Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша семинар өтті

Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейі базасында «ББЖМ-ге дайындық барысында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған қалалық тәжірибелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – білім алушылардың функционалдық сауаттылығын және білім беру сапасын арттыру барысында оқыту мазмұны мен әдістерін қалыптастыру.

Әдістемелік орталықтың әдіскері Р.Аульбаеваның ұйымдастырумен өткізілген семинар барысында А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің мұғалімдері З.Р.Тойтанова, Г.Нұртай, К.Алимбаева, А.Муслимова білім алушылардың білім сапасын арттыру барысында қолданатын тиімді заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып тәжірибелік ашық сабақтар көрсетті.

Нәтижесінде семинарға қатысушылар берілген ашық сабақтар бойынша кері байланыс жасалды, ұсыныстар берілді, қатысушылар қазіргі қоғамдағы сұранысқа лайықты кәсіби жаңашылдықпен танысты, үздік сабақтарды талқылап, тиімді педгогикалық әдістерді үйренді, сондай-ақ өзара пікір алмасып, ризашылықтарын білдірді. Аталған іс-шараға жалпы орта білім беретін мекемелердің география пәні мұғалімдері қатысты. Сөйтіп жалпы саны 85 мұғалім өздеріне мол тәжірибе алып кетті.

Жалпы, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын және білім беру сапасын арттыру барысында оқыту мазмұны мен әдістерін қалыптастыру – бұл қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Бұл процесті тиімді ұйымдастыру үшін келесі қадамдарды ескеруге болады:

  1. Функционалдық сауаттылықты дамыту. Бұл бағытта пәндер мазмұнын өмірмен байланыстыру, тапсырмаларды практикалық жағдайларға негіздеу (мысалы, есептерді өмірлік мысалдармен шешу), оқушылардың сыни ойлау, ақпаратты талдау және шешім қабылдау қабілеттерін дамыту қажет.
  2. Оқыту мазмұнын жаңарту. Бұл бойынша қазіргі заманғы талаптарға сай білім беру мазмұнын жаңғырту, STEM, STEAM бағыттарын интеграциялау, жаңа әдістемелік құралдарды енгізу (цифрлық ресурстар, интерактивті құралдар) әдістерін қолдану керек.
  3. Оқыту әдістерін жетілдіру. Интерактивті оқыту әдістері: жобалармен жұмыс, пікірталас, проблемалық оқыту;

Дифференциацияланған тәсіл: оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру;

Тәжірибеге бағытталған оқыту: зертханалық жұмыстар, эксперименттер, практикалық сабақтар.

  1. Білім беру сапасын бағалау

Сапаны объективті бағалау үшін диагностикалық әдістерді қолдану;

Білім алушылардың жетістіктерін халықаралық стандарттарға сәйкес салыстыру (мысалы, PISA, TIMSS);

Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалауды дамыту.

  1. Мұғалімдердің кәсіби дамуы

Мұғалімдердің жаңа әдістер мен технологияларды меңгеруі де маңызды рөл атқарады. Бұл үшін:

Кәсіби біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;

Заманауи педагогикалық технологияларды қолдануға жағдай жасау.

Бұл шаралар білім беру сапасын арттыруға және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Жалпы, оқушының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – бұл оның мектепте алған білімін күнделікті өмірде қолдана білу қабілеті. Ол оқушының оқу, жазу, математика, жаратылыстану, ақпаратты пайдалану және қаржылық дағдыларын тиімді іске асыруын қамтиды. Функционалдық сауаттылық оқушының нақты өмірлік жағдайларда мәселелерді шешуге, қоршаған ортаға бейімделуге және жеке мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Функционалдық сауаттылыққа қол жеткізген оқушы мектепте білім алу барысында өмірдің қалыпты жағдайларында кездесетін түрлі жағдаяттардың шешімдерін таба алатын қабілетке ие болады, негізінен, қолданбалы білімін жүзеге асыра алатын деңгейдегі білім иесі бола алады. Жинақтай алғанда, функционалдық сауаттылық оқушының жеке тұлғасының əлеуметтенуіне игі ықпал ететін басты тірек болып табылады.

Осы тұста айта кететін нәрсе, «функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдарының аяғында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болып, кейін зерттеушілердің күнделікті өміріне енді. Функционалдық сауаттылық кең анықтамасында білім берудің адамның көп қырлы қызметімен байланысын біріктіретін жеке тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде көрсетіледі, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін негізгі факторлардың біріне айналуда.

Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілетін, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шартын, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігін, оқушылардың бес әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізін, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемін, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолын көрсетеді. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады. Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:

‒ оқу, жазу сауаттылығынан;

‒ жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;

‒ математикалық сауаттылығынан;

‒ компьютерлік сауаттылықтан;

‒ денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;

‒ құқықтық сауаттылығынан.

Білім беруде мектептің басты міндеті – өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім, қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Өйткені ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры осыны талап етуде. Әр тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенді, шығармашыл тұрғыда ойлай алатын, сеніммен шешім қабылдай алатын, кәсіби жолын таңдай алуға қабілетті және өмір бойы білім алуға дайын тұра алатын болуы қажет. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасуы тиіс. Ол үшін оқушының функционалдық сауаттылығын  арттыру өте маңызды. Сондықтан да оқушылардың  ақпараттық құзіреттілігін, функционалдық  сауаттылықтарын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда мектептеріміздің білім саласында тұрған маңызды мәселенің бірі болып табылады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика