— Роман Абрамович деген орыс бизнесмені Ресейде 200-ге тарта жасанды футбол алаңын салып беріпті. Міне, жомарттық деп осыны айтыңыз! Жарайды делік, Ресейдегідей жасанды төсеніш болмай-ақ қойсын, жерді трактормен тегістеп, қақпаны тұрғызып берсе қандай керемет. Бұл аса қиын емес. Бар болғаны 6 бөрене қажет қақпа жасайтын. Сосын 20 шақты доп сатып алып берсе болды.
«Талай чемпиондар ауылдарда жүр. Сондықтан, бірінші ретте ауыл спортын өркендетуіміз керек» дейміз. Бірақ, шыны керек, бүгінде ауыл-аймақтардағы спорттың дамуы мәз емес. Осы орайда «Ұлт Таймс» газеті «Ауыл-аймақтағы спорттың дамуына көңіліңіз тола ма?» деген сауалдың жауабын әр саланың белді тұлғаларынан іздеген екен.
Қойшығара Салғара, тарихшы-ғалым:
tories/1226.jpg» border=»0″ width=»233″ height=»170″ align=»left» />
– Ауыл спортын дамыту үшін мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар қабылданып жатыр. Мемлекет басшысы да жыл сайынғы Жолдауында салауатты өмір салтын насихаттап, спорт басшыларына нақты мақсат-міндеттерді айқындап береді. Алайда, ауыл тұрғындарының жаппай спортпен айналысып, түгелдей дерлік денешынықтыруға бет қойғанын ести де, көре қойған жоқпын. Дамыған елдерде халықтың елу пайызға жуығы бұқаралық спортпен шұғылданады. Мәселен, Қытай халқының 35 пайызы бұқаралық спортқа тартылған. Бұл да ойланарлық жайт. Менің ойымша, ауылдық жерлерде спорт түрлерінің қарқынды дамымай отырған себебі – спорт кешендерінің жетімсіздігі, білікті бапкерлердің жоқтығы. Бұл мәселе талай жерде айтылып та, жазылып та жүр. Мен бұған мынаны қоса айтар едім, ауылдық жерлердегі спорттық ойын түрлерін дамыту үшін ең алдымен ұлттық кадрларды әзірлеуіміз керек. Яғни, қазақтілді бапкерлердің жағдайын жасап, ауыл-ауылдарға жіберуді қолға алғанымыз жөн. Өз-өзін сыйлайтын кез келген жұрт әуелі өз ұлтының қамын жасайды. Теледидардан ара-тұра хоккей жарыстарын тамашалаймын. Бірақ, жарысты көріп отырып мұз айдынындағы қазақ жігіттерінің орны жетімсіреп тұрғанын байқаймын. Бұл қандай абырой, бұл кімге үлгі? Мен еліміздегі басқа ұлттарды шетке қағып отырғаным жоқ, ауыл балаларына жағдайын жасау арқылы қаракөз ұл-қыздарымыздың спорттағы жолын бағдарлап береміз деген ойды меңзеп отырмын.
Жақсылық Үшкемпіров, грек-рим күресінен Мәскеу олимпиадасының
чемпионы:
tories/434_19ccfd11414e1404be09e5ecc3c83f5e.jpg» border=»0″ width=»243″ height=»160″ align=»left» />– Ауылдық жердегі жасөспірімдердің көпшілігі жекпе-жек түрлеріне, оның ішінде күрес, бокс сияқты спорт секцияларына үйір. Ата-аналары да соны қалап тұрады. Олардың бейімі келе ме, келмей ме оған назар аударып жатпайды, әйтеуір тықпалай береді. Менің бір байқайтыным, ауыл-аймақтағы спорттық ойындардың ішінде ақсап тұрған тұсымыз – қысқы спорт түрлерінде ауыл балаларының іштен тынып, үнсіз қалып жатады. Неге? Өйткені, оларды ынталандыратын ешкім жоқ. Қысқы спорттың насихаты әлсіз. Өз басым табиғи тамақпен қоректеніп, қазы-қарта жеп, айран-сүт ішіп өсетін ауыл балаларының қысқы спортқа келгенде тауы шағылып, меселі қайтады деп айта алмаймын. Олар ешкімнен кем емес. Қайта ауыл балаларының көпшілігі шымыр әрі қайратты. Тек оларға қамқорлық керек. Меніңше, болашақта еліміздің облыс орталықтарында, тіпті аудандарда, халық көп қоныстанған ірі ауылдарда заманауи спорт кешендерімен қатар, жабық мұз айдындары көптеп ашылуы тиіс. Сол кезде ауылдағы жас жеткіншектеріміздің конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, бенди сынды спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндігі мол болар еді.
Амангелді Сейітхан, спорт журналисі:
tories/cced8e576b2de3077c9d9605c824eb91.jpg» border=»0″ width=»242″ height=»166″ align=»left» />– Ауыл-аймақтағы спорттық ойын түрлерінің дамуына көңілім толады деп айта алмаймын. Өйткені, ауылдық жерлерде спорт түрлерінің дамуы баяу жүріп жатыр. Бұрындары еліміздің барлық ауылдарында спорт түрлері қарқынды дамыған болатын. Мысалы, өзім туған өңірде, Мақаншыда екінің бірі шаңғышы, үшеудің екеуі жеңіл атлет еді. Сосын міндетті түрде футбол ойнайтынбыз. Қазір ауылда доп тебетін балалар да сиреп барады. Меніңше, ауылдық мектептерде дене-шынықтыру мұғалімдерінің жұмысына мән беруіміз қажет. Олар мектептің қара жұмысынан босатылып, өздерінің бағыты, мамандығы бойынша жұмыс істеулері керек. Ауыл спортын өркендетудің тағы бір жолы бар: елім, жерім дейтін қазақтан шыққан байлардың ауылға қарай бет бұратын кезі келді. Мәселен, Роман Абрамович деген орыс бизнесмені Ресейде 200-ге тарта жасанды футбол алаңын салып беріпті. Міне, жомарттық деп осыны айтыңыз! Жарайды делік, Ресейдегідей жасанды төсеніш болмай-ақ қойсын, жерді трактормен тегістеп, қақпаны тұрғызып берсе қандай керемет. Бұл аса қиын емес. Бар болғаны 6 бөрене қажет қақпа жасайтын. Сосын 20 шақты доп сатып алып берсе болды. Бұған ықылас керек, құнт керек. Тағы бір атап өтерлік жайт, қаржыны оңды-солды шаша беретін болдық қазір. Легионерлердің жолына жайылып жастық, иіліп төсек болып жүрміз. Меніңше, алтын басты болса да, тіпті он дүркін Олимпиада чемпионы болса да керегі жоқ олардың, шетелдік спортшылардан жерінетін кезіміз келді. Қайта оларға бөлінген қаржыға ауыл балаларына арнап ринг сатып алып берген жөн немесе түрлі спорттық құрал-жабдықтарды сыйға тартуға болады.
Рамазан Стамғазиев, әнші:
tories/19414.jpg» border=»0″ width=»235″ height=»151″ align=»left» />
– Өнер саласында жүргеніммен спорт жанкүйері ретінде ауыл спортының бүгінгі тыныс-тіршілігін бір кісідей бақылап отырамын. Өзіміз де ауылда өстік. Мен мектеп қабырғасында оқып жүргенде грек-рим күресімен айналыстым. Басқа да қатарластарым спорттың неше түрімен шұғылданды. Ол кезде біздің ауылда балалардың спортпен айналысуларына бар мүмкіндік жасалынып, жалпы бір жүйеге қойылған болатын. Мәселен, өзім туып-өскен Алматы облысы Райымбек ауданы, Шырғанақ ауылындағы спорт секцияларының жуынып-шайынатын жеке душтары болушы еді, қаншама спорт түрі болса да бәрі де арнайы кестемен жұмыс істейтін, бір сөзбен айтқанда спорт үйірмелерінде тазалық бар еді. Ал, қазір гастрольдік сапарлармен ауыл-аймақты аралағанда сол жерлерге көзім түсіп, жүрегім ауырады. Өйткені, сол үйірмелердің көпшілігі жабылып тынды, жекеменшікке берілді, талан-таражға түсті. Меніңше, сол олқылықтың орнын толтыру үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөліп, жер-жерлердегі спорттық кешендердің санын арттыру қажет. Кедей ел емеспіз, бұл жұмысты атқаруға шама-шарқымыз толықтай жетеді.
«Қызмет» ақпарат.
{jcomments on}
Leave a Reply