Етіміз ет-ақ, бірақ…

Бирилевада болған соңғы жағдайлар қазақстандық ірі қара мал етін экспортына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Аты шулы мәскеулік Бирилевада болған соңғы жағдайлар қазақстандық ірі қара мал етін экспортына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Жуырда айтылғандай, Батыс Қа-зақстан облысындағы «Crown Батыс» ЖШС бордақылау алаңынан ағымдағы жылы Мәскеу нарығына 500 тонна премиум-класс санатындағы ет жеткізу шартын орындауын бастаған болатын. Қазақстандық кәсіпорын өкілінің сөзіне сәйкес Бирилевада болып жатқан ке-леңсіз жағдайларды қадағалау нәтиже-сінен бүгін мәскеулік базарлар мен қой-малардың жұмысы бәсеңдеді. Сауда та-сымал орталықтарындағы тексеру жұ-мыстары қазақстандық етті қабылдау ырғағы мен мерзімдерге кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.
Дегенмен, «Crown Батыс» ЖШС өкілдері сөзіне сәйкес Мәскеуге жеткі-зілген ірі қара мал етінің алғашқы пар-тиясы ресейлік сауда компаниялары, сондай-ақ Кремль жабдықтаушыларының да қызығушылығын туғызды, оған себеп ресейлік мамандардың өткізген лабораториялық зерттеулері Қазақстаннан келген ет өнімдерінің жоғары сапа-сын дәлелдей түсті. Бордақылау алаңы-ның еті «HALAL» стандартына сәйкес екендігін растайтын сертификатқа ие болды. «Crown Батыс» басшылары ре-сейлік импортерлердің уақытша қиын-дықтарына қарамастан серіктестердің алдында барлық міндеттемелерін орын-дайтынына сенімді.
Еске салсақ, бітім жасауға ағымда-ғы жылдың шілдесінде «ҚазАгро» Ұлт-тық Холдингі басшысы Дулат Айтжа-новтың ресейлік импортер өкілдерімен өткен кездесуі түрткі болды. Аталған кездесуде қазақстандық өндірушілердің ресейлік ет нарығына, атап айтқанда Мәскеу сауда жүйелеріне кірудің өзекті мәселелері қарастырылған. Кездесу барысында ресейліктер қазақстандық еттің құнарлы сипаттары мен дәмдік қасиеттері арқасында ресейдің мәскеу-лік нарығында премиум-класс өнімі ретінде жайғаса алатынын атап өтті.
«КазАгро» ҰБХ баспасөз қызметі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика