ТМД елдері қылмыспен күресті Қазақстаннан үйреніп жатыр

tories/1369858049.jpg» width=»200″ height=»131″ alt=»1369858049″ style=»float: left;» />

         Бір де бір мемлекетте біздегідей қылмыстар туралы өтініштер мен  хабарламаларды  электрондық тіркеу  жүйесі ТМД-ның бірде-бір  мемлекетінде жоқ. Ресей, Украина, Беларусия  Ішкі істер органдарының  мамандары қазір  ҚР Ішкі істер министрлігінің тәжірибесін үйреніп    жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР  ІІМ вице-  министрі Марат  Демеуов мәлім етті.
       «Полиция бүгінгі таңда күнделікті жасалатын қылмыстардың 90 пайызын тіркейді және тергеу  жұмыстарын жүргізеді. Осы  орайда, Бас прокуратурамен бірлесе отырып, есепке алу-тіркеу тәртібін нығайту бойынша қатаң түрде шаралар қабылданады.  Барлық ішкі істер органдарында жасалған қылмыстар жөніндегі арыз-шағымдар электрондық тіркеуден өтеді. Олардың әрбірі бойынша хабарлама талоны беріліп, сол бойынша прокуратураның «Call-орталықтары» мен SMS-қызметтері арқылы азаматтар өздерінің арыз-шағымдарының қаралу барысын бақылай алады. Мұндай жүйе ешбір ТМД мемлекетінде жоқ, сондықтан біздің елдің тәжірибесіне жүгініп отыр», — дейді М.Демеуов.
        Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының жұмыс реформалаудың арқасында азаматтардың арыз-шағымдарын қарап, шешім шығару мерзімі 3 күнге дейін қысқарды. Биылғы жылдың өзінде азаматтардың 1,7 миллионнан астам арыз-шағымы қаралған. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика