«Табигат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовтың сөзіне қарағанда мемлекет басшысы бұл идеяны қолдаған деп хабарлайды Tengrinews.kz. корреспонденті тамыздың 26 –сында өткен ел Президенті мен одақ төрағасының кездесуі жайлы ақпаратында.
Әңгіме барысында экология жанашыры қазір Қазақстанда бар 14 облысты 8 облысқа біріктірудің тиімділігі туралы сөз еткен. Бұған негіз болып отырған ел аумағында бар су бассейндері. «Егер осылай етсек әр бассеинге жауапты қожайын табылар еді, әрине бұл үшін жергілікті атқарушы органдарға штат кестесін арттыруға тура келеді» -дейді ол өз сөзінде. Атқарушы органдар облыс шекараларының кеңеюіне байланысты туындайтын міндеттерді атқара алама деген мемлекет басшысының сұрағына экоорталықтың төрағасы әрине, деп сенімді жауап қатты. «Бір президент бүкіл бір мемлекетті басқарып отырғанда, неге жергілікті әкім өз жауапкершілігіндегі бір облысты басқара алмауы керек? Елеусізовтың жауабы өз кезегінде осындай сауал тудырды.
Кездесу барысында экология мәселесіне қатысты басқа да өзекті мәселелер көтерілді. Тағы бір ұсыныс қалдық заттарды сұрыптау мен оны сол орнында өңдеу туралы болды. «Назарбаевқа менің схемам ұнағандықтан болу керек, оны өзінде алып қалды, дейді М. Елеусізов.
-Мен қалдық заттарды сұрыптау мен орнында өңдеу өндірістерін барлық қалаларда енгізу керек деп есептеймін. Біз Батыстың алдына түсуіміз керек», дейді экоорталықтың басшысы.{jcomments on}
Leave a Reply