Шымкент қаласының әкімі С.Сатыбалды қаладағы «3-Энергоорталық АҚ» басшысы Р.М.Тұрдаханов және Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі бірлесе отырып, үш жақты меморандумға қол қойды.
Осы меморандум пәрменімен облыс орталығында барлығы 221, соның ішінде 106 Ұлы Отан соғысының ардагері, 16 cоғыс мүгедегі,соғыстан оралмаған майдангерлердің 7 жесірі тұратын үйлер қыс мезгілінде елу пайыз жылумен тегін қамтамасыз етілетін болады. Егер түрлі себептермен тиісті орындарда тіркелмеген ардагерлер болса, әкімшілікке немесе ардагерлер кеңесіне келіп құжаттарын дайындап, жасалып жатқан жағдайдың шарапатын көруіне болады.
Сондай-ақ, Шымкентте биыл бірқатар коммуналдық қызмет түрлеріне төлем бағасы көтеріліп отыр екен. Судың кубы 40 теңге 13 тиын, жылу шаршы метріне 86 теңге 94 тиын, ал газ кубына 24 теңге 97 тиын.
ЖАРЫЛҚАСЫН ҮСЕНТАЕВ «ҚЫЗМЕТ» газеті
Leave a Reply