Біліксіз жүргізушілерді дайындаған автомектептерге айыппұл салынады

    Біліксіз жүргізушілерді дайындаған оқу орындарына айыппұл салынады. Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 
    «Бүгінде жүргізуші мамандарды даярлау жүйесі сын көтермейді. Қазірде автомектеп ашу үшін ұсыныс-хабарламадан өзге ештеңе талап етілмейді. Жол полициясы оларды тізімдік есепке ғана алады. Жүргізушілерді дайындау ісінде ашықтан-ашық тәртіп бұзушылықтар болған жағ-дайдың өзінде ІІО мұндай автомектептерді жаба алмайды. Жүргізушілерді даярлайтын оқу ұйым-дары жылына 200 мыңнан астам кандидатты да-йындап шығарады, бірақ олардың үштен бірі не көлікті жүргізу бойынша, не теориялық емтиханды тапсыра алмай жатады. Бұл аталған қызмет түріне мемлекеттік лицензиялауды алып тастаудан туындап отырған жағдай», — деді ол.
    Министрдің айтуынша, осының барлығы оқыту және жүргізуші куәлігін беру жүйесін бақылауға алудың жаңа әрі барынша қатаң тетіктерін енгізуді талап етеді.
    «Сондықтан заң жобасында оқу орындарының реестрін енгізу жөніндегі функцияларды ішкі істер министрлігіне беру қарастырылған. Реестр-ге тек кәсіби мамандары бар және қажетті материалдық-техникалық базасы жасақталған ұйым-дар ғана кіретін болады. Жүргізушілерді сапасыз дайындағаны үшін оқу ұйымдарына 50-ден 150-ге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айып-пұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту енгізілмек. Мұндай тәртіп бұзушылықтар қайта-ланған жағдайда оқу ұйымдарының қызметі сот шешімімен тоқтатылатын болады. Жүргізушілерді даярлаудың жаңа типтік бағдарламасы әзірленеді», — деді Қасымов.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика