Бүгін ҚР Парламентінің Мәжіліс палатасына төраға болып Ерлан Жақанұлы Қошанов сайланды. Бұл жайында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли бөлісті.
Ресми өкіл таратқан ақпаратта мемлекет басшысының Жарлығымен Е.Ж.Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылғаны да қоса көрсетілген.
Ерлан Жақанұлы Қошанов бұған дейін Президент әкімшілінің басшысы болып қызмет атқарып келген. Оған дейін түрлі кезеңдерде ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің басшысы, Қарағанды облысының әкімі секілді лауазымды орындарда отырған. Ол Қарағанды облысы, Шет ауданының тумасы.
Көрнекі фотосурет ашық көздерден алынды.
Leave a Reply