Жақында Қостанай облысының құқық қорғау органдары қызметкерлері құрама командалары арасында мини-футбол бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күнін мерекелеуге арналған облыстық турнир өтті. Оған 6 команда қатысты.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің командасы шеберлігі, жақсы дене шынықтыру дайындығы арқасында жарыстың ақтық мәресіне жетіп, онда қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің құрамасымен кездесті. ҚАЖ футболшыларын жеңіп шыққан командамыз 3-інші орынды иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай қаласы 7-ӨСБ өрт сөңдірушісі А. Говайко турнирдің ең үздік шабуылшысы болып таңылды.
Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник, Н.Н. Мұхамбетов, «ӨС және АҚЖҚ» ММ басшысы, өртке қарсы қызмет подполковнигі М.С.Жүсіпов турнирде 3-інші орынға ие болғаны үшін «Динамо» ФСО Қостанай облыстық филиалы Қоғамдық Бірлестігінің спорттық кубогымен және құрмет грамотасымен марапаттады.
Қостанай облысы ТЖД Баспасөз қызметі,
«Қызмет» ақпарат.
{jcomments on}
Leave a Reply