Лама Шариф мемлекеттік мекемелерде намаз оқуға тыйым салыну себептерін атады

«Дінді ұстанған мемлекеттік қызметкерлер мекемеде намаз оқи алмайды, өйткені кабинетте өзге діни сенімдегі бірнеше қызметкер отыруы мүмкін. Осы жағдайды ескере отырып, біз өзге дінге сенушілердің ар-ождан құқығын сақтаймыз және қорғаймыз», — деді Қ. Лама Шариф.

«Бiз мынадай дәлел келтіреміз. Мына көріністі көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Дәрігер мемлекеттік мекемеде құлшылық жасауда. Осы уақытта апатқа ұшыраған, хал үстіндегі науқасты алып келді. Дәрiгердің намазды бұзуға құқығы жоқ. Осы орайда біз тыйым салу туралы шешiм дұрыс деп ойлаймыз», — деп толықтырды Қ. Лама Шариф.

 Оның сөзіне қарағанда, бұл әскери қызметкерлерге де қатысты.   

«Егер әскери адам күзетте тұрғанда, намаз уақыты келсе, ол күзетті тастап, құлшылық жасауға кете алмайды. Біз жаңа заң жобасында діни сенім Конституция алдындағы міндеттемелерден жоғары тұрмайтынын нақты көрсетіп жаздық», — деп атап өтті Қ.Лама Шариф.

Еске сала кетейік, Қазақстан мемлекеттік мекемелерде, оқу орындарында, ауруханаларда, әскери бөлімдерде намазханалар ашуға тыйым салды. Бұл орындарда намазхана ашу заңсыз болып есептеледі. Ол үшін айып салынады.  

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика