және халық саны бойынша республикада үшінші орын алатын мегаполиске айналып үлгерді. Оның айқын дәлелі — Шымкенттің қалалық алаңы 117 мың гектарға дейін кеңейіп, тіпті Мәскеу қаласынан да асып түсті. Шымкент қаласындағы халық саны 1 млн. 196 мың адамды құрап, республикадағы ең жоғары өсім көрсеткішіне ие болып отыр. Қалада соңғы жылдары 100-ге жуық жекеменшік мектеп ашылды. Осы орайда Шымкент қаласының кәсіпкерлері көптеген мектеп салып, білім саласына зор үлес қосып жатқаны өзге өңірлерге үлгі болуда. Әкімдік алдағы жылы үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешуді қолға алып отыр. Шымкентте сонымен қатар медициналық туризм де ерекше қанат жайып келеді. Мәселен, осы күні жан-жақтан, тіпті шетелдерден Шымкентке келіп емделуді қалайтын науқастар саны арта түскен. Жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу, онкологиялық кеселдермен күресу, басқа да күрделі оталар жасау, соның ішінде трансплантология бойынша республиканың үшінші мегаполисі оқ бойы озық келеді. Білім туризмін де ерекше атап өтуге болады. Осыған сәйкес қазіргі уақытта М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде шетелдің озық білім ордаларымен тығыз байланыстыратын жобалар қолға алынып жатыр. Атап айтқанда, қазіргі таңда универитетте әлемнің әртүрлі елдерінен келген 2 мыңға жуық шетелдік студенттер білім алады. Көбінесе шетелдік студенттерді Шымкенттегі оқу орындарының білім беру сапасы мен осындағы жайлы орта қызықтырады. Қала әкімдігі мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырыс көлемін 24 200 орынға дейін арттыру, 26 мектепке дейінгі мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік балабақшалардың материалдық-техникалық базасын 100% жаңартуды жоспарлап отыр. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту саласының 7000-нан астам  педагогі біліктілігін арттыру курстарынан, ал 1500-ден астам педагог қайта даярлаудан өтеді. Кейінгі үш жылда 81 мектептің ашылуы үш ауысымды және орын тығыздығы бар мектептер санын азайтты. Жол картасы аясында тағы да 80 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр, оның ішінде 38  мыңға жуық оқушыны қамтитын 25 мектеп «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынады.  Сонымен қатар 30 орта білім беру мекемесіне кешенді жаңарту жүргізіледі. «Қаламызда демографиялық және миграциялық өсімдерге сәйкес бала саны жыл сайын артуда. Осыған орай, 2029 жылға дейін қуаттылығы 87 950 орындық 80 мектеп құрылысын салу жоспарланған.  Әсіресе, білім беру мекемелерінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінді. Қазір қаладағы мемлекеттік мекемелердің бәрі бейнебақылау, дабыл түймелері, турникеттермен жабдықталған. Жол картасы аясында мектептерге қосымша 2,5 мың бейнебақылау жүйесін сатып алу жоспарланып отыр және балабақшаларда тағы 7000 бейнебақылау жүйесі орнатылады. Жол картасын аймақтардың бәріне арнап әзірлеу және қабылдау жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Шымкент қаласы басшылығы білім беру саласының дамуына айрықша көңіл бөліп отырғаны қуантады. Кешенді жұмыстар алдымызға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға және өзекті мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Жол картасында білім берудің барлық бағыты қамтылған, оның ішінде оқушылардың білім беру жүйесіне қол жеткізе алуын және олардың білім беру процесіне қатысымын арттыру да бар. Шымкентте ПМПК және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері жүйелерін кеңейту жоспарланып отыр,  арнайы педагогтер үшін жеті ресурстық орталық ашылады және психологиялық-педагогикалық көмек алу орындары бойынша мемлекеттік тапсырыс сегіз мыңға жуық орынға көбейтіледі. Бірқатар іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс санын азайтуға, балаларды қорғау бойынша оқу-жаттығу және психологиялық кеңес беруге, сондай-ақ балалардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға арналған.   Шымкентте екі Оқушылар сарайы, үш Cауықтыру лагері және алты Өнер мектебі салынады. Жол картасының ауқымды бөлімі білім беру сапасын арттыруды көздейді. «Дана бала», «Shymkent Hub», «Сапалы білім», «Сандық мұғалім» түрлі жоспарлы төрт жобаны іске асыру жоспарланған. Білім беру сапасын ұлттық және сыртқы бағалау жүйесін ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жұмыстар жалғаса береді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту сапасын бағалау талаптары енгізіледі. Қала мектептері жыл сайын оқушылардың білім алудағы жетістіктеріне мониторинг жүргізу мен  «PISA-based Test for Schools» халықаралық зерттеуіне қатысады. Сонымен қатар Президент тапсырмасына орай, министрлік техникалық және кәсіби ақысыз білім берумен 100% қамту, колледждерде педагог мамандар дайындау бойынша мемлекеттік тапсырысты ұлғайту және кәсіпорындардың сұранысы бойынша мақсатты түрде мамандар әзірлеу жөнінде жұмыстар жүргізіп келеді. Жол картасы іске асырылатын уақыт аралығында Шымкентте төрт өкілеттілік орталығы ашылады және сегіз колледжге жөндеу жасалады. Педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында біліктілікті арттыру курстары, арнайы оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерінің халықаралық тәжірибеден өтуі, ТжКБ басшылық құрамын менеджмент бойынша оқыту қарастырылған.  Жалпы Жол картасына Шымкент қаласының білім беру жүйесінің барлық бағытын дамыту шаралары енгізілген, олардың іске асырылуы балалардың жан-жақты және толыққанды дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. Мектеп туризмі – тек физикалық тәрбиелеу құралы ғана емес, ол оқушының жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда маңызы зор.

Туризммен шұғылдану балаларды еңбексүйгіштікке, қайсарлыққа тәрбиелейді. Туризм арқылы балалар көп нәрсені үйренеді. Жанға дауа, таза ауада жорықтарға шығып, туған өлке табиғатын тамашалайды, зерттеу-іздестіру жұмыстарын жүргізеді, денелерін шынықтырады, ұйымшылдыққа тәрбиеленіп, қоршаған ортаны танып біледі. Туристік жорықтардың денсаулықты нығайтуға, баланың шымыр да, ширақ болып өсуіне үлкен ықпалы бар. Туризм – бір тәуліктік немесе бірнеше күн ішінде орындалатын жаяу жүру, велосипедпен серуендеу, жүзу құралдарымен саяхат жасау сияқты физикалық жаттығулардың формасы ретінде өскелең ұрпақты сауықтыратын басты құралдың бірі болып табылады. Егер бала бір немесе бірнеше күнге сапарға шықса, ол қаланың қапырық ауасынан, ерсіліқарсылы көліктері сапырылысқан қарбалас тірлігінен құтылып, бой сергітеді. Оқушы тұрғылықты үйінен, ата-анасынан жырақта жүріп жақындары мен төңірегіндегі адамдардың қадірін түсінеді. Түрлі жағдайларда өзі шешім қабылдап, жауапкершілікті ұғынады. Әртүрлі адамдармен сапарлас бола жүріп, олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Ой өрісін дамытып, өзін солармен салыстыра бастайды. Сапар барысында экстремалды табиғи жағдайлардан шығудың жолдарын үйренеді. Сіріңкесіз от жағу, жұлдыздар мен күнге, ағаш діңгектеріне қарап жол бағытын анықтау тәсілдерін меңгереді. Мектеп туризмінің басты ерекшеліктерінің бірі, оқушылар саяхат
жасау барысында география, тарих, дүниетану, экология, биология, химия, физика, геометрия пәндері бойынша алған білімдерін пысықтап, қосымша білім алады. Оқушы саяхат барысында әр елдің салт-дәстүрімен танысады және өз туған өлкесін зерттейді, өлкетану және экология бағытында өзінше ой дарытады. Сонымен қатар, ғалымдардың айтуы бойынша, мектеп туризмінің ең басты қызметі – сауықтыру. Оқушылардың күнделікті демалысын жүйелі жоспарлау олардың қимыл белсенділігін дамытады және ағзаларының функционалды жоғарылауына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, мектеп туризмі моториканың, қабілеттің, ақыл-ойдың, эстетикалық және адамгершілік даму деңгейінің өсу тепе-теңдігін сақтай отырып, дене тәрбиесі мәселелерін шешеді. Бүгінгі күні мектеп туризміндегі жарыстар оқушылардың жасанды және табиғи кедергілерді еңсеруі арқылы өткізіледі. Бәсеке барысында сынға түсушілер спорттық бағдарлау әдісімен күш байқасады. Бұл спорт түрін 1918 жылы Стокгольм әуесқой спорт қауымдастығының президенті, майор Эрнст Киландер ойлап тапқан. Спорттық бағдарлау шартына сай қатысушы карта мен компас көмегімен белгілі қашықтықты жүріп өтіп, межеленген жерге жетуі тиіс. Көбіне бұл 5-15 шақырымды құрайды. Жарыс нәтижесі ара қашықтықты жүріп өту көрсеткіші мен жинаған ұпайға байланысты анықталады. Бағдарлаудың бұл түрі «түлкі аулау» деп те аталады. Оған 6 жасар баладан 90 жастағы қарт та қатыса алады. Олар жергілікті карта (әдетте 1: 15000 масштабты ), компас және бағыттаушы антеннасы бар радиоқабылдағышты пайдалана отырып, жасырылған шағын радиоқабылдағыштарды («түлкі») іздеп табулары керек. Бұл жарыстарға қатысу физикалық, техникалық, тактикалық және психикалық дайындықты қажет етеді. Спорттық бағдарлаудың төрт түрі бар: 1. Берілген бағытты бағдарлау. Картада жүріп өтер қашықтықтың басталу және аяқталу нүктелері, бақылау пунктері, бағыттау сызықтары көрсетіледі. Жарыс жеңімпазы ара қашықты жүріп өту уақытына байланысты анықталады. 2. Спорттық лабиринттегі жарыстар (ультра-спринт). Бұл жарыстар жасанды кедергілермен жабдықталған шағын ауданда өткізіледі. Жарыс жолының ұзындығы 100500 метр болып, әдетте лабиринт карталарында масштаб 1: 100 болады. 3. Таңдау бойынша бағдарлау. Қатысушылар бұл ара қашықтықты еркін түрде жүріп өтеді. Жарыс алдында қатысушыларға басталу және аяқталу орындары, сондай-ақ бақылау пункттері көрсетілген карта беріледі. Қазір қай сауда орталығына бар­саңыз да қаптаған балалар әткен­шектері орналасқан алаңды немесе қабатты көресіз. Әрине, қала тұр­мысында мұндай орындардың болғаны ата-аналар үшін қолайлы. Бірақ бұл ойын алаңдары жабық ғимараттарда орналасқандықтан жеткіншек денсаулығына кері әсері барлығын ата-аналардың барлығы байыптай бермейді. Өйткені онда ауа айналымы аз, ал келуші саны көп. Санитарлық талаптардың сақталуы да әркелкі. Бұл алаңдар – ең алдымен табыс көзі, яғни қалтаны қағады. Осындайда елімізде балалар туризмінің жеткілікті деңгейде дамымай отырғаны ойға оралады. Өйткені балаларды таза ауа аясындағы түрлі саяхаттарға, туристік нысандарға жібергенге жететін дүние жоқ. Кеңестік кезеңде оқыған буынның көпшілігі ымырт үйіріле алқақотан отырып, ортаға от жағатын жазғы лагерлерді ұмытпаған болар, сірә…

Қазір елімізде 1 миллионға жуық баланы (947 327 немесе 31,1 па­йыз) қамтитын 1 287 қосымша білім беру ұйымы бар. Сондай-ақ жас турист-өлкетанушылардың 40 стансасы мен орталығы, мектептерде 2 188 туристік-өлкетану үйірмесі жұмыс істейді. Оқушылар сарайлары мен орталықтарында балалар және жасөспірімдер туризмімен 7 – 17 жас аралығындағы 80 мыңнан астам бала қамтылған екен. Бұл бар-жоғы 2,6 пайызды құрайды.

Жалпы, туристік-өлкетану бағытындағы балалар ұйымдарының желісі ХХ ғасырда қалыптасты. Бірақ жаңа ғасырмен қоғамымызға дендей енген нарықтық жүйе балалар туризмінің де ту-талапайын шығарып, өз әмірін жүргізгендей әсер қалдырады. Мәселен, Парламент Сенатының депутаты Нариман Төреғалиевтің айтуынша, кеңестік кезеңнен қал­ған балаларға арналған туристік ны­сан­дардың басым бөлігінің қазіргі ахуалы халықаралық стандарттарға сай келмейді, техникалық жағдайы үрей туғызады немесе материалдық техникалық базасы ескірген, кейбірі мүлдем жойылған.

Бүгінде балаларға арналған орталық туристік нысандар 20 бейім­делген ғимаратта орналасқан, оның 50 пайыздан астамы күрделі жөн­деуді қажет етеді, 10 шақты орта­лықтың жеке ғимараты да жоқ. Ал өз бетінше ұйымдастырылған ту­ристік бірлестіктер мектептерде орын тепкен. Мұндай сипаттағы ғима­раттардың басым бөлігі Оңтүстік Қа­зақ­стан облысына тән. Тағы бір мәселе – сала заманауи озық техноло­гиялардан, оқу құралдарынан, ком­пьютерлік техникадан, сапалы интернеттен тапшылық көріп отыр. Елі­мізде туристік жабдықтарға ие өз бетінше ұйымдастырылған ту­ризм бірлестіктері 15 пайызды ғана құрайды. Сондай-ақ туристік-өлке­тану бағытындағы технология­лар­ды меңгерген педагогтардың, маман­дар­дың біліктілігі де жеткіліксіз дең­гейде. Мәселен, соңғы 3 жылда туристік-өл­кетану бағыты бойынша пе­дагог­тардың 30,8 пайызы біліктілігін арттырды. Яғни, педагогтардың 69,2 па­йызы әлі біліктілігін жетілдіруді қажет етеді. Осы орайда түрлі коммер­циялық ұйымдар кадрлардың білік­тілігін арттыру қажеттілігін ескере отырып, педагогтар үшін ма­ңыз­ды емес қымбат курстар ұйым­дас­­тырып жүргені байқалады. Бұл осы мақсатта мемлекеттік тапсырыс­тарды әзірлеу керектігін көрсетіп отыр. Сарапшылардың айтуынша, Қа­зақстанда бастауыш, орта және жоғары дайындық семинарлары арқылы демалыс күндерді, күр­делі саяхаттарды ұйымдастырушы жетекшілер мен мектеп туризмінің нұсқаушыларын даярлайтын жүйе жоқ. Оған ведомствоаралық құзы­рет­тіліктердің алуандығы да кері әсерін тигізіп келеді. Мәселен, қа­жетті мамандар мен оқу-тәрбие әдіс­темесін даярлау Білім және ғылым министрлігінің құзыретінде болса, туристік нысандардың жұмысын ұйымдастыру Мәдениет және спорт министрлігіне қарайды. Бұл ортақ мақсат пен біртұтас талаптарды шешуде тиісті министрліктер арасында өзара тиімді іс-қимылдың жоқтығын көрсетеді. Яғни, балалар туризмі жүйесінің барша елді қамтыған сипаты байқалмайды. Қосымша білім беру ұйым­дары – балаларға арнал­ған әлеуметтік институт. Бұл баланы жеке тұлға ретін­де дамытуға, білімі мен ой-өрі­сін жетілдіруге, ұлттық қасиет­терді бойына сіңіруге, өзін өзі да­мытуға, көшбасшылық бітім­ді игеруіне алғышарт бола алады. Жан дүниесі таза жет­кіншек табиғатты жақсы көреді. Осы тұрғыда педагогтың міндеті – балалар туризмі арқылы тәр­биелеу. Бұл баланың келе­шегін айқындайтын дүние. Сондықтан бүгінгі жедел өзге­рістерге толы әлемде балалар туризмін дамыту өте өзекті, – дейді Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орта­лығының директоры Раиса Шер. Оның айтуынша, Батыс Еуропа елдерінде қосымша білім беру ұйымдарына 70 пайыз, мектепке 30 пайыз ғана көңіл бөлінеді. Бұл жағдай Қазақстанда керісінше өріс алып отыр. бала­лар-жасөспірімдер туризмін жандандыру саламатты өмір салтын қалыптастыруға, ұлт ден­саулығын нығайтуға, әлеу­меттік бейімделуге, кәсіптік шың­далуға, жас өскіндердің өзін өзі дамытуына, ұлттық сана-сезімі мен рухани жан дүниесін байы­туға, табанды, қажырлы, жігерлі азамат ретінде өсуіне ерекше ықпал ететінін айтады. Сол себепті балалар туризмін педагогикалық ұйымдастыру ісі мен оқу-тәрбиелік әдістемесін заманауи талаптарға сай кешенді түрде дамытуға ден қою керек, бұл ретте мемлекеттік дең­гейдегі қолдау өте өзекті. Мәселен, көпшілікке арналған балалар туризмі қымбат болмауы керек. Бұл мәселеде мемлекет ірі туроператор қызметін атқаруға немесе реттеуге құмбыл болуы тиіс. Сонымен бірге ту­ристік-өлкетану бағытындағы қосымша білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдірмейінше, оның әлеуметтік мәртебесін толық қамту, сақтау мен қорғауға кепіл­дік жоқ. Яғни саланың дамуы­на шек қояды. Сондықтан Шымкент қаласының білім басқармасының салада атқарылатын жұмыстары мен жоспарлары бүгінгі күнде өзекті.

Қызмет ақпарат

14 339 символ

 

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика