Қытайда бір айға созылатын айтыс өтеді

tories/61539_33373_17.jpg» width=»290″ height=»262″ alt=»61539_33373_17″ style=»float: right;» />

        ҚХР-ға зерттеу жұмыстарымен барған М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдары ондағы қандастардың айтыс өнеріне қатысып, біраз мағлұмат алып қайтты. Дүрбілжіндегі әкімшілік ғимаратының алдына жиналған халық аудан көлемінде бір ай бойы өтетін ақындар айтысын тамашалайды. Кейінгі жылдары айтыстың ережесі өзгертілген. Бұрын бір-екі күнге созылатын іс-шара кейін тұтас бір айға жалғасатын болыпты. Бұл туралы «Қазақстан» ҰТА-ның сайты хабарлап отыр. 
        Басты себеп — уақытқа байланысты ақындардың мүмкіндігін шектемеу. Айтыс көрермендердің жиналуына орайластырылып, аптаның бейсенбі, сенбі, жексенбі күндері кешкі уақытқа белгіленген.
        Әр күні бір ғана жұп айтысып, қарым-қабілетін көрсете алады. Ақындарға баға беру де оңтайлы шешімін тапқан. Қазылар алқасының бағасымен қоса, көрермендер арасынан іріктелген тәуелсіз сарапшылар шешімі де есепке алынады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика