Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елбасының қатаң талабы — сыбайлас жемқорлықты болдырмау, онымен барынша күресу. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 6-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдар деп барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті делінген. Кез-келген мемлекет құқықтық жүйесінің негізгі прициптеріне, сәйкес, адалдықты және параға сатылмаушылықты, ашықтық пен жауапкершілікті бейнелейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді және үйлесімді саясатын жасайды, жүзеге асырады немесе жүргізеді.
Осы талаптарды біле тура, кейбір азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер қателер жібереді. Мүмкін, заңды білмегеннен, әлде бір жолға ештеме болмас деп, қаншама адамдар өзінің көп жыл атқарған жұмыстарын, көп жыл бойы жинаған тәжірибелерін жоққа шығарады.
Барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлық бойынша жұмыстар жүргізіледі. Дегенмен, әлде де күрес жүргізу қажет. Ол үшін басты мақсат — жастарды жұмысқа қабылдағанда, заң бойынша тек қана тестпен шектелмей, жемқорлыққа байланысты болған жайттарды бейнетаспаға түсіріп — қай жерде жемқорлыққа байланысты қандай әрекеттер жасалғанын көрсетіп, артынан қандай нәтиже болғанын түсіндіріп, сұхбат жүргізу қажет. Өйткені, жастар қазіргі таңда жаңалықтарды тыңдай бермейді, заңдарды ұғынуға құлықты емес.
Сол себептен, жинақталған материалдарды жаңартып, жастардың және жаңадан қабылданған қызметкерлерге жемқорлық жасаған адамның тағдырын дұрыстап жеткізіп, қатты тәрбие беру қажет. Барлық мекемелерде жас қызметкерлерге тәлімгер белгілегенде, оның құзыретіне жұмыстың бағытын үйрету мен қоса жемкорлыққа байланысты әңгіме жүргізуді міндеттеу қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына айыпты адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық, кеден және шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен әскери полиция органдары жүзеге асырады.
Дегенмен, көбісі, қасында жүрген қызметкердің дұрыс жолдан тайып жүргенін байқасада, мән бермей, «өзі біл-сін» деген идеология қалыптасып кеткені байқалады. Осындай көзқарас – жемқорлыққа жол береді. Егер Қазақстан азаматы қасында жүрген қызметкерге дұрыс жол сілтеп, жасап жүрген қылығы дұрыс емес екенін сыпайы түрде жеткізіп, адамдар бір-біріне жаны ашып, келешегіне қауіп төніп тұрғанын, тек қана өзін ойламай, ата-аналарын, бауырларын, жанұясын қорғау үшін дұрыс жолмен жүргенін қалайтынын айтып жеткізіп отырса, қасындағы адам ойланып, мүмкін айтқанын тыңдап, жемқорлық жасаған адамдар отыз-қырық процентке аз болар еді.
Дина Мейірханқызы СМАЙЫЛОВА,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының жетекші маманы.
Leave a Reply