Шымкент қаласы Дарын орталығы «Qabilet» қызметі бөлімінің 2024-2025 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес 8-9 жас аралығында 4 К бойынша балалардың қабілеттерін диагностикалаудың екінші кезеңі өткізілді. Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі 8-9 жастағы екінші кезеңге өткен оқушылармен офлайн тестілеу өтті. Тестілеу барысында ІІІ кезеңнен тұратын әдістемелер жүргізілді.
І кезеңде көру-қимыл координациясын диагностикалауға арналған «Бендер гештальт» тесті, сөйлеуді дамыту диагностикаға арналған «Еркін сөйлеу шеберлігі» әдістемесі, ойлау қабілеттерін диагностикалауға арналған «Ұғымдарды салыстыру», «Ұғымдарды жалпылау» әдістемесі, А.Никифоровтың «Ұғымдарды жіктеу» әдістемесі;
ІІ кезеңде шығармашылық қабілетті диагностикалауға арналған «Сиқырлы сандықшада не бар?» тесті;
ІІІ кезеңде коммуникативті қабілеттерді диагностикалауға арналған «Коммуникативті тапсырмалар түсінігі» әдістемесі жүргізілді.
Жүргілген әдістемелерге интерпретация арқылы талдау жасалып, психологиялық кеңес беру бағыттары жүргізіледі.
Былғы оқу жылында Шымкент қаласы бойынша «Qabilet» платформасына 4092 бала тіркелген. Жалпы тіркелген оқушылар саны 36600-ге жетіп отыр. «Qabilet» платформасына 7-9-10-11 жастағы балалар қатыса алады. Қызмет ақысыз әрі барлық оқушыға қолжетімді. Жобаның мақсаты – оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарын диагностикалаудың бірыңғай жүйесін құру, сонымен қатар олардың зияткерлік жеке әлеуетін іске асыру үшін қабілетті балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау. Жоба ата-аналарға балалардың қабілеті мен дағдысын ашуға көмектеседі, әр отбасына баланың қабілет деңгейін дұрыс бағалауға және оның таланттарын одан әрі оқыту және дамыту бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ заманауи, қарқынды дамып келе жатқан әлемде баланың дамуына ықпал етеді. Қабілеттерді диагностикалау әдістемесі 4К (креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік) дағдылары бойынша тестілеу арқылы жүргізіледі.
«Шымкент қаласының Дарын орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы дарынды балалар мен жастарды анықтау, дамыту және кәсіби қолдау болып табылады. Орталықтың негізгі міндеті – оқушылар үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №514 бұйрығының негізінде білім беру, шығармашылық, әлеуметтік және кәсіби дамуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру. Жыл сайынғы жоспарға сәйкес, республикалық және жергілікті деңгейде олимпиадалар, конкурстар, байқаулар ұйымдастырылады. Бұл шаралар барысында дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіледі.
«Дарын» орталығының мақсаты – жалпы білім беретін пәндер бойынша жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән олимпиадаларын ұйымдастырып өткізу және де оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарын диагностикалаудың бірыңғай жүйесін құру, сонымен қатар олардың зияткерлік жеке әлеуетін іске асыру үшін қабілетті балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми зерттеу жобалары мен конкурстарын ұйымдастырып, өткізу, шығармашылық және өнер байқауларын ұйымдастырып, өткізу, мектеп оқушыларының қабілеттілік деңгейін анықтау және кәсіби бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында «Qabilet» жобасын жүргізу.
Leave a Reply