tories/14.jpg» width=»350″ height=»223″ alt=»14″ style=»float: left;» />
Қазақстан және Қытай арасындағы екі жақты тауар айналымы ағымдағы жылғы 10 айдың ішінде 18,59 млрд. долларға жетті, деп хабарлайды ҚХР ШҰАР кеден қызметінен.
Қытай кеденінің мәліметтеріне қарағанда, екі жақты тауар айналымы ағымдағы жылдың қаңтарынан қазанына дейінгі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 18,6%-ға ұлғайып, 18,59 млрд. долларды құрады.
Қытайдан Қазақстанға жеткізілетін экспорт көлемі 22,3%-ға өсіп, 8,26 млрд. доллар болды, ал Қазақстаннан Қытайға импорт көлемі 15,8%-ға өсіп, 10,33 млрд. долларға жеткен.
Қазақстанға Қытай экспортының құрамында тоқыма және киім ($3,24 млрд.), машина құрастыру және электроника ($2,45 млрд.), аяқ киім ($800 млн.) және ауыл шарушылығы өнімі ($140 млн.) басым.
Еске сала кетейік, 2012 жылдың қорытындысы бойынша екі жақты тауар айналымы 24 млрд. долларды құрады. Қазақстан мен Қытай 2015 жылы өзара тауар айналымының көлемін 40 млрд. долларға жеткізуді жоспарлауда.
Жақын күндерде Бейжіңде Қазақстан кеден қызметтерінің басшылары елдер арасындағы жоспарланған тауар айналымы көлемін мерзімінде жеткізу үшін кедендік ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Сонымен қатар, 2013 жылдың аяғына дейін «Бақты» (Қазақстан) және «Покиту» (Қытай) кеден бекеттерінде ауыл шаруашылығы өнімімен жеделдетіп жүк өткізуге арналған «жасыл дәлізді» ашу туралы шешім қабылданды.
.
Қазақпарат.
Leave a Reply