Түркістан облысы Келес ауданында қыс маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Өйткені, қаһарлы қыс мезгілінде ауыл мен елді мекендердің, аудан мен қаланың арасын жалғап жатқан жолдың қауіпсіз болуы тұрғындар үшін қай кезде де маңызды. Сонымен қатар жергілікті маңызы бар жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау мәселелері де өзекті.
Келес аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, аудан аумағындағы аудандық маңызы бар және ішкі көшелердегі автомобиль жолдарына 2021-2022 жылдың қыс мезгілінде қар-мұздан тазалау жұмыстарына, сонымен қатар жолға құм, тұз, инертті материалдарын шашу жұмыстарын жүргізу үшін «Келес – тазалық 2050» ЖШС-мен келісімшарт жасалынған.
Келісімшарт бойынша мердігер мекеме 2022 жылдың ақпан айының соңына дейін автомобиль жолдарын қар-мұздан тазалап, оның бетіне құм, тұз секілді инертті материалдар шашу жұмыстарын жүргізеді. Сметалық құжаттама бойынша автомобиль жолына 120,0 тонна құм және тұз шашу жұмыстары атқарылатын болады.
Мердігер мекеменің техникалық базасында екі су тасымалдаушы, бір көше тазайлайтын арнайы теника, бір құм-тұз таситын көлік, бір жүк тиегіш, екі трактор мен тіркемелері бар. Олардың барлығы қыс кезінде тоқтаусыз жұмыс жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, серіктестік құрамында он екі азамат тұрақты жұмыс істейді.
Leave a Reply