Аталған іс-шараға ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Әлтаев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Кұрманбекова, «Шымкент» конгресс орталығының директоры Сания Усабекова, облыстық екінші деңгейлі банктер, қаржы институттарының басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.
«Шымкент» конгресс орталығы – бұл бизнес іс-шараларын өткізу бойынша қызметтердің кең талғамын ұсынып отырған Оңтүстік Қазақстандағы жаңа, бірегей жоба. Нақты инфрақұрылымдық нысан тұтас алғанда Шымкент қаласы үшін, атап айтқанда қала және облыстық мәні бар бизнес додаларын өткізу үшін, үлкен мәнге ие.
«Конгресс-орталықтың негізгі бағыты – түрлі деңгейдегі іс-шараларды өткізу: халықаралық және жергілікті конференцияларды, форумдарды, жобаларды ұсыну, сонымен қатар 1000 шаршы метр алаңымен көрмелерді және жәрмеңкелерді – дейді орталық директоры Сания Усабекова. Залдардың сәнді де көрікті интерьері мен әрлендірілуі мәртебесі жоғары түрлі жауапты іс-шараларды өткізу мүмкіндігін де көздейді.
tories/947310_393192610783917_1632570418_n.jpg» width=»310″ height=»233″ alt=»947310_393192610783917_1632570418_n» />
ОҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
Leave a Reply