Ішкі туризм

tories/01/2222222222222222222.jpg» width=»295″ height=»192″ />    Егер сіз Қазақстанда болып, сөйте тұра жасыл жайлауда тігілген ақшаңқан киіз үйді көрмеген болсаңыз, қазақы өмірді толық сезінбегеніңіз. Киіз үй- көшпенділердің ең ежелгі және теңдессіз өнертапқыштық жаңалығы. Киіз үй көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын мекен еткен ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы, аса ыңғайлы болған баспана түрі. Тау бөктеріндегі жайлауда алыстан көз тартатын ақшаңқан мұнарасы бар, алуан түсті кілем мен өрнекті текеметке оранған жиналамлы әрі тез құрылатын көшпенді баспанасы аңыз ба әлде шындық па? Киіз үй сәулет өнері тұрғысынан қарағанда керемет үйлесім мен жарасымдылықты танытса, философиялық ойларға әлемдік жаратылыс тұрғысынан жауап бере алады. Кез келген баспана, адам баласы үшін өмір. Ал киіз үй болса, қазақ халқының эстетикалық тәрбиелушісі, қол өнерінің мұражайы ретінде де қымбат. Қазақ киіз үйі өзінің архитектуралық пішімі жағынан да өзіне тең келер нұсқасы жоқ дүние.
Шаңырақ — қасиеттi. Шаңырақ — күннiң символы. Шаңырақтың төрт күлдiреуiшi — төрт тарапты бiлдiредi. Уықтарды күннiң шашырандысы деп ұғыңыз.Шаңырақ дөңгелек құрсаудан және айқыш-ұйқыш иілген жуан талдан құралады. Шаңырақтың киіз үйдің қақ төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді.
     Қазақтың ас мәзірі /айран, қымыз, ірімшік/ ерекше дәмімен тіл үйіреді. Қымыз-жылқы сүтінен дайындалатын кышқыл, сүт өнімі. Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Бұл ғажайып сусын қазақтардың барлық салтанатты думандарында бiрiншi кезекте берiледi. Ашытылған қамырдан жасалып, майда пісірілетін бауырсақ та айырықша дәмімен ерекшеленетін ұлттық ас. Қазақы дастархан үнемі сүт қатылған қою қара шаймен жалғасын табады.
     Қазақтың қолөнері: Қазақ қолөнері ұлттың өзіндік өркениеті далалық өркениеті, биік эстетикалық талғамы болғандығын дәлелдейді. Қазақтар қолөнерін бірнеше бағытта жүргізіп, кеңінен дамытты, ғасырлар бойы ұрпақтарға үйретті, ілгері оздырды. Солардың ең негізгілері ағаш және темір өңдеу, сүйек пен теріні ұқсату мен етікшілік өнері, тас өңдеу болды. Бұлардың өздері бірнеше салалардан тұрады. Мысалы, ағаш ұқсатудың үй, ер-тұрман соғу өнері, жиһаздар мен ыдыс-аяқтар жасау өнері сияқты, темір өңдеудің — ұсталық өнер мен зергерлік өнер секілді түрлері бар. Қазақстанға қонаққа келген әрбір адам қолөнер шеберлерінің жұмысын тамашалумен қатар, өздеріне ұнаған затқа да тапсырыс бере алады.
      Зергерлік өнер металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі.. Қазақ ұлты зергерлік шеберлікті әкеден балаға мұра ретінде қалдырып келеді. Бұйымдар жасауға күміс, ақық, маржан, кейде лағыл секілді асыл тастар пайдаланылды.Олар әйелдердің әшекейлері әр түрлі жүзіктер, білезіктер, сырғалар, шолпылар, қапсырмалар, түйреуіштер, түймелер, ақықтан істелген салпыншақтар, сонымен қатар жуынып-шайынатын, сүрмеленіп боянатын құралдар шеберлікпен жасауды керемет меңгерген. Зергерлер бұл іске әсіресе ақ күмісті кеңінен қолданады. Саяхтшылар арнайы дүкендерден ұлттық нақытштағы, қайталанбас өрнектерге ие қоңырау-сырға, шашақыт сырға, шимай сырға секілді бұйымдарды сатып ала алады.

Саяхатшыларға Қазақстанның климаты туралы ақпар
Қазақстанның қысы суық, жазы аптап ыстық. Күн-райы бір мезеттің өзінде әрбір өлкеде өзінің аймақтың ерекшелегіне сай түрліше болады. Мәселен, оңтүстік шетінде жұрт көктемгі егіске кірісіп жатса, керісінше солтүстігінде қарлы боран үскірік атып тұруы қалыпты жәйт. Республиканың барлық өңірлері үшін тәуліктің немесе жылдық өлшеммен алғанда күн-райының айтарлықтай құбылуы өзіне ғана тән ерекшелік. Қыстың кезінде күн райының орташа көрсеткіші солтүстікте -18 болса, оңтүстікте -1,-2 көрсетіп тұратын кездер аз емес. Ауаның құрғақтығы мен күннің ашық сәулесі -15 градустың суықтың өзін оншалықты сезіндіре қоймайды. Қарлы қыс қысқы спорт түрлерімен айналысуға таптырмайтын кезең. Әсіресе шаңғы курорттарында. 
Жазғы күні орташа ауа температурасы республиканың солтүстігінде +18, оңтүстігінде +28 градус аралығында ыстық. Жаздың аптап ыстығында қазақстандықтардың айырқша мақұл көретін демалыс түрі теңіз бен өзен жағалауларында шомылу, суға түсу. Қазақстан кейбір аймақтарында жылдың 330 күні ашық аспан мен күн нұрын шашып тұратын шұғылалы ел.
Географиясы
Қазақстан Республикасы Еуразия кіндігі. Физикалық-жағрапиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 шақырымға, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр. Мемлекеттің аумағы 2724,9 шаршы шақырым. Жер көлемі жағынан дүниежүзінде 9 орында, Еуразия кеңістігінде 4 орында. Топограф ғалымдардың есебінше Қазақстанның кең байтақ даласына Франция, Испания, Швеция, Германия, Финландия, Италия және Ұлыбритания секілді жеті мемлекет еркін сияды. Шығысы, солтүстігі мен солтүстік батысы Ресеймен, оңтүстіктігі Орталық Азиядағы Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанмен, ал оңтүстік шығысы Қытаймен шектеседі. Мемлекет шекарасының жалпы ұзындығы 12,2 мың шақырым, оның ішіндегі 600 шақырымы Каспий теңізі айлағы үстінен өтеді. 
      Мемлекеттің басты байлығы қазба байлықтары. Мамандардың есебінше Қазақстанның жер қойнауында Менделев таблицасындағы барлық химиялық элемент бар. Сондай-ақ Қазақстан ландшафтының алуан түрлілігімен де ерешеленеді. Мемлекет аумағының 58 пайыз жерін шөл және шөлейітті аймақ, тағы 10 пайызын таулы жерлер алып жатыр. Ал республиканың солтүстігі шөлді және орманды алқаптарымен көмкерілген.
     Қазақстанның жануарлар әлемі да сан алуан. Зоологтардың мәліметінше ел аумағында өсімдіктің алты мыңнан астам түрі өседі, құстың 500, балықтың 107, шөлейіт және орманды алқаптарда 30 мыңнан астам жәндік түрлері мекен етеді. Қазақстанның шөлді аймақтарында құландар мен жайрандардың /атлантикалық антилопа/ тобырын жиі кездестіруге болады. Ен жазықтағы сахара далада алып кесірткелерді, жылдандар мен өрмекшілердің аса сирек тұқымы өмір сүреді. Таудың ұшар бастары барыстардың өмір сүретін ортасы. Қазақстанда тұқымы жоғалып бара жатқан аса сирек кездесетін аң-құстарды да кездестіре аласыз. Олар: үстірттің жабайы қойлары, түркістан сілеуісіні, тянь-шандық қоңыр аю, фламинго, ақудың бірнеше түрі. 
Жер қыртысының жағдайы. Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.  Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңтүстігіндегі Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралықты, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi аймақтарды әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Республиканың қиыр солтүстігін орманды дала белдемi алып жатыр. Негiзiнен бұл жерлер Батыс Сiбiр ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған сiлтiсiзденген қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық бидай егiледi. Қалған жерлерiн орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ал оңтүстікке қарай даланың қара топырақты белдемi жалғасып жатыр. Негiзiнен астық дақылдары егiледi. Қара топырақты белдем солтүстіктен оңтүстікке қарай жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi.
     Республика аумағынанұзындығы 10 шақырымнан асатын 7 мыңнан астам өзен ағып өтеді. Олардың ең ірісі Ертіс /ұзындығы 4 248 шақырым/, Есіл / ұзындығы 2 450 шақырым/ Орал /ұзындығы 2 428 шақырым/, Сырдария /ұзындығы 2 219 шақырым/, Іле өзендері /ұзындығы 1 439 шақырым/. Айта кету керек. Қазақстандағы өзендердің басым көпшілігі Каспий және Арал теңізі, Балқаш пен Теңіз өзендеріне барып құяды. Қазақстанның көрікті, табиғаты әсем жерлеріне Тянь-Шань тауының солтүстік сілемдері мен Алтай аумағын жатқызуға болады.
    Қазақстанда 86 елді мекен қала мәртебесіне ие. Ел тұрғындарының 56 пайызы қалада өмір сүреді. Ірі қалалардың санатына Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавловск, Тараз, Өскемен, Орал және Шымкент қалалары кіреді.

        Жиһангезге жол серік болған «Қызметтің» өз тілшісі.

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика