ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспектор бос уақытында барымташыларға ұрланған жылқылармен полицейлер кордонынан өтуге көмектескен. Ол куәлігін көрсетіп, оның әріптестері ешқандай күдіксіз өткізе берген.
Барымташылар тобы 2013 жылдың сәуір айынан бері мал ұрлаумен айналысып келген. Сол кезден бері Ордабасы ауданының тұрғындары полицияға олардың жайылымдағы жылқыларын белгісіз біреулердің ұрлап жатқаны жайлы арызданған. Тәртіп сақшылары 175-бап бойынша қылмыстық іс қозғады және қылмыскерлерді іздеуге көшті.
Жедел шаралар барысында ОҚО-ның Ордабасы және Сайрам аудандарының төрт тұрғыны ұсталды. Олардың біреуі тергеу барысында полиция пунктінен өту кезінде полиция қызметкерінің көмектескенін айтты. Погон таққан құпия адам есімі аталғанан кейін белгілі болды. Ол Шымкент мектептерінің бірінде кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша жұмыс істейтін полицияның аға лейтенанты болып шықты, тәртіп сақшылары өздерінің әріптестін қамауға алды. Тәртіптік комиссияда оны ішкі істер органдарындағы жұмысынан босату туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта қылмыстық топтың тағы екі күдіктісі іздестірілуде. Олардың біреуі ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырды деп күдіктеліп отыр. Екіншісі бұрынғы поолиция қызметкерлері, мал ұрлаушыларға көмек көрсеткен.
Бірнеше ай ішінде мал ұрылары жайылымнан 60 жылқыны айдап әкеткен, одан келген жалпы залал мөлшері 15 млн. теңгені құрды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Leave a Reply