tories/1323791592_avariya.jpg» width=»270″ height=»203″ alt=»1323791592_avariya» style=»float: left;» />
Baq.kz — Оңтүстік Қазақстан облысында жол апаты 125%-ға өскен. Министрлер кабинеті мүшелерінің қатысуымен өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Серік Ахметов осындай мәлімет келтірді.
С.Ахметов елдегі жол-көлік оқиғалары санының артуына алаңдаушылық танытып отыр.
«9 айда Оңтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда 125 пайызға өскен. 2012 жылдың тоғыз айында 1200 жол апаты тіркелсе, 2013 жылы олардың саны 2700-ге жеткен», — деді С.Ахметов.
«Бұл тек Оңтүстік Қазақстан облысына ғана қатысты емес, халқы тығыз орналасқан өңірлерде жол апаты өсімі байқалып отыр. Бұған автокөлік санының артуы, жол сапасының төмендігі, жүргізушілердің кінәсі себеп болады», — деп атап өтті Үкімет басшысы.
С.Ахметов бұл өзекті мәселені Үкімет жүйелі қарастырып, оларды шешудің жаңа жолдарын енгізу қажеттігіне тоқталды.
Leave a Reply