«Тойотаның» қосалқы бөлшектерін сатуға қатаң тыйым салынды

tories/toyota_land_cruiser.jpg» width=»250″ height=»188″ alt=»toyota_land_cruiser» style=»float: right;» />

         Baq.kz — Көлік бөлшектері енді таптырмайды! Алматыда барлық автодүкендер жаппай жабылып жатыр. Себеп — «Тойота» деген тілдей сөзде. Кеден Одағының арнайы тізіміне енген әйгілі компания авторлық құқығын алға тартып, бұдан былай аты жазылған тауарды сатуға қатаң тыйым салған. Сатушылар тек қолдағы тауарларын жойып қана қоймай, үстеме ақы ретінде компанияға тағы 100 мың теңге айыппұл төлеулері тиіс екен. Бұған наразы саудагерлер бүгіннен бастап жаппай наразылық шарасына көшкен.
        «Тойота» сөзі тайға таңба басқандай Александрдың барлық тауарында сайрап тұр. Десе де, кәсіпкер енді атақты компанияның рұқсатынсыз оның бірде бірін сата алмайды.
       Александр Сундуков, кәсіпкер: 
       — Біз барлық дүкендерімізді жаптық. Сатуды тоқтатыңдар деген «Тойотаның» ескертпе қағазын барлық автодүкендер алды. Бұл тауарларды адал ақшамызға сатып алып келдік. Кеденде рәсімдедік. Заңсыз тауар мұнда жоқ. Сондықтан құқығымыздың қорғалуы талап етеміз.

       Бұл қоймада кемінде жүз миллион теңгенің тауары жатыр. Кәсіпкер оларды Ресейден әкеліпті. Бірақ, «Тойота» мұның бәрін контрафакті көріп отыр. Сатса, сотқа бермек. Салдарынан, бүгіннен бастап барлық автодүкендер наразылық шарасына көшті. Яғни, жұмыс орындарын тастап, сауда жасауды біржола тоқтатқан.

       Әдетте, мұнда 8 бірдей қызметкер жүргізушілерге көлік бөлшектерін өткізетін. Алайда, бүгін олардың бірі де жоқ. тіпті, телефондарға да қоңырау келіп жатқан жоқ. Дүкен іші тып-тыныш. Дәл бүгін Алматы қаласында осылайша, 30 автодүкен жабылыпты. Әйгілі марка иегері ортақ бір мәмілеге келмейінше, кәсіпкерлер ешкімге де фильтр немесе ароматизатор, ешқандай да қосалқы бөлшектер сатпаймыз деп бекініп отыр.
tories/TOYOTA_LOGO_NEW_2008.jpg» width=»250″ height=»218″ alt=»TOYOTA_LOGO_NEW_2008″ style=»float: right;» />

       Хайрадин Исмаилов, Алматы қаласының тұрғыны:
       — Көлігіме қосалқы бөлшектер алуға келген едім, бәрі жабық. Дүкенде жан жоқ. Автокөлігімді енді қалай жөндетпекпін?
      Алып автодүкендер тұрмақ, қаптаған қарабайыр қосалқы бөлшек сатушылар да қарасын батырған.
      Руслан Әбілов, сатушы:
      — Жоқ, олар шыққан жоқ, қазір бұл жерден таба алмайсыз, 1-2 магазин бар еді төмен жақта, оларды жауып тастады уже. Олардың 3-4 күн болды жабылғанына, Тойотаның запчастін сатып отырғандар жабылып қалды.
      Енді «Тойотаның» алдында «айыпты» автодүкендер компанияның талабын орындап қанай қоймай, ол бекіткен 100 мың теңге айыппұлды Бельгиядағы мекенжайға жөнелтулері керек. 20 күннен кешіктірсе, істері сотқа өтпек.
      Юрий Болотов, «Тойота» компаниясының ресми өкілі:
      — Айыппұлдың көлемі 470 еуро. Біз Қазақстан Республикасының заңына сай әрекет жасап отырмыз. Кері жағдайда, қаржы полициясына жүгінетін боламыз.
      Қазір Алматы қаласы бойынша 60 дүкен «Тойотаның» қара тізімінде. Десе де, бұл тек бастамасы ғана. Өйткені өзінің авторлық құқығын жақын күндері «Лексус», «Мерседес», «БМВ» сауда белгілері де қорғамақшы екен. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика