Қазіргі таңда әлем қарқынды дамып, ақпараттық технологиялар мен ғылым саласында үлкен серпілістер орын алып жатыр. Осындай өзгерістер білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізді. Жаңа заман талабына сай мектептер білім беру мен тәрбие жүйесінде жаңашылдыққа негізделген тәсілдерді енгізуде. Бүгінгі таңда заманауи мектептердің қоғамдағы рөлі мен олардың қажеттілігі ерекше.
Осы күнгі заманауи мектептер тек білім берумен шектелмейді, олар оқушыларды жан-жақты дамытуды көздейді. Қазіргі мектептерде оқушылардың тек академиялық білім алып қана қоймай, шығармашылық, спорттық, коммуникативтік және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасалған. Осылайша, мектеп балаға өмірдің әртүрлі салаларында табысқа жетуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күнде тек теориялық білім жеткіліксіз. Еңбек нарығы креативті ойлау, мәселелерді шешу, цифрлық сауаттылық және икемділік секілді дағдыларды талап етеді. Заманауи мектептерде STEM (ғылым, технология, инженерия, математика) бағдарламалары, робототехника және бағдарламалау курстары енгізіліп, болашаққа қажетті қабілеттерді меңгеруге жол ашылған.
Сонымен қатар, заманауи мектептер цифрлық құралдар мен технологияларды кеңінен қолданады. Электронды журналдар, онлайн сабақтар, интерактивті тақталар, білім беру платформалары – мұның бәрі оқу үдерісін қызықты әрі тиімді етуде. Технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылығы артып, оқыту үрдісі жеңіл әрі қолжетімді бола бастады. Сондай-ақ, қазіргі заман мектебі барлық оқушыға тең мүмкіндік беруге тырысады. Инклюзивті білім беру – ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беру үрдісіне қосылуын қамтамасыз етеді. Бұл қоғамдағы теңдік пен толеранттылық қағидаларын нығайтуға септігін тигізеді.
Ата-ана мен мектеп арасындағы серіктестік те заманауи мектептерде тиімді қолға алынған. Мұнда ата-аналармен тығыз байланыс орнатуға ерекше көңіл бөледі. Қазіргі кезде бала тәрбиесі мен білімінде ата-ана мен мектептің серіктестігі маңызды рөл атқарады. Әртүрлі жиналыстар, тренингтер, ашық сабақтар арқылы ата-аналар оқу-тәрбие үдерісіне тікелей қатыса алады. Заманауи мектептің негізгі миссиясы – оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Әрбір баланың әлеуетін ашу, оның қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтау – мұндай мектептердің басты міндеті. Заманауи мектептер – тек білім беру мекемесі ғана емес, олар қоғамның жаңа мүшелерін қалыптастыратын орталық. Олар балаға тек теориялық білім беріп қана қоймай, өмірлік маңызды дағдыларды дарытып, өз жолын табуға көмектеседі. Осылайша, заманауи мектептер еліміздің дамуына, мәдениетіміздің сақталуына және болашақтың жарқын болуына үлес қосады.
Golden Kids интеллектуалды мектебі – заманауи білім мен дәстүрлі құндылықтардың үйлесімі
Golden Kids интеллектуалды мектебі – бұл заманауи білім беру мен дәстүрлі құндылықтарды үйлестірген бірегей білім ордасы. Мектептің басты мақсаты – әр оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп, олардың интеллектуалдық, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын дамыту. Мектеп Білім Инновация Лицейлерінің (БИЛ) тәжірибесіне негізделіп, жоғары сапалы білім беру жүйесін ұсынады. Бұл 1-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған екі тілді мектеп болып табылады. Мұнда әрбір оқушының жеке қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалар бар. Golden Kids мектебі келесідей артықшылықтарымен ерекшеленеді:
– Білікті ұстаздар құрамы: оқушылардың жеке қажеттіліктеріне ерекше назар аударатын кәсіби мұғалімдер.
– Толық күндік мектеп: оқу процесі оқушылардың уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.
– Үш мезгіл тамақтану: мектеп асханасы теңдестірілген және сапалы тағамдармен қамтамасыз етеді.
– Жеке көзқарас: әр оқушымен жеке жұмыс жасау арқылы олардың жеке ерекшеліктері ескеріледі.
– Тереңдетілген пәндер: ағылшын тілі мен математика пәндеріне ерекше назар аударылады.
– Психологиялық қолдау: педагогикалық-психологиялық қолдау орталығы балалардың психологиялық саулығын қамтамасыз етеді.
– Шығармашылық және спорттық үйірмелер: 8-ден астам түрлі бағыттағы үйірмелер балалардың қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік береді.
– Кәсіби бағыт-бағдар: оқушыларды болашақ мамандықтарына дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.
Golden Kids мектебі халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен тестілеулерге қатысуға жағдай жасайды. Оқушылардың әлеуетін ашуға бағытталған кеңейтілген бағдарламалар болашақта бәсекеге қабілетті маман болуға мүмкіндік береді. Мектеп тек академиялық білім берумен шектелмейді. Мұнда оқушылардың шығармашылық, спорттық және тұлғалық дамуына үлкен мән беріледі. Мектеп заманауи технологиялармен жабдықталған: интерактивті тақталар, мультимедиялық ресурстар және бай кітапхана оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, мектепте түрлі бағытта үйірмелер де жұмыс істейді: шахмат, қолөнер, домбыра, интеллектум, робототехника, каратэ, қолөнер, т.б. Сонымен бірге, дзюдо үйірмесі де тәртіптілік, төзімділік және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамытуға бағытталған. Сабақтарды кәсіби жаттықтырушылар жүргізеді. Би үйірмесінде оқушылар әртүрлі би стильдерін үйреніп, балалар қозғалыс координациясын жақсартады және өз қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады. Футбол үйірмесінде ұжымдық ойын арқылы оқушылардың командалық жұмыс пен физикалық дайындығы артады.
Божкенов Мереке Шерниязұлы, мектеп директоры: «Тәрбие мен білім – басты құндылық»
– Мереке Шерниязұлы, өзіңіз жайлы қысқаша айтып өтсеңіз.
– Мен, Божкенов Мереке Шерниязұлы, Астана қаласының тумасымын. Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдап, тарих пәнінің мұғалімі мамандығын меңгердім. Білім саласында 23 жылдық еңбек өтілім бар. Педагог-зерттеушімін. 17 жыл Білім инновация лицейлерінде қызмет атқардым. Онда мұғалім, директордың орынбасары, директорлық қызметтерде болдым. Одан кейін дарынды балаларға арналған басқа да мектеп-гимназияларда жұмыс істедім. Студент кезімнен бері осы салада қызмет етіп келемін, өзімді басқа кәсіпте елестете алмаймын. 2024-2025 оқу жылынан бастап Шымкент қаласындағы Golden Kids интеллектуалды мектебінде қызмет атқарып келемін. Алдымызға көптеген мақсаттар қойып отырмыз. Ұжыммен бірге озық тәжірибелерді меңгеріп, биік белестерді еңсереміз деген сенімдемін.
– Қазіргі таңда басқарып отырған мектебіңіздің ерекшеліктері туралы не айтасыз?
– Біздің мектептің басты мақсаты – оқушыларға сапалы білім беру. Біз елімізде өзін дәлелдеген Білім инновациялық лицейлерімен серіктестік негізде жұмыс істеп келеміз. Қазір мектебімізде 48 педагог қызмет етеді, олардың ішінде 8 зерттеуші, 8 сарапшы және 7 модератор бар. Біздің ұжым білікті де білімді мамандардан құралған, бұл мектептің сапалық құрамына сай келеді.
– Оқушылар мен ата-аналарға қандай кеңес бересіз?
– Оқушыларға кеңесім – қазіргі замандағы мүмкіндіктерді барынша пайдалану. Білім, спорт, өнер салаларында өзін дамыту – әр адамның басты мақсаты. Ал ата-аналарға айтарым: балаларыңызбен жиі сөйлесіңіздер. Әлеуметтік желінің әсері қазір үлкен. Баланың не оқып, не үйреніп жүргенін білу үшін ата-ана күнделікті жарты сағат уақыт бөліп, баласымен ашық әңгімелескені жөн. Бұл ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтады.
– Қазіргі оқырмандарға қандай кітаптарды оқуды ұсынар едіңіз?
– Қазір мотивациялық кітаптар трендке айналды. Дегенмен, өзіміздің ақын-жазушыларымыздың шығармаларын да оқуды ұмытпаған жөн. Мәселен, Абайдың қара сөздері – даналыққа толы құнды дүние. Оны түсініп, өмірде қолдана білген адам биік жетістіктерге жетеді деп ойлаймын.
– Уақыт бөлгеніңізге рақмет!
Golden Kids интеллектуалды мектебі – бұл білім беру саласындағы жаңа деңгей. Мектеп заманауи әдістемелер мен дәстүрлі құндылықтарды үйлестіре отырып, балаларды жауапты, мәдениетті және білімді азамат ретінде тәрбиелеуді мақсат етеді. Мұнда әр оқушы өз арманына жету жолында сапалы білім мен қажетті дағдыларды игеріп, жарқын болашаққа қадам басады.
Есеналиева Диана Мұратқызы – Golden Kids мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Ол білім беру мен тәрбиенің маңызды қырларын үйлестіре отырып, жас ұрпақты жан-жақты дамытуға арналған жұмыстарды үйлестіреді.
– Біздің басты мақсатымыз – жалпыадамзаттық және рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған, өзіне сенімді, жауапты, қоғамда өз орнын таба алатын тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін біз мектептің тәрбие жұмысы аясында түрлі тәрбиелік іс-шараларды, тәлімдік сабақтарды және тәрбие сағаттарын ұйымдастырамыз. Оқушылардың бойына мейірімділік, адалдық, жауапкершілік секілді қасиеттерді сіңіру арқылы, оларды өмірлік қиындықтарды еңсеруге дайындап, өз армандары мен мақсаттарына қол жеткізуіне қолдау көрсетеміз, – дейді ол.
Диана Мұратқызының айтуынша, мектептің тәрбиелік жұмысы тек оқушылардың білім деңгейін көтеруге ғана емес, сонымен қатар олардың азаматтық ұстанымын, рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған. Golden Kids мектебінде оқушылардың таланттары мен қабілеттерін ашуға, олардың шығармашылық және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы тығыз байланыс арқылы бала тәрбиесіндегі әр қадам мұқият ойластырылады.
– Біз балаларға тек білім беріп қана қоймай, оларды өмірде кездесетін сынақтарға дайын болуға, өз күшіне сенуге және өз армандарына жетуге бағыттаймыз. Біздің мақсатымыз – болашақта еліміздің дамуына үлес қосатын, парасатты әрі білімді азаматтарды тәрбиелеу, – деп толықтырды ол.
Бүгінде Golden Kids мектебі заманауи білім беру мен ұлттық құндылықтарды үйлестіре отырып, тәрбиенің жаңа деңгейін қалыптастыруда.
Golden Kids мектебі – оқушылар үшін үлкен мүмкіндік
Енді Career Vision кәсіби бағдар беру орталығының мамандары болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар беріп, оқушылардың қабілеттерін анықтауға және үйлесімді дамуына көмектесуге атсалысады. Бұл бастама жас ұрпақтың болашағына сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.
– Golden Kids мектебі мен Career Vision кәсіби бағдар беру орталығының ынтымақтастығының басты мақсаты – оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтап, олардың кәсіби бағытта дұрыс таңдау жасауына қолдау көрсету. Алдағы оқу жылында біз оқушылармен жеке және топтық форматта кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырамыз. Бұл үдеріс барысында олардың психологиялық ерекшеліктері мен жеке қасиеттерін ескеріп, қабілеттерін тиімді пайдалануға бағыттаймыз. Осылайша, біз әр оқушының өз болашағына саналы түрде дұрыс шешім қабылдауына ықпал етеміз, – деп атап өтті мектептің психолог әрі профориентатор маманы Сағындық Сапархан.
Golden Kids мектебіндегі бұл жаңа бастама – табысты болашаққа нық қадам. Мектеп пен кәсіби бағдар орталығының бірлескен жұмысы оқушылардың арман-мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Career Vision мамандары балаларға тек болашақ мамандық таңдауға ғана емес, сонымен қатар олардың жеке дамуына, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға, әлеуетін толық ашуға қолдау көрсетеді. Бұл жоба мектеп оқушыларына жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес бағыт таңдауға көмектесіп, олардың тұлғалық дамуына серпін береді. Golden Kids мектебі осылайша, заман талабына сай білім беру мен тәрбие жүйесін жетілдіре отырып, оқушылардың өмірлік мақсаттарына жету жолында сенімді серік болуды жалғастыруда.
Мектеп – баланың тұлғалық қалыптасуы мен болашаққа бағдар жасауда маңызды рөл атқаратын мекеме. Баланың болашақ мамандығын таңдауда мектептің ықпалы орасан зор. Ол тек білім беру орны ғана емес, сонымен қатар оқушының қабілеттерін анықтап, кәсіби бағдар беру арқылы олардың болашақ мамандығына дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді. Мектеп оқушыға әртүрлі пәндер арқылы түрлі салалармен танысуға мүмкіндік береді. Бұл әр баланың қызығушылығын анықтап, оның болашақ кәсіби бағытын таңдауға негіз болады. Әртүрлі ғылым салаларымен танысу арқылы бала өзіне ұнайтын бағытты табады.
Кәсіби бағдар беру жұмыстарының арқасында оқушылардың жеке қабілеттері, психологиялық ерекшеліктері, қызығушылықтары мен бейімділіктері анықталады. Мектепте арнайы тренингтер, тестілеулер мен сараптамалар ұйымдастырылып, балаға өз әлеуетін түсінуге көмектеседі. Бұл оның болашақ мамандық таңдауын жеңілдетеді. Мұғалімдер – оқушылардың әлеуетін байқап, олардың қабілеттерін дамытуда бағыт-бағдар беретін ең маңызды тұлғалар. Олар әр баланың ерекшелігін ескеріп, өз кеңестері арқылы болашақ мамандық таңдауына қолдау көрсетеді.
Мектеп баланың өзін-өзі тануына, жауапкершілікті сезінуіне, өз мақсатын айқындауға үйретеді. Көшбасшылық қасиеттерін дамыту, коммуникативтік дағдыларды жетілдіру, топпен жұмыс жасау қабілетін арттыру – барлығы да болашақта дұрыс мамандық таңдауға тікелей әсер етеді. Тіпті, мектептердегі үйірмелер, олимпиадалар, ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар да оқушылардың әлеуетін ашып, оларды кәсіби қызығушылықтарға баулиды. Осындай іс-шаралар арқылы балалар болашақта қай салада табысты бола алатынын түсінеді.
Мектептің баланы тек мамандыққа дайындайтын орта емес, сонымен қатар оның азаматтық жауапкершілігін, этикалық және рухани құндылықтарын қалыптастыратын орта екенін де ұмытпаған жөн. Бұл құндылықтар мамандық таңдауда да шешуші рөл атқарады.
Расында, баланың болашақ мамандығын таңдауда мектептің рөлі ерекше. Ол білім беру мен тәрбиені ұштастырып, оқушының қабілеттерін ашуға, қызығушылықтарын анықтауға және өз армандарына жетуіне көмектеседі. Мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысы арқылы бала өз болашағына саналы таңдау жасайды. Сондықтан білім беру мекемелері оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, кәсіби бағдар беруді жүйелі түрде ұйымдастыруы тиіс.
Leave a Reply