Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, Ораз Жандосов Атындағы Мектеп базасында «Применение технологий искусственного интеллекта на уроках русского языка и литературы» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.
Мақсаты: Нысаналы мектептерде орыс тілі пәнін оқыту сапасын арттыру. Инновациялық әдістерді, цифрлық технологияларды және заманауи педагогикалық тәсілдерді талқылау. Орыс тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Семинар барысында орыс тілі мұғалімдерінің біліктілігі артты. Қатысушылар жаңа әдістемелер мен технологияларды меңгерді, оларды сабақтарда қолдануға дайын. Оқыту сапасын жақсарту тәсілдері анықталды. Орыс тілі пәнінде инновациялық тәсілдер мен құралдарды қолданудың тиімділігі түсіндірілді. Жаңа ресурстар таныстырылды. Мұғалімдерге цифрлық платформалар, оқу құралдары және интерактивті материалдар ұсынылды. Жалпы биылғы оқу жылында білім беру ұйымдары «Білім туралы», Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және тағы да басқа заңдар мен заңнама актілерін басшылыққа ала отырып, өз жұмысын жаңа мазмұнда жүзеге асырады. «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік ұсынымда білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөлінген. Қазіргі таңда қоғам мектеп түлектерінен цифрлық техникамен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруді, интерфейстердің жұмысын түсінуді, деректерді жинау мен цифрлық өңдеуді, деректерді қорғауды, ақпаратты іздеуді, қолдануды және ақпараттық көздерді әртүрлі негіздер бойынша саралауды талап етеді. Сонымен қатар биылғы оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшелік – тілдерді кезең-кезеңімен оқыту шеңберінде 3-сыныпта «Шетел тілі» пәнін оқыту, «Көркем еңбек» пәнін кезең-кезеңімен «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндеріне бөліп оқыту 3-сыныпта жалғасып, 4-сыныпта «Көркем еңбек» пәні оқытылады. «ДосболLIKE» бағдарламасын және «Менің бауырым» волонтерлік жобасын іске асыру шеңберінде мектепте салауатты және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасады. Ауылдық тірек және шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері енгізіліп, 2025 жылдан бастап «Цифрлық ұстаз» жобасы аясында тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылармен жұмыс күшейтіледі. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» кадр резервінің республикалық базасын қалыптастыру бойынша жұмыс бұрынғы қарқынын жоғалтпайды. Сонымен қатар цифрлы технологияларды пайдаланып, шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамытуға бағытталған пилоттық жобалар жүзеге асырылады.Оқыту мен бағалауда жасанды интеллектті қолдану аясы кеңейтіледі. «Жер елшілері» креативті жастардың Бүкілқазақстандық экологиялық қозғалысы» жобасы бойынша білім алушыларға экологиялық білім беру жүзеге асырылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің білім беру саясатын жүзеге асырудың тиімділігін жоғары деңгейге көтеру үшін Жолдауында сала қызметкерлеріне ауқымды міндеттер жүктеп, нақты тапсырма бергені баршамызға белгілі.Осыған байланысты ҚР Үкіметі мемлекеттік білім беру саясатын дамытуға ерекше көңіл бөліп, Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық жобасы әзірленді. Жобада білім саласын дамытудың басым бағыттары анықталып, жоспарлы жұмыстар нақтыланды. Басты мақсат – еліміздің зияткерлік әлеуетін дамыту арқылы таптаурын болған «Білім беру – оқу» ұстанымынан «Білім беру – тұлғаның қалыптасуы мен дамуы» ұстанымына көшу мақсаты айқындалды.Қазіргі заманғы заманауи тенденцияларды ескере отырып, білім берудің жаңа моделін енгізу – бүгінгі таңда басты мәселе. Себебі әлемдік білім беру кеңістігінде еліміздің білім саласындағы орны халықаралық талаптарға сай болуы қажет. Бұл – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. XXI ғасырда әлем елдерi өзара iс-қимылда, ынтымақтастықта және бiр-бiрiмен бәсекелестiкте болатыны анық. Сондықтан да елдiң әлеуметтiк, экономикалық және саяси өмiрiне белсендi қатысуға дайын бәсекеге қабiлеттi тұлғаны дайындау, әртүрлi санатты оқушылардың толыққанды бiлiм алуға тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, жас өрендердің өмірде өз орнын табуына сәйкес оқыту үшiн лайықты жағдай жасау – бүгінгі күнгі басты талап. Ол үшін елімізде білім саласын сыртқы және ішкі бақылау тұрақты жүргізіліп, салыстыра талдау арқылы нәтиже мен көрсеткіштер сарапталуда. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқушыларымыздың жетістіктері мен білім сапасындағы көрсеткіштердің тұрақтылығын сақтау, жоғары деңгейге көтеру бойынша биыл елімізде «Мақсатты мектеп» немесе «Еліміздегі 943 нысаналы мектеп» жобасы іске асырылуда.Бүгінде әдіскерлердің және педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және білім саласында жаңа идеяны іске асыруға мүмкіндік беретін әдістемелік кеңістік құру зор маңызға ие болып отыр. Педагогтар қауымына сапалы қолдау көрсету үшін әдістемелік қызметті жаңғырту және жүйелеу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты әдіскерлердің кәсіби құзыретін, әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.Бұл бағытта «Өрлеу» АҚ филиалы бойынша кәсіби даму институты да өз тарапынан тиімді жұмыстар атқаруда. 2024 жылдың сәуір айынан бастап өңірдегі қалалық оқу-әдістемелік орталық пен аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлеріне арналған «Әдістемелік қызметті трансформациялау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Заманауи ұстазға әдістемелік көмек беріп, қолдау, сүйемелдеу үшін де әдістемелік қызмет өте сапалы болу керек. «Әдістемелік қызметті трансформациялау» курсы педагогикалық ұжымды нәтижелі оқу-әдістемелік сүйемелдеу, қолдауды ұйымдастырудың тиімді жолдары мен дағдыларын дамытуға бағытталған. Нәтижесінде курстан өткен 103 (қаламыздағы 198 әдіскердің 52 пайызы) педагог өз қызметін жаңа мазмұнда құруға мүмкіндік алды.Жоғарыда аталған «Мақсатты мектеп» немесе «Еліміздегі 943 нысаналы мектеп» жобасы аясында атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды. Қаламыздан «Мақсатты мектеп» жобасына енген 60 мектептің жеке портретін әзірлеу жұмыстары аяқталып келеді. Бұл жұмыста стейкхолдерлерден, яғни мүдделі тараптардан тиісті сандық деректер мен ақпараттар алынып, талданып, сарапталып, жетістіктер мен кемшіліктер негізінде тиісті ақпараттық мәлімет пен талдау арқылы «Нысаналы мектептің жеке портреті» айқындалды. «Мақсатты мектеп» жобасын жүзеге асыру үшін педагог-директор-әдіскер-менторлар, «Өрлеу» филиалы, жобалық кеңсе, жергілікті атқарушы органдар мен білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері өзара тиімді әрекеттесіп, өңірдегі нысаналы мектептерде оқыту сапасын көтеруге, білім сапасын қамтамасыз етуге, яғни білім беру мен оқыту, бағалау сапасын жақсартуға жан-жақты қолдау білдіруіміз қажет. Ол үшін жергілікті жерде нысаналы мектептер жұмысын жүйелі ұйымдастыруға қолдау білдіру маңызды. Биыл бұл жұмысқа өңірде құрылған жобалық кеңсе жетекшілік жасайды. Басты мақсат – білім беру сапасын арттыру үшін нысаналы мектептерге әдістемелік қолдау көрсету. Бұл жұмыста жауапкершілік қала, аудан әкімдеріне, аудандық білім бөлімі қызметкерлеріне, барлық пәннің әдіскерлері мен жетекшілік жасайтын жауапты әдіскер-менторларға жүктеледі. Бұл тұрғыда әдістемелік қолдау, сүйемелдеу жасау үшін «Өрлеу» АҚ филиалының шаһар бойынша кәсіби даму институты да өз тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізуді жалғастырады. Яғни педагогтың кәсіби дамуының көпқырлы траекторияларын қамтамасыз ету үшін білім бөлімі әдіскерінің жеке кәсіби құзыреттілігін дамыту және педагогтардың пәндік білімдерін жетілдіру жұмыстарын үйлестіреді. Бірінші кезекте «Өрлеу» АҚ филиалдары әдіскерлерді оқыту, кәсіби біліктіліктерін арттыру жұмыстарын жүргізіп, курстан кейінгі қолдау шараларын ұйымдастырады. Бұл бағытта ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» деген сөзін басшылыққа алу артық болмас.Екінші кезекте нысаналы мектеп педагогтарын оқытудың кешенді шаралары аясында нәтижесі қорытынды тестілеумен аяқталатын үш деңгейлі біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады. Яғни бастауыш сынып және 10 негізгі пән мұғалімдерін 3 кезеңде алты айға жуық уақыт аралығында оқытады.Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдайды. «Базалық» деңгейде педагогтарды онлайн оқыту арқылы негізгі оқу пәндерінен пәндік білімді жаңартуға және бекітуге, академиялық білімді толықтыруға баса назар аударылады. «Негізгі» деңгей аясында оқытуда кіріктірілген оқыту арқылы Эстония Білім және жастар істері департаментінің (HARNO) оқытушыларының қатысуымен функционалдық сауаттылықты арттыру тәжірибесін үйренуге мүмкіндіктер жасалады. Сонымен қатар педагогикалық дизайн, яғни оқыту мен оқу материалдары тартымды, тиімді, нəтижелі болатын педагогикалық құралдарды және оқыту әдістемесін жетілдіру, білім беру процесін басқару мәселелері туралы білімдерін толықтырады. Интеграцияланған, яғни кіріктірілген оқытуға қолайлы орта қалыптастыру, IT-технологиялар мен жасанды интеллектті (ЖИ) оқу процесінде тиімді пайдалануды үйренетін болады. Осының нәтижесінде нысаналы мектептерді дамыту траекториясы жүзеге асырылады. Кәсіби даму институты тренерлері курстан кейінгі қолдау шараларын сапалы жүргізіп, мектепті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда бірлесе әрекет етеді, мониторинг жұмысына атсалысады.Яғни бізге белгілі 4 зерттеу негізінде жұмыс атқаратын мұғалімдердің тәжірибелерін зерттейді. Мониторинг нәтижесінде әдіскер-ментордың нысаналы мектеппен өзара іс-әрекетінің нәтижелі, сапалы болуына ықпал жасайды, қадағалайды, әдістемелік көмек береді. Педагог-директор-әдіскер-ментор арасында мақсат пен нәтижелердің бірлігі білім беру мен оқыту, бағалау сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс. Ахмет Байтұрсынұлының «…ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін ұстаз» деген сөзі ұстаздар қауымына кәсіби ізденіс, теориялық білімді шыңдау, біліктілікті арттыру, заманауи технологияларды жетік біліп, тәжірибеде қолдану қажеттігінің маңыздылығын ескертеді.Сондықтан осы жауапты жұмыста әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін. Жоғары нәтижеге толы ізденіс, кәсіби шыңдалу мен өрлеу, жеке кәсіби құзыреттілік, тұлғалық даму басты ұстаным болсын!
Қызмет ақпаарттық агенттігі
Leave a Reply